Анашым - 24 Августа 2010 - Ақындар әлемі - Қазақша ән, клип, сурет, фильм. Шет ел ән, клип Жүктеу
жексенбі, 11.12.2016, 10:58

Қазақ Жастары

Пікірлер
24.12.2014
Еркін Нұржанов-Аягөз (2011)
Жазған:
Пікірі:
ереке твой музыка кл... (Жауап жазу)
18.10.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
Қалқаман бауырым ама... (Жауап жазу)
04.10.2014
МҰҢ
Жазған:
Пікірі:
кушты. онерин устем ... (Жауап жазу)
04.10.2014
Жүрексіз де көрейін өмір сүріп
Жазған:
Пікірі:
керемет туындылар. ж... (Жауап жазу)
18.09.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
рахмет калкаман аа с... (Жауап жазу)
21.04.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
kuwti,olen (Жауап жазу)
19.02.2014
Бақытгүл Бабаш - Бір арман емес пе ек?
Жазған:
Пікірі:
ИА қазыргы таңда акы... (Жауап жазу)
19.02.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
Калкаман Сарйн акын ... (Жауап жазу)
26.01.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
сиздин олендеринизге... (Жауап жазу)
27.12.2013
Жанабай-Аяла (жана нұсқа 2011)
Жазған:
Пікірі:
Magan ander ote unad... (Жауап жазу)
Жеке бұрыш
Қош келдіңіз, Қонақ
10:58
Топ: Қонақ
Қонақ Егер тіркеле алмасан merei...90@mail.ru осы почтаға хабарлас үлкен бастық ашып береді...

Шәйхана
500
Санақ
Сайтта отырғандар: 1
қонақтар: 1
мүшелер: 0

Ақындар әлемі

Главная » 2010 » тамыз » 24 » Анашым
14:39
Анашым
«Құлыным» деген бір ауыз сөзің тәтті,
Даусыңды сағындым ғой сенің қатты.
Қасымда жүрген кезде бағаламай,
Анашым өкініштің дәмін таттым.

Тіріңде қадіріңді білмедім бе?
Сөзіңді құлағыма ілмедім бе?
Сенімен қоштасам деп ойладым ба,
Қасыңда алшаң басып жүргенімде.

«Құлыным» деген сөзбен күн бататын,
«Құлыным» деген сөзбен таң ататын.
Көзімді ашпасам да бір ауыз сөз,
Жаныма күн шуағын тарататын.

Сыйпайды сосын жылы алақаның,
Шомылып махаббатқа баратамын.
Еркелеп көздерімді жұмып алып,
Тілеймін атпаса деп ала таңым.

Ұқпадым өмірдің тым келтелігін,
Көп болды бір өзіңе еркелігім.
Сыйпайды енді кімнің алақаны!
«Құлыным» деген сөзді шертеді кім!?

Көзімді еркелемей ашар едім,
Не айтсаң,
барлығында жасар едім.
Анашым бір секундқа көзіңді ашсаң!
Құшақтап мен мауқымды басар едім.

Армандадым бақытты етер ем деп,
Өзіңді арқалаумен өтер ем деп.
Анашым ойламаппын ешқашанда,
Осылай табытыңды көтерем деп.

Тіл алмай еркеледім жұмсағанда,
Тым ауыр болған шығар бұл сағанда.
Алланың қылғанына еш шарам жоқ,
Уыстап қабіріңе құм салам да!

Ажалың келді ғой тым төтелетіп,
Қанжармен тілді көңіл текеметін.
Көзден жас,
Жүректен қан сорғалайды,
Мойнымда қарызым көп өтелетін!

-Қош ана!!!
Көкірекке тығылып шер,
Басыңа дұға оқимын жығылып мен.
Сағынып сені анашым жеткенімде,
Алдымнан қарсы аларсың «құлыным» деп.
Категория: Айбек Қалмағанбетов | Просмотров: 8509 | Добавил: Bamxana | Теги: Анашым | Рейтинг: 4.2/5
Всего комментариев: 6
6 Тұрсынбек   (08.05.2011 18:55)
АРМАН
Өмір шіркін қатал едің жалғанда,
Кетіп барам о дүниеге арманда.
Бала сүйіп мейірімді қандырып,
Көргенім жоқ мына дүние жалғанда.

Ақ бесікті тербетпедім өмірде,
Бесік әнін салмадым ғой сазды үнмен.
Түнгі ұйқымды төрт бөлмедім өмірде,
Шер боп қатау жүрегімде бар арман.

Қалмаған соң артыңда бір тұяғың,
Ғұмырыңды жалғайтұғын дүниеде.
Әдірам боп қалғаныда дүниенің,
Мынау жалған өтіп жатқан өмірде.

