Өмірдің мәні - 6 Сентября 2010 - Ақындар әлемі - Қазақша ән, клип, сурет, фильм. Шет ел ән, клип Жүктеу
сейсенбі, 06.12.2016, 22:49

Қазақ Жастары

Пікірлер
24.12.2014
Еркін Нұржанов-Аягөз (2011)
Жазған:
Пікірі:
ереке твой музыка кл... (Жауап жазу)
18.10.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
Қалқаман бауырым ама... (Жауап жазу)
04.10.2014
МҰҢ
Жазған:
Пікірі:
кушты. онерин устем ... (Жауап жазу)
04.10.2014
Жүрексіз де көрейін өмір сүріп
Жазған:
Пікірі:
керемет туындылар. ж... (Жауап жазу)
18.09.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
рахмет калкаман аа с... (Жауап жазу)
21.04.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
kuwti,olen (Жауап жазу)
19.02.2014
Бақытгүл Бабаш - Бір арман емес пе ек?
Жазған:
Пікірі:
ИА қазыргы таңда акы... (Жауап жазу)
19.02.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
Калкаман Сарйн акын ... (Жауап жазу)
26.01.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
сиздин олендеринизге... (Жауап жазу)
27.12.2013
Жанабай-Аяла (жана нұсқа 2011)
Жазған:
Пікірі:
Magan ander ote unad... (Жауап жазу)
Жеке бұрыш
Қош келдіңіз, Қонақ
22:49
Топ: Қонақ
Қонақ Егер тіркеле алмасан merei...90@mail.ru осы почтаға хабарлас үлкен бастық ашып береді...

Шәйхана
500
Санақ
Сайтта отырғандар: 1
қонақтар: 1
мүшелер: 0

Ақындар әлемі

Главная » 2010 » қыркүйек » 6 » Өмірдің мәні
20:40
Өмірдің мәні
Жоғалып асыл сезімдер,
Әніне ерген қаланың.
Адамгершілігі көз ілген,
Хайуанға ұқсап барамын.

Барсың ба деп үңіліп,
Көршіге басын сұқпайтын.
Күні бойы жүгіріп,
Кеш болса үйден шықпайтын.

Үлкеннің айтқан ақылын,
Кіші боп бала ұқпайтын.
Жатқандай бәрін қатырып,
Тал түске шейін ұйықтайтын.

Күндері бірдей сұрықсыз,
Көкейін тескен ақшама!?
Тыңдауға сені құлықсыз,
Көңілі тіпті басқада.

Кітаптың бетін ашпаған,
Көңілі соқыр жас бала.
Сене берме ақшаға,
Өмірдің мәні басқада.

Өмірдің мәні білімде,
Көңіл азығың болатын.
Тарыққан қиын күніңде,
Темірқазығың болатын.

Өмірдің мәні иманда,
Ар-ұят, тәлім-тәрбиең.
Бойыңа иман жиғанда,
Тазарар боқтан жан дүниең.

Өмірдің мәні тіