Бақытгүл Бабаш - Бір арман емес пе ек? - 13 Января 2011 - Ақындар әлемі - Қазақша ән, клип, сурет, фильм. Шет ел ән, клип Жүктеу
жексенбі, 11.12.2016, 05:15

Қазақ Жастары

Пікірлер
24.12.2014
Еркін Нұржанов-Аягөз (2011)
Жазған:
Пікірі:
ереке твой музыка кл... (Жауап жазу)
18.10.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
Қалқаман бауырым ама... (Жауап жазу)
04.10.2014
МҰҢ
Жазған:
Пікірі:
кушты. онерин устем ... (Жауап жазу)
04.10.2014
Жүрексіз де көрейін өмір сүріп
Жазған:
Пікірі:
керемет туындылар. ж... (Жауап жазу)
18.09.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
рахмет калкаман аа с... (Жауап жазу)
21.04.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
kuwti,olen (Жауап жазу)
19.02.2014
Бақытгүл Бабаш - Бір арман емес пе ек?
Жазған:
Пікірі:
ИА қазыргы таңда акы... (Жауап жазу)
19.02.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
Калкаман Сарйн акын ... (Жауап жазу)
26.01.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
сиздин олендеринизге... (Жауап жазу)
27.12.2013
Жанабай-Аяла (жана нұсқа 2011)
Жазған:
Пікірі:
Magan ander ote unad... (Жауап жазу)
Жеке бұрыш
Қош келдіңіз, Қонақ
05:15
Топ: Қонақ
Қонақ Егер тіркеле алмасан merei...90@mail.ru осы почтаға хабарлас үлкен бастық ашып береді...

Шәйхана
500
Санақ
Сайтта отырғандар: 1
қонақтар: 1
мүшелер: 0

Ақындар әлемі

Главная » 2011 » қаңтар » 13 » Бақытгүл Бабаш - Бір арман емес пе ек?
22:22
Бақытгүл Бабаш - Бір арман емес пе ек?
Өлеңді жазған: Бақытгүл Бабаш
Бір арман емес пе ек?

Түндерден, тәтті үміт тербеген

Безгенмін. Беймезгіл елес кеп. 

Белгісіз бақытқа шөлдеген,
Екеуміз бір арман емес пе ек?

Жазылмас жараны жанға артып,
Бір арман, екі үміт – екі алау.
Сарғалдақ ғұмырды сандалтып,
Сағыныш алдайды екен-ау!

Жайықтың ол жағы – мекенің.
Бұл жағы – жанымда басқа адам.
Қос жаға – қос құрлық екенін
Ұқтырды бір тамшы жас маған.

Жабылмай пердесі қалды әйнек.
Ай куә мендегі тағдырға.
..Тіледім: сен аман болғай, - деп!
..Ал сен-ше? Ұйықтап қалдың ба?

Қайырлы түн!!!
Категория: Жас қаламгер/ақын | Просмотров: 4278 | Добавил: Bamxana | Теги: Бақытгүл Бабаш, Бір арман емес пе ек? | Рейтинг: 3.5/18
Всего комментариев: 191 2 »
19 Паршайым   (19.02.2014 10:34)
ИА қазыргы таңда акын агаларымызды үлгі етіп акындарша колдарына калам алып№журек тербеген жырларын,ой турткылеп журген сырларын кагаз бетіне тусыргысы келетындер каншама,Жас акындарымызга колдау корсетіп журген ага буын өкілдеріне алгыс білдырмесек тагар мініміз жок арйне

18 Мағыш   (02.08.2013 14:09)
Әдемі өлеңдер

+1   Спам
17 Aibek Semak   (01.06.2013 13:05)
Әр қазақ менің жалғызым!!!

Табиғаты көркем бір ел бар,
Айбынды алаш елі бар.
Даласы дархан жері бар,
Шала-қазақша тілі бар.
Жер-шары атты мына ғаламда
ҚАЗАҚСТАН атты елім бар.

Қасиетті тілім бар ҚАЗАҚ деген,
Алаулаған оттай жанбасада.
Өркениетті дінім бар Ислам деген,
Өйткені сенбекпіз біз АЛЛАҺ-қа ғана.
Жайлауы жасыл елім бар менің,
Тұлпары шауып бәйге алатын аламанда.
Қызғанышпен қарайсыңба бұл маңға,
Өйткені бұл менің мекенім нансаңда, нанбасаңда.

