БҰЛ ӨМІР... - 27 Августа 2010 - Ақындар әлемі - Қазақша ән, клип, сурет, фильм. Шет ел ән, клип Жүктеу
жексенбі, 11.12.2016, 05:16

Қазақ Жастары

Пікірлер
24.12.2014
Еркін Нұржанов-Аягөз (2011)
Жазған:
Пікірі:
ереке твой музыка кл... (Жауап жазу)
18.10.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
Қалқаман бауырым ама... (Жауап жазу)
04.10.2014
МҰҢ
Жазған:
Пікірі:
кушты. онерин устем ... (Жауап жазу)
04.10.2014
Жүрексіз де көрейін өмір сүріп
Жазған:
Пікірі:
керемет туындылар. ж... (Жауап жазу)
18.09.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
рахмет калкаман аа с... (Жауап жазу)
21.04.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
kuwti,olen (Жауап жазу)
19.02.2014
Бақытгүл Бабаш - Бір арман емес пе ек?
Жазған:
Пікірі:
ИА қазыргы таңда акы... (Жауап жазу)
19.02.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
Калкаман Сарйн акын ... (Жауап жазу)
26.01.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
сиздин олендеринизге... (Жауап жазу)
27.12.2013
Жанабай-Аяла (жана нұсқа 2011)
Жазған:
Пікірі:
Magan ander ote unad... (Жауап жазу)
Жеке бұрыш
Қош келдіңіз, Қонақ
05:16
Топ: Қонақ
Қонақ Егер тіркеле алмасан merei...90@mail.ru осы почтаға хабарлас үлкен бастық ашып береді...

Шәйхана
500
Санақ
Сайтта отырғандар: 1
қонақтар: 1
мүшелер: 0

Ақындар әлемі

Главная » 2010 » тамыз » 27 » БҰЛ ӨМІР...
11:01
БҰЛ ӨМІР...
Бұл өмір қысқа құстың тұмсығындай,
Жастығың жара бермес бүршік ыңғай.
Өкініп өткен күнге өксігенмен,
Жуарсың көңіліңнің кіршігін қай?

Бұл өмір ойнап жүріп от басулар.
Кездейсоқ кездесулер, …Қоштасулар,
Таусылған тағдырларды теңдеп алып,
Келмеске кеткен сонау көп ғасырлар.

Бұл өмір жауабы жоқ, сұрағы бар,
Алдамшы арзан бақтан кім арылар?
Қаңтарда көбелек боп жауған қардың,
Көктемде көз жасына куә қылар.

Бұл өмір кімге мәнді, кімге мәнсіз?
(Сағымдай бірде жоқсыз, бірде барсыз).
«Қар жаумай, қазан ұрмай солып қалар»,
Қайтейін, ғұмырымды гүлден әлсіз.

Бұл өмір бізге мәлім өткел сынды,
Өтем деп сол өткелді көп тер сіңді.
Жазғырып жаратқанды жылаймыз ау,
Жүргендей қатар кешіп от пен суды.

Бұл өмір өтпес, өтсек біз өтерміз,
Қыс, Көктем, жасыл Жаз бен Күз екенбіз.
Тұншығып жасына әбден көзіміздің
Бір күні еріп кетер мұз екенбіз.
Категория: Қалқаман Сарин Айымғазыұлы | Просмотров: 3365 | Добавил: Bamxana | Теги: Бұл өмір... | Рейтинг: 4.2/34
Всего комментариев: 7
7 Бөбек   (11.05.2012 13:49)
Сәлеметсиз бе? Қалқаман ага! Сиздин шыгармашылыгынызга бас иемин,олендериниз оте керемет,ұйыктап жаткан адамды оятып,ауру адамды сауыктыратындай!!! шыгырмашылыгыныз орлей берсин,сизге Ак жол!Алла жар болсын озинзге!!!

6 Баянбек   (15.12.2011 15:25)
керемет

5 назым   (12.12.2011 15:41)
өте жақсы

4 Тұрсынбек   (08.05.2011 18:12)
БҰЛ ДҮНИЕ ШІРКІН-АЙ.
Бұл дүние шіркін-ай сен пенде боп келетін,
Есейерсің ер жетіп арман қуып кетерсің.
Самғарсыңда сан жылмен арпалысып өтерсің,
Бақытыма жетем деп, бұл дүниеден кетерсің.

Бұл дүние шіркін-ай өтерсіңде кетерсің,
Қанша қусам артыңнан жете алар екенмін.
Көзді ашып жұмғанша, өте шығар мекенсің,
Әлде құс боп қалықтап алыс ұшып кетерсің.

Бұл дүние шіркін-ай сағым болған адамға,
Ұстай алмай сағымды өмір бойы өтерсің.
Кейде елес болып сен көз алдыма келерсің,
Ағып түскен жұлдыздай бұл өмірден өтерсің.

Бұл дүние шіркін-ай аққан судай боларсың,
Бұлақ болып арнамен өзенге келіп құйарсың.
Теңіз болып телегей, жиекке толқын ұрарсың,
Құмға сіңіп жоқ болып мәңгілікке қаларсың.

Бұл дүние шіркін-ай жасыл шырша болмассың,
Мәңгілікке жас болып бұл дүниеде қалмассың.
Ақ жүзіңді әжімдер айғыздайды жылдармен,
Самай шашқа ақ түсіп қартайарсың бір кездер.

Бұл дүние шіркін-ай базарымда барымда,
Өмір баян болып сен жазылып енді қалдыңба.
Қолда барға мәз болып місе тұтар кез келді,
Бір алладан жақсылық сұрайтұғын кез келді.

Бұл дүние шіркін-ай алдамшы екен жалғанда,
Сағым болып өткен күн қалды бәрі артында.
Бақпен дәулет барлығы керексіз боп қалғаны,
Бұл дүние мен үшін жалған болып қалғаны.


3 Тұрсынбек   (08.05.2011 17:56)
ЭЙ ТАҒДЫР
Эй тағдырау мынау өткен өмірге сен не дейсің,
Асау өмір өзенінің арнасына ағызарма екенсің.
Өз ізімді қалдыралмай мына өткен жалғанда,
Бұл дүниеде от боп жанбай менде өтіп кетермін.

Жоқ тәйірі бұндай жолға ерік берер мен емес,
Ауыр жолын бұл өмірдің қалап алар мен адам.
Жігер беріп талайларға көкірегіне от жағып,
Нұр шашармын бұл әлемге барша жанды оятып.

Сең боп қатқан көкіректегі талай ойды оятып,
Ақ жалауды қолға алып жол бастармын өмірге.
Жаршысы боп жаңалықтың табылармын әр кезде,
Тағдырымның тәлкегіне жол бермеспін өмірде.


2 shiko-1985   (24.01.2011 09:34)
туу не деген керемет

1 Bamxana   (27.08.2010 11:01)
Бұл өмір өтпес, өтсек біз өтерміз,
Қыс, Көктем, жасыл Жаз бен Күз екенбіз.
Тұншығып жасына әбден көзіміздің
Бір күні еріп кетер мұз екенбіз.

ОСЫ жері қандай әдемі


Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]