Қара жердің құшағына енгенде,
Қабіріңнің басына кеп бас иіп.
Құран оқып еске алатын жан болса,
Ұрпағыңның өшпегені жалғанда.

Эй адамдар пенде болып жүргендер,
Сәл тоқталып тізе бүкші қасыма.
Құран оқып маған арнап бағыштап,
Аруағымды сен сыйлашы жалғанда.

Ертеме кеш барлық пенде келер жер,
Жай табатын бұл пәнйден жалғаннан.
Артта қалған қалың мына қара жұрт,
Естерінен шығармасын жалғанда.

Беу адам зат өмірдің өтетінін ұмытпағайсыңдар, аз күншілік өмірде сыйласып өткенге не жетсін.Ата,әже,әке,ана, аға,әкпе,іні,қарындас, бауырлар,баллар - деген ұғымдарды еш бір нәрсеге алмастыра алмассың және сатыпта ала алмассың.Бірақ, бірақ кейбіреулер соны әлі күнге дейін түсіне алмай жүрген сияқты.


5 Тұрсынбек   (08.05.2011 18:47)
Бұл екі шумақ өлеңді жауап ретінде жазып отырғаным, бірінде жас анаа перзентінен жеріп жас сәби тастанды болып қалса, ал екіншісінде аяалап баққан балағатқа жеткізген баласы анасын қартар үйіне өткізіп, сол ананың қандай күйзеліске тісіп көз жұмғанын, ал немересі әкесінің ісін құптамай әжесн іздеп қабіріне кез болғанын өз білгенімше өлең шумақтарына енгіздім, бұл қазіргі кездегі жаңа қазақтардың күнделікті тірлігі десем жаңылмаспын.Беу адамдар азырап тоқталып ойланайықшы өз әрекеттеріміз туралы, өмір өтіп кеткен соң опық же немесе опық жеме одан келер пайда барма. Адамдар осы өмірде бір бірінің қадірін тірі жүргенде білулері керек.Ал мына өлеңмен бір перзент көруге зар болған ананың жан сырын жырладым деп ойлаймын.

4 Тұрсынбек   (08.05.2011 18:39)
Немересі көп жылады, көздің жасын тыия алмай,
Жылап жатып жоқтау айтты әжесіне ол арнап.
Сай сүйекті сырқыратты, жүрек сонша езілді,
Куә болып тұрды оған, қара бұлтты көк аспан.

Бұрылып сонда келді қайтып жол нұсқаған кейуана,
Балақайдың езілгенін көрді көзбен ол ғана.
Басу айтып балақайға, тежеді ол көз жасын,
Сенің әжең ырза болар іздері бар артында.

Бата берді ол кейуана, бұл қабірдің басында,
Жатқан жері пейіш болсын жан әжеңнің балақай.
Есіңе алып келіп тұрғың сен әжеңнің басына,
Одан артық қажет емес бұл пәнйде, жалғанда.

Құран оқып бағыштағың еске алып әжеңді,
Әруағы ырза болсын, аллам сені қолдасын.
Өлі ырза болмайынша тірі ешбір байымас,
Осы сөзді сен жадыңнан шығармағың ешқашан.

Сонда бала жылап жатқан көтерді ғой кеудесін,
Көздің жасын сүртіп жатып былай деп ол сөйледі.
Әкеткенде әкем менің әжемді қарттар үйіне,
Бұғанағы қатпаған мен әліде жас бала едім.

Әкем бізді алдап қойды, әжең курорт кетті деп,
Бірақ жүрек бір жамандық сезіп тұрды әрқашан.
Ес білген соң қоймай жүріп анықтадым бұл жайды,
Содан кейін жолға шығып іздеп таптым бұл жайды.

Қайран әжем қор болдың-ау білмеді ғой жан балаң,
Қасиетіңді, қадіріңді, мынау өткен жалғанда.
Аман болсам орнатармын басыңа әкеп көк тасты,
Аруағың ырза болсын, қорғап қоршап сен жатшы.

Айтқан сөзін, көп кешікпей жасады бұл немере,
Аста берді әжесіне, құран оқып бағыштап.
Бірақ, бірақ орны толмас көкірегінде қайғы тұр,
Амалда жоқ, айлада жоқ келтіретін орнына.

Содан кейін бұл немере ертіп барды әкесін,
Бейітіне әжесінің, жырақ тұрған мазарға.
Жалғыз ауыз сөзді айтты әкесіне ол арнап,
Әдірем боп қалғаныда басыңдағы бағыңның.

Қадірлемей өтіпсің сен жан анаңды әкешім,
Қалай ғана үміт артып бақытты боп жүргенсің.
Жан анаңды қорлапсың ғой мынау өткен жалғанда,
Кетті-ау әжем бұл дүниеден, ол дүниеге арманда.