Әр қазақ менің жалғызым!
Болсын ол мейлі ұл-қызың.
Бол десең болам құлың,
Өйткені қазақ мен сенің ұлың!!!

Айбек Семак

16 Дінжарық   (28.05.2013 21:23)
Махаббатым қайдасың?!
Жүріпп өткен жолдарым сен айнасың
Мен іздеген махаббатым қайдасың
Сүйген жүрек сынарынсыз жүре алмас
Менің жаным көкте мүмкін айдасың

Іздейді жүрек тебіреніп жырлайды
Сенсіз жаным тағат тапуып тұрмайды
Мына өмір махаббаттан жаралған
Сенсіз жалғыз жүрек үнсіз тулайды

Өмірімнің мәні сенсің қайдасың
Сенмен жаным мына өмір жайнасын
Бакытымда байлыгым да барымда
Қайдасың сен махаббатым қайдасың

Келші жаным сенмен өмір мәндірек
Жырлайыкшы махаббатты мәңгідеп
Айдынында аққулары қалықтап
Тербетсінші сен үніңменен менен әнді кеп!!
авторы:Халым Дінжарых

15 Дінжарық   (28.05.2013 21:21)
Әсем қала-Астанам!
Әсем қала Астана жас қаласың,
Жас отауға жасампаз баспанасың.
Сәндендірген сіулетші сәулетіңді,
Әр бір ұлтқа өзіңнен бақ тарасын.
Танылған бар әлемге тамсадырып,
Сақтаған ата-салтын,әдет-ғұрып.
Ұлылықпен ұлағаттап өмірді,
Болашаққа жасампаз жоспар құрып.
Тараған жас кәрі де тамырланып
Халқымды имандылық жолға салып
Өзгелерге қол жетпес арман қала
Әлемді мойындатқан теңдік алып!
Жалындай бер көркейе бер жана бер,
Сайыстарда жүлделі орын ала бер.
Мерейімді асқақтатқан шаһарым.
Мәңгі таныл жақсы атыңмен қалбер!

14 *кара бала   (02.04.2013 00:25)
Лаураға...

Біз бақыт құшамыз ба?
Қарайсың ба Шалқардың баласына?
Алысқа ұшамыз ба?
Дед мороздың отырып шанасына.

Дұрыс жол таңдаймыз ба?
Жүрмеймін бе жабырқап жарты қалып?
Биікке самғаймыз ба?
Мыстан кемпір таяғын тартып алып.

Көз салсам жотаңызға,
Мәңгі мекен еткендей сізді көрік.
Сезім көл жұтамыз ба?
Көлтауысар ұялсын бізді көріп.

Қозғалтып қол-аяқты,
Әсер берді сендегі маған бұрым.
Жер қылып желаяқты,
Біз бақытқа жетейік одан бұрын...

Жасұлан Жақсылықов

13 Берикбол   (16.03.2013 09:19)
Сәлеметсіздерме! Бір арман емеспе ек? өлеңінің авторы Бақыткүл Бабаштың басқа қандай өлеңдері бар екен? Рахмет

12 Нұргүл   (26.11.2012 20:34)
Ұлылықтың ұйтқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағаты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.
Оқушымыз берекелі ынтымағы,
Үйретуге есепті ынтық жаны.
Талай жыл ұстаздықпен айналысқан,
Перуза апай үйретуге ұмтылады.
Орысшаны ынтаменен үйреткен,
Ботагөздей ұстазымыз бар мықты.
«125 балл алыңдар», - деп тілекпен,
Біздерді енді шығарып сап тұрады.
Химияны талмай күн – түн оқыған,
Гүлжауhар апай жатқа білген кестені.
Сол білімін біздің ойға тоқыған,
Ой - өрісі кең, білімді, зерделі.
Шеберлігін барлығына көрсеткен,
Жаңабайдай ағай мектеп шебері.
Ағаш ойып, қолдан келген бар ісі,
Ұлдарға да осы емес пе керегі?!
Қыздарға да кесте тігіп үйреткен,
Сәуле апай бар бізде мықты қолы алтын.
Үйренсін деп алға бізді сүйреткен,
Жұмсақ мінез, бұрымы ұзын, сөзі алтын.
Денсаулықты біздің әркез ойлаған,
Нұрлан ағай біздің сондай ойлы адам.
Денемізді шынықтырып жүрсын деп,
«Жаттығуды жасаңдар», - деп қоймаған!
Ең мықты биологтің бірі бізде,
Гүлмира апай білімін берді бізге.
Өсімдік, жануар мен адам жайлы,
Толығымен үйретті көрдіңіз бе?
Сол үшін де мың алғыс бізден сізге!
Бақытжандай ағай бар мейірімді,
Білдіресің шәкіртке пейіліңді.
Сапта тұрып үйреттің, жүрісті де,
Көп аудардың біздерге зейініңді.
Қара сөздің дауылы,
Құрмет еткен ауылы.
Сыйыма менің риза бол,
Мұғалімдер қауымы!!!

