АУЫЛҒА БАРДЫМ... - 6 Сентября 2010 - Ақындар әлемі - Қазақша ән, клип, сурет, фильм. Шет ел ән, клип Жүктеу
жексенбі, 11.12.2016, 10:55

Қазақ Жастары

Пікірлер
24.12.2014
Еркін Нұржанов-Аягөз (2011)
Жазған:
Пікірі:
ереке твой музыка кл... (Жауап жазу)
18.10.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
Қалқаман бауырым ама... (Жауап жазу)
04.10.2014
МҰҢ
Жазған:
Пікірі:
кушты. онерин устем ... (Жауап жазу)
04.10.2014
Жүрексіз де көрейін өмір сүріп
Жазған:
Пікірі:
керемет туындылар. ж... (Жауап жазу)
18.09.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
рахмет калкаман аа с... (Жауап жазу)
21.04.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
kuwti,olen (Жауап жазу)
19.02.2014
Бақытгүл Бабаш - Бір арман емес пе ек?
Жазған:
Пікірі:
ИА қазыргы таңда акы... (Жауап жазу)
19.02.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
Калкаман Сарйн акын ... (Жауап жазу)
26.01.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
сиздин олендеринизге... (Жауап жазу)
27.12.2013
Жанабай-Аяла (жана нұсқа 2011)
Жазған:
Пікірі:
Magan ander ote unad... (Жауап жазу)
Жеке бұрыш
Қош келдіңіз, Қонақ
10:55
Топ: Қонақ
Қонақ Егер тіркеле алмасан merei...90@mail.ru осы почтаға хабарлас үлкен бастық ашып береді...

Шәйхана
500
Санақ
Сайтта отырғандар: 1
қонақтар: 1
мүшелер: 0

Ақындар әлемі

Главная » 2010 » қыркүйек » 6 » АУЫЛҒА БАРДЫМ...
20:43
АУЫЛҒА БАРДЫМ...
Ауылға бардым... бала күндерім кекілді,
Алдымнан шықты. Ақ жауын жуып бетімді,
Алақаныма тамшысы жылы тиеді,
Аяулы анамның аппақ жаулығы секілді.

Тірліктің мынау тозаңы тугел басылып,
Күн шықты кенет аспанның көзі ашылып.
Жазира белдің жұпар ауасын жұтамын,
Жанымның мұңын жап - жасыл желек жасырып.

Табиғат - ана бауырына басып лезде,
Мейірімін төгіп мендегі мөлдір мінезге.
Ерке күндердің елесін беріп сол сәтте,
Күннің де анау құйылып тұрды нұры өзге.

Көңілді, шіркін, көк шалғынға алса аунатып,
Сағынышымның сөнбейтін отын лаулатып.
Аспанға өрлеп, ақ бұлтқа қолым созамын,
Қиялым менің қиналмай шығып тауға тік.

Арманыма ұқсас ақша бұлттардың үлпілдек,
Жанары жасқа толып тұр тағы шүлпілдеп.
Бала күндердің есімнен кетпес елесі,
Батқан күнменен барады сөніп біртіндеп.

Шаңдақ жол жатыр шақырып тағы шалғайға,
Жазғырма мені... Жазылған тағдыр маңдайға.
Кетуге, бірақ, қия алмай тұрмын, тамсанып
Анамның берген ақ құртын салып таңдайға.
Категория: Қалқаман Сарин Айымғазыұлы | Просмотров: 1614 | Добавил: Bamxana | Теги: АУЫЛҒА БАРДЫМ... | Рейтинг: 4.0/27
Всего комментариев: 5
5 Барлық Шынқазы   (21.11.2012 16:49)
Қалқаманның "қарауыл-қараөлең" деген өлеңі маған өте ұнайды, мен аңсайтын ауыл тынысы, балалық балғын шақтағы ата-ана бейнесі мен арман тілегі жақсы көрсеткен....осы заманғы жас ақындарда бұрын соңды болмайтын сезімге бай жақсы туынды деуге болады.

4 Мадина   (04.11.2011 14:24)
Ақын намаз оқыса қақты танып
Алдымен аузындағы сөз түзелер демекші сіз сияқты қазақтық иманды ақындары көбейе берсін

3 Чика   (02.11.2011 14:26)
Шаңдақ жол жатыр шақырып тағы шалғайға,
Жазғырма мені... Жазылған тағдыр маңдайға.
Кетуге, бірақ, қия алмай тұрмын, тамсанып
Анамның берген ақ құртын салып таңдайға...

2 Арайлым   (06.09.2011 18:20)
Қаламыңыз мұқалмасын. КЕРЕМЕТ!

1 shiko-1985   (24.01.2011 09:29)
керемет күшті

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]