Бір уыс топырақта бұйырмапты сеннен әжеме,
Қалай ғана дәтің барып жер басып сен жүргенсің.
Ақыл айтып балаларыңа көрсетпепсің бет пердеңді,
Бүгін міне анық болып айқындалды бар жайың.

Ғұмыр кешу адалдықпен, әр бір жанға бұйырған,
Адалдықты аттағандар бұл жалғанда аз емес.
Тіршілігін күнімдікпен өткізетін жандар бар,
Бірақ, бірақ өмір шіркін таразылар барлығын.

Беу адамдар пенде болып бұл жалғанға келгендер,
Аяалаңдар аналарды, қадірлеңдер дүниеде.
Өткенен соң бұл жалғанан опық жеуден не пайда,
Аналарды аялаңдар, мынау өткен жалғанда.

Тағдырларды тәлкек етіп қорламаңдар анаңды,
Ажарларын нұрлантыңдар ғұмырында тірлікте.
Соңғы демі шыққанынша көңілдерін қалдырма,
Жан анашың бақытты боп ғұмыр кешсін жалғанда.

Сонда ғана сен ақтарсың анашыңның ақ сүтін,
Бақыт, дәулет келер саған, бақта қонар басыңа.
Ақ жаулықты аналарды қадірлейік жарандар,
Мына жалған бәрімізге мейрімділік сыйласын.

Қарт әжелер қамалымыз бізді қорғар әрқашан,
Аналарға бала болып мәңгілікке біз қалған.
Дүниені төрт айналып шықсақдағы жалғанда,
Анаң барда қажымассың қартаймассың әрқашан.


3 Тұрсынбек   (08.05.2011 18:38)
ТЕРЕЗЕДЕН МЕН КӨРЕМІН БІР ЖАНДЫ

Терезеден мен көремін, қарап тұрған бір жанды,
Мөлдіріген қос жанары, мұңға толы тұнығы.
Көз алмайды тысқа қарап, өткен кеткен жандарға,
Тұрғандай ол айталмай, жалғыз ауыз сөз ғана.

Тоқтап оған көңіл бөліп, жатқан жанды көрмедім,
Сондадағы көз алмайды, жаутаң қағып жанары.
Телміреді терезеге күтеді ол, ұзақ жолдан біреуді,
Кірпік қақпай қара жолға, қарап тұрды кейуана.

Мұнда алдаумен әкеліпті, оны туған баласы,
Айналайын қалай ғана, тастап кетті қарт анасын.
Жанарынан күйзелісін, сезгенмен амал жоқ,
Қолдан келер ана арманын, мәңгілікке жалғайтын.

Телміреді терезеге, тесілледі, қарап ұзақ далаға,
Күтеді ана кеп қалар деп, жан ботасын, баласын.
Неге сонша тас жүрек боп, жаратылған баласы,
Ат ізінде бір салмады, тастап кеті-ау анасын.

Арманда боп құсалықпен, өтіп жатты күндері,
Қарттар үйі пана болып, кейуананы қорғады.
Жатар төсек, ақ дастархан, қарт анаға жайылып,
Соңғы тұрақ мұнда болып, мәңгілікке қалғаны.

Медбикелер мұнда істеген ілтипатпен қарайды,
Қарт әженің көңілінде кей уақытта аулайды.
Жұбатады қарт әжені басу айтып әлпештеп,
Мүсіркейді халін біліп қосылып ап жылайды.

Еске алады ол кейуана, немересі мен келінін,
Еш жамандық айта алмайды, қиянатқа қимайды.
Келінім мен немерелер көресіңдер келеді,
Алып мені мына жайдан үйге біздің кетеді.

Қолы тимей жүрген шығар жан ботамның келуге,
Жұмысы оның қиын еді, бос уақыты болмайтын.
Әлі өзі келіп менің хал жайымды ол білер,
Содан кейін үйге мені жан боташым әкетер.

Көзде жұмды кейуана жан, күтуменен күн өтіп,
Бірақ бала онан туған,бір келмеді-ау хал біліп.
Көз жұмарда кейуананың, соңғы сөзі айтқаны,
Балам аман болса екен, ғұмырымды жалғасын.

Немересі келді іздеп, жылдар өтіп кеткенен соң,
Қарт әжесін таба алмады, қайғы басты қабағын.
Сонда келіп бір кейуана, сұрады одан хал жағдай,
Кімді іздеп, жүресің сен, айтшы маған балақай.