11 baxty   (22.08.2012 12:40)
ажарыңмен көңілді құнықтырдың да,
жанарыңмен, жарқыным, сыр ұқтырдың ба?
атқақтаттың жүрегін арыс кеуденің,
қалампырша құлпырып, күліп тұрдың да.....

шаштарың бұралаң-бұлақ қусыра өрген,
мінезіңе жарасар қымсына берген.
менің де махаббаттан бар үлесім,
дүниеге сол үшін құлшына келгем!

ашылады-ау күлтесі сірә бағымның,
сол еді ғой Алладан сұрағаным мың!
сенбегендер келіңдер, сезініңдер!
буырқанғанын балқытып бұла қанымның!

Алла маған ұсынған сынақтарға мүлдем,
Арызымды асырып кінә артпағаныммен.
Өзімнің шыққан алып – арман тауларымнан,
Құлап барамын мен!

Барады шіркін уақыттар көші бағынбай,
Күндерім өтіп мазасыз есіл ағындай.
Құлазып, құлап көңілім,
Күп-күрең күздің –
Жапырағындай!

Болмасын біліп, сырымды аңдатпасқа мүлдем,
Көзімді ашып, жолымды таңдап басқаныммен.
Тағдырым атты тағы да,
өзімнің жыйған –
жаңғақ тастарыммен!

Сағымы қоршап көзімді бұлдырып даланың,
Таңымның күліп, тамылжып, білдім атпағанын.
Ғарышқа жетіп қиялым қуанып,
енді –
құлдырап барамын!

Алла маған ұсынған сынақтарға мүлдем,
Арызымды асырып кінә артпағаныммен.
Өзімнің шыққан алып – арман тауларымнан,
Құлап барамын мен!

10 Жасұлан жас ақын   (09.04.2012 14:48)
Қазағымның қыздары қайдасыңдар

Шіркін, қазағымның ару қызы қайдасыңдар
Бар болсаңдар жанарыма жайғасыңдар
Егер сендер шет елдің шайтанына еліктесең
Қазір қалай сұлумын деп өздеріңді айтасыңдар

Көшеде көп кіндіктерін жалтыратып
Сәл еңкейсе қалады арты ашық
Қазақтың қыздарына тән емес қой
Жүргенің тар көйлектен майың тасып

Ойланыңдар болашақ анасыңдар
Модасыз да жақсы жігіт табасыңдар
Осы жайлы айта қалса өзге адам
Өзім білем, деп ауызын жабасыңдар

Бір қыз көрдім көшеде төсі ашық
Ойы бұзық жігіттер оған ғашық
Ал иманды жігіттер ұялғаннан
Кетіп барат ол қыздан алыс қашып

Сары шаш бар тағы бір сән жағымсыз
Қара емес енді біздер сарымыз
Қара толқын бұрымды ару қыздар
Бүгін міне типа сұлу сары қыз

Қыздар қайда қара шашы төгілген
Ұзын шашты сұлу етіп өрілген
Қайшы тисе қимай түрар шаштарын
Бал таматын әрбір айткан сөзінен

Жігіттерге ұнадың делік сол сәніңмен
Сол жігіттен асем мақтау алғаныңмен
Білесің бе саған қандай жігіт жолыққанын
Сүйемін деп айтатын жалған үнмен

Ойланыңдар, айтқаныма ренжімеңдер
Болашақ анасыңдар енді сендер
Мұсылмандар әурет жерін көрсетпеген
Көз зинасы осындайда естісеңдер

