АНАШЫМ - 27 Августа 2010 - Ақындар әлемі - Қазақша ән, клип, сурет, фильм. Шет ел ән, клип Жүктеу
жексенбі, 11.12.2016, 10:54

Қазақ Жастары

Пікірлер
24.12.2014
Еркін Нұржанов-Аягөз (2011)
Жазған:
Пікірі:
ереке твой музыка кл... (Жауап жазу)
18.10.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
Қалқаман бауырым ама... (Жауап жазу)
04.10.2014
МҰҢ
Жазған:
Пікірі:
кушты. онерин устем ... (Жауап жазу)
04.10.2014
Жүрексіз де көрейін өмір сүріп
Жазған:
Пікірі:
керемет туындылар. ж... (Жауап жазу)
18.09.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
рахмет калкаман аа с... (Жауап жазу)
21.04.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
kuwti,olen (Жауап жазу)
19.02.2014
Бақытгүл Бабаш - Бір арман емес пе ек?
Жазған:
Пікірі:
ИА қазыргы таңда акы... (Жауап жазу)
19.02.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
Калкаман Сарйн акын ... (Жауап жазу)
26.01.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
сиздин олендеринизге... (Жауап жазу)
27.12.2013
Жанабай-Аяла (жана нұсқа 2011)
Жазған:
Пікірі:
Magan ander ote unad... (Жауап жазу)
Жеке бұрыш
Қош келдіңіз, Қонақ
10:54
Топ: Қонақ
Қонақ Егер тіркеле алмасан merei...90@mail.ru осы почтаға хабарлас үлкен бастық ашып береді...

Шәйхана
500
Санақ
Сайтта отырғандар: 1
қонақтар: 1
мүшелер: 0

Ақындар әлемі

Главная » 2010 » тамыз » 27 » АНАШЫМ
10:58
АНАШЫМ
Асыл ана !
Түсімде көрем сені,
Бұрынғыдай емессің неге еңселі?
Мен білсем саған деген сағыныштың,
Осынау, жұмыр жерде жоқ өлшемі.


Тербеп сол сағыныштың күшті ырғағы,
Елжіреп елесіңді құштым тағы.
Хат байлап қанатына жіберер ем,
Бармайды – ау, біздің жаққа құстың бәрі.


Не таптым, белден кетіп бетегелі?!
Қалаға қаңғыбас ой жетеледі.
Жақұттап жазу үшін осы өлеңді,
Бастауыш білімім де жетер еді.


Дүние шыр айналып шарайнадай,
Қала бердің жолыма қарай-қарай.
Қайырымсыз қалаға .
Мейірімді,
Қалдырып кете бергем қалай ғана – ай?!


Ал, бүгін ақын болды ақылды ұлың,
Жанымды жегідей жеп жатыр мұңым.
Анашым ! арнамасам саған өлең,
Адыра қалатындай ақындығым.


Білмеймін, бұл қаладан бақ табам ба?
Жабығып жүргендеймін жат ғаламда.
...Тарылған көшелері тас қаладан,
Тарыдай бір мейірім таппағанда.

...Сені сағынып кетем, АНАШЫМ !

Ақмола. 1995 жыл.
Категория: Қалқаман Сарин Айымғазыұлы | Просмотров: 3248 | Добавил: Bamxana | Теги: Анашым | Рейтинг: 4.2/43
Всего комментариев: 10
10 Ақерке   (13.05.2013 16:42)
Әрине, ана туралы толғанбайтын жұмыр басты пенде жоқ шығар бәлкім?! Қалқаман аға бұл өлеңіңіз керемет екен.Ақ жаулықты аналарымыз аман болсын!

9 Димара   (03.07.2012 13:14)
Керемет! Калкаман онер!н!з орге озсын.

8 Гүлмоншақ   (01.05.2012 14:19)
Мен де анамды сағынып кеттім ғой! Тамаша жыр! Алла сыйласын,Ага!!!

7 Ақжігіт   (13.04.2012 14:53)
Шынымды айтсам, осы өлеңіңізден кейін сіздің шығармашылығыңызбен таныса бастадым! Қалқаман аға, қаламыңыз шыңдала берсін! Осындай жырлар күтемін өзіңізден...)

6 Жамал   (18.02.2012 17:30)
Керемет!!! Аяулы аналар ар қашан бақытты болсын !!! Сізге разымын Қалқаман аға!!!

5 Данышпан   (28.01.2012 22:44)
Тамаша! Маган оте унады... Осындай аяулы Аналар туралы олендер жарык коре берсин кыл каламыныздан...

4 Жансая   (04.11.2011 14:10)
Өлеңдерңіз әдемі екен, жүректен шыққан сөз жүрекке жетті.)))))

3 Мадина   (04.11.2011 14:07)
Сізге Алла разы болсын. Екі дүниенің бақытын берсін!

2 Сағыныш   (14.10.2011 09:17)
Қалқаман аға шабытыныз шарықтай берсін. Мен сізге ризамын. Анадан бір ақ туылар дарынды тұлға екеніңізді білгейсіз. Мұқағали ақыннан кейінгі номері бірінші ақынсыз.

1 Жебе   (08.09.2011 20:32)
Кей ақындардың құлағына алтын сырға, өлеңді жазғансоң осылай жазу керек

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]