КҮЗГІ КӨРІНІС - 6 Сентября 2010 - Ақындар әлемі - Қазақша ән, клип, сурет, фильм. Шет ел ән, клип Жүктеу
жексенбі, 11.12.2016, 10:57

Қазақ Жастары

Пікірлер
24.12.2014
Еркін Нұржанов-Аягөз (2011)
Жазған:
Пікірі:
ереке твой музыка кл... (Жауап жазу)
18.10.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
Қалқаман бауырым ама... (Жауап жазу)
04.10.2014
МҰҢ
Жазған:
Пікірі:
кушты. онерин устем ... (Жауап жазу)
04.10.2014
Жүрексіз де көрейін өмір сүріп
Жазған:
Пікірі:
керемет туындылар. ж... (Жауап жазу)
18.09.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
рахмет калкаман аа с... (Жауап жазу)
21.04.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
kuwti,olen (Жауап жазу)
19.02.2014
Бақытгүл Бабаш - Бір арман емес пе ек?
Жазған:
Пікірі:
ИА қазыргы таңда акы... (Жауап жазу)
19.02.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
Калкаман Сарйн акын ... (Жауап жазу)
26.01.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
сиздин олендеринизге... (Жауап жазу)
27.12.2013
Жанабай-Аяла (жана нұсқа 2011)
Жазған:
Пікірі:
Magan ander ote unad... (Жауап жазу)
Жеке бұрыш
Қош келдіңіз, Қонақ
10:57
Топ: Қонақ
Қонақ Егер тіркеле алмасан merei...90@mail.ru осы почтаға хабарлас үлкен бастық ашып береді...

Шәйхана
500
Санақ
Сайтта отырғандар: 1
қонақтар: 1
мүшелер: 0

Ақындар әлемі

Главная » 2010 » қыркүйек » 6 » КҮЗГІ КӨРІНІС
20:47
КҮЗГІ КӨРІНІС
Көңілді қоңыр салқын саз жүдетіп,
Көз жетті кеткеніне жаздың өтіп.
Құлайды жапырақтар құба талдан,
Күрең күз құдіретіне тағзым етіп.

Кеші еді солқылдаған күздің суық,
Не шара, жасыл жаздан үздірсе үміт?
Базары тарқап кеткен бақ ішінде
Күтіп тұр әлдекімді Қыз күрсініп.

Жас талдың аптыққан жел есін алды,
Құрғырдың қылығы жоқ еш ұнамды.
Жылаған жапырақтың жетім күйі,
Әп сәтте көңіліме көшіп алды.

Арқанын өңменімнен өтті желі,
Күдерін қайтқан құстан көк те үзеді,
Бозбауыр бала бұлттар боздап тұрып,
Бораған қыстан хабар жеткізеді.

Бәлкім бұл кездесу ме тұңғыш, әппақ?
Бақтағы қыз да сабыр тұрды сақтап.
...Бір жігіт сұр көшеге көрік беріп,
Келеді қызыл – жасыл гүл құшақтап.

Елемей қырды гүлсіз, күнді нұрсыз,
Кездесіп тұрды екеуі. ...Тұрмын үнсіз.
Батырған мені мұңға қоңыр Күз бен
Жігіттің қолындағы гүл ғұмырсыз...
Категория: Қалқаман Сарин Айымғазыұлы | Просмотров: 4639 | Добавил: Bamxana | Теги: КҮЗГІ КӨРІНІС | Рейтинг: 3.7/42
Всего комментариев: 5
5 Zharkynai   (03.03.2012 20:35)
Өлең десе,ішкен асын жерге қойып,
Өлең десе, сөздің майын тамызатын.
Жазатын Қалқамандай сөзді ойып,
Айтуға болады екен нағыз ақын.
Өлеңмен қайғы-мұңы шағылатын,
Сол өлеңмен халыққа танылатын.
Халқының кемшілігін жасырмай-ақ,
Шындықты бетке айтатын нағыз ақын.
Өлеңдері шабыт келсе өздерінен,
Қалам менен параққа жазылатын.
Шабыт келсе ештемеге қарамастан,
Көкіректен төгілетін нағыз ақын.

4 АЯН Калмурат   (24.02.2012 16:21)
Авторлык кукыгым коргалган!!!

3 АЯН Калмурат   (24.02.2012 16:21)
Елбасыға арнау...
Нағыз қазақ, нағыз ерлік, міне, осы,
Елдің басы бола білген һәм досы,
Талай биік беселстерге бағынбай,
Тәуелсіздік ұран еткен елбасы...
Ұлтын ұран ете білген ежелден,
Дәл осындай тұлға барын кім білген,
Сан мәрте рет қайға көрген қазақты,
Танып жатыр міне бүгін өзіңнен...
Рухы биік, аты асқақ нар нар тұлға,
Өзің- көшсің, халқың сенің артыңда,
Шөл даланы көлді қылған бұл ұлдың,
Бүкіл әлем, құрметтейді атын да...
Сарыарқаның сонау жалаң төсіне,
Демеу беріп «қазақ» деген еліне,
Бір қазақты бар әлемге танытқан,
Бас иемін, батыр ата, өзіңе!
Ұлдың жасы, баба қаны жоқ бүгін,
Алды қалам бәрі тастап мылтығын,
Баяуды да жүйрік елбасым –
Ол да сенің батыр ата ерлігің!
Лайым елдің тыныштығын ойлады,
Бәлкім, сенің бәрінен де мол қайғың,
Мәртебесі мәрелі елдің мәрт ұлы,
Батыр ата алғыс сізге айтамын...
Тарихқа да тағылымың аз емес,
Кеше батыр – бүгін сізбен кейіптес,
Дәл осындай ұлан ұлы бар елге,
Ешкім дағы қорыққаннан тиіспес!
Анаң риза, бабаң дағы, ұлың да,
Бүкіл қазақ бір өзіңнің қолыңда,
Мен қолыма қара қалам алдым да,
Жыр арнадым ұлы елдің ұлына...
Неткен бақыт, бейбіт өмір, мәнді де,
Күлкі ойнап тұр жас сәбиде, бәрінде,
Асқақ елдің абыройын көтерген,
Нұр ағамыз жасай бергей мәңгіге!


Аян Қалмұрат
27.01.2012ж

2 Айко   (07.01.2012 10:03)
Өте жақсы жазады. Сөздері ұнамды, жағымды, шебер десемп тым қаттв кеткенім болмас

1 ОНАЛ   (19.12.2011 15:08)
НАҒЫЗ АҚЫН!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]