9 Жасұлан жас ақын   (09.04.2012 14:44)
Үнсіз өтти, үнсіз өтти сезімім,
Махаббат маған ашқандай еді есігін
Қуанышты жүрген едім кездескенде,
Сол қуаныш өткели міне екі күн,

Кездестірді тағдырым неге сені,
Үнсіз сезім мендегі түсін мені,
Мылқау етті тағдырм амал қанша,
Енді міне тағы нұрын түсірмеді,

Түнгі самал, бірге едік ай астында,
Жүргеніңе таң қалушы едім сен қасымда,
Сөйлей алмас мүгедек болсам дағы,
Сүюші едім қымбаттым мен расында,

Ал сен оны елемедің білемін,
Сол үшін де мен көңілді жүремін,
Осылайша есім шығып ғашықтықтан,
Ойлаушы едім бақытты өмір сүремін,

Күндегідей жұлдыздарға қарадық,
Жұлдыз ақты төбемізден ап-анық,
Тілек тілеп екеуміз де ішімізден,
Сөнгенше біз сол жұлдызға қарадық,

Тілеген едім сөйлей алсам үн қатып,
Айтсам оған шумақтап өлең жырлатып,
Сүйемін деп айтсам шіркін арманым,
Өзім айтар өлеңди оған тыңдатып,

Енді білдім орындалмас тілек екен,
Қиналатын мына сорлы жүрек екен,
Жалғыз қалсам таудың ұшар басында,
Күн шықса да айналам сол түнек екен,

Үш күн бұрын қыдырып жүргенимде,
Есімде, сол кездегі жымиып күлгенін де,
Жүрегіңді ұстадың да кұладың сен,
Неге жаным, ауырып сен жүргенің бе?

Қасымыздан ешбір адам табылмады,
Сүйгенімнен айырылдым жанымдағы,
Баріне мына мылқау кінәлімін,
Қайтемін сорым ғой бұл басымдағы

Кешірші мені құтқара сені алмадым,
Енді білдім бұл өмірдиің жалғанын,
Сөйлей алмас пендемин мен кінәлі,
Кешір мені, кешір мені ардағым.

Әлі есімде түнде тілек тілегенің,
Бірақ мен тілегиіңді білмеп едім,
Сүйгенімді үнсіз етіп қалдырмашы,
Осы екен сол кездегі тілегенің

Керегі жоқ сөйлеудиің де енді маған,
Мен енді өлім тілеп жүрген адам,
Сенсіз бос қой бұл өмір өтіп жатқан,
Күтші мені, артыңнан менде барам,

Мүгедек кімге керек мен секілді,
Қандай менін еңбегім елге сіңді,
Артыңнан мен де кетем сүйіктім,
Сен де мүмкін түсінерсің бұл шешімді.

Бүгін міне бірге барған таудамын,
Мүмкін болар бұл есімнен ауғаным,
Мына жанбыр көз жасың ба өзиңнің?
Түсінбедім неге мұнша жауғанын,

Қарсы алшы саған қарай барамын,
Бұл өмірге міне соңғы қарадым,
Кешір мені төзе алмаспын өзіңсіз
Осылайша болғанын мен қаладым.

8 Дархан   (13.03.2012 20:59)
Тұрсынбек бауырым, өлеңде мазмұн, инверсия деген нәрселер болады, соны ұтымды пайдалана бiл, талпынысың бар, бірақ ұйқасқа көп көңіл бөлу керек..

7 нұролла   (26.01.2012 02:03)
Безектеп беймезгіл түнімде,
Түн іші жол тартқым келеді.
Бел бусам сапарға. бүгінде,
Күлімдеп тосатын сен едің!

Сағымдай өріп сен тұрасың,
Езуге күлкіні жиып ап,
Сен маған сонауда бір асыл,
Қол созсам жетпейді қиын-ақ!

Бітпейтін даңғыл жол бар менде,
Басамын,басамын аяқты.
Ентігіп жеттім-ау дегенде,
Сағым боп кететін сияқты.

4 Муза   (24.08.2011 16:27)
Ол өлеңнің аты Армансыз күнім болмайды. Сөзі Танакөз Толқынқызынікі

3 дулат Кешу   (07.06.2011 20:00)
аспанға кунде айналар гулге арманым өлсе сол қайғы бақытқа сенемін армандай беремін армансыз кунім болмайды ...мынадай сози бар оленнин атын билмейсиздер ме???

1-15 16-17
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]