Ұқанан соң бұл баланың, кімді іздеп жүргенін,
Көрсетті ол төбедегі бейіттерді қол нұсқап.
Сонда жатыр әжең сенің, аруағына тағзым ет,
Баласынан жетпегені, немереден бұйырсын.

Барды онда бұл балақай көп іздеді қарады,
Бір төбешік болып жатқан бейітке ол қарады.
Жалғыз ғана тақтайша тұр онда тегі әженің,
Жер құшақтап жасын төкті немересі баласы.


2 Тұрсынбек   (08.05.2011 18:34)
ШЫРЫЛДАЙДЫ ЖАС СӘБИ
Жас сәби шырылдайды батты-ау даусы,
Қайда екен жұбатпайма оны анасы.
Қарлыққан даусы оның қатқан сіле,
Қарайтын қабағына барма-ау пенде.

Анасы тастап кеткен бұл баланы,
Туғаннан тұлым жетім ол атанды.
Көрген жоқ шапағатын ата-ананың,
Жеріді оны тапқан жан анасы.

Дүние-ай неткен қатал едің мұнша,
Өмірге келдірдің ғой жетім бала.
Апа деп айта алмады ешбір жанға,
Бұдан өткен зұлымдық болмас сірә.

Дүниеге келді деп жан қуанбаған,
Тегі де белгісіз боп жетім қалған.
Бөлемеген бесікке оны анасы,
Тұсауында кеспеген ешбір адам.

Атанды ғой тастанды бұл өмірде,
Әкеде жоқ, шеше жоқ бұл дүниеде.
Қанша қолын созсада жете алмайтын,
Күн сияқты болды ғой әке-шеше.

Сондадағы қу жүрек лүпілдейді,
Тықпыштайды түкпіріне жалғыз ойды.
Күтуден ол жалықпайт бұл өмірде,
Келіп қалар деп ойлайды әке-шеше.

Өмір бойы күтуден зарықпассың,
Анаң болса қасыңда тарықпассың.
Маңдайыңнан иіскесе мейірленіп,
Өткен күннің азабын ұмытарсың.

Бірақ-бірақ тағдырдың бұл жазғаны,
Шетке кетіп барады жырақта елден.
Қандай адам келісіп бұл бір жаймен,
Қандай адам берді екен рұқсатты.

Беу дүние ай салдың ғой сен тәлкекке,
Бұғанағы қатпаған бұл баланы.
Шығарыпты шешімін бір төреші,
Жатқа қиып жетімді ол жіберді.

Шырылдайды жас сәби баттау даусы,
Арашалар жан жоқпа, халықым айтшы.
Жетімі мен жесірін бермес қазақ,
Қайда қалған ел басы мен ағалары.

Заң шығарған парламент, мүсіркеген,
Жетімдерін қорғамай не істеген.
Әлде қазақ көпбеді жатқа берер,
Айтыңдаршы ағайын халқым енді.

Айта алса жас сәби өз жағдайын,
Келіспесі нақақ қой бұл шешіммен.
Бармас еді жат жерге өзге елге,
Өз елінде су ішседе күн көреді.

Мөлдірейді қара көзде мөлдір жасы,
Жас сәби сұрайды елден арашашы.
Өзге елде сұлтан болып жүргенінше,
Өз елінде ұлтан боп жүрген жақсы.

Түсініңдер адамдар өмір мағынасын,
Қазағымның шаңғырағы шайқалмасын.
Әр жетімді жебегің шығар шыңға,
Қазақ сондай пейілмен болған мырза.

Оңды солды шығармай шешіміңді,
Байыппенен қарағың әр бір жайытқа.
Содан кейін шығарғың шешіміңді,
Қалсын қазақ жетімі ел-жұртында.

Одан көрі құныттағың сен заңыңды,
Тастамасын ешбір ана жас сәбиін.
Жаса соған жағдайды, тәуелді ет,
Заң бұзбасын қазақтың әр баласы.

Жерісе егер анасы шығар заңды,
Ғұмырында дақ болсын мәңгі қалсын.
Анықтағың атасын бұл баланың,
Заң алдында жауапқа ол тартылсын.

Міне сонда тастандылар болмас елде,
Қазағымның бұзылмас еш қаймағы.
Шырылдамас жас сәби батпас даусы,
Әлпештейтін табылар жан анасы.

Беу адамдар пенделер ғұмыр кешкен,
Бас иеиік аллаға барша алдында.
Санасайық жетіммен қазағымның,
Демеп жебеп өтейік бұл жалғаннан.

Көп түкірсе көл болар бұл дүниеде,
Жағасында жайқалар жасыл желек.
Әр қазақтың жетімін жетілдіріп,
Шың басынан мұнарғып танытайық.


1 Bamxana   (24.08.2010 14:40)
Анағой менин жаным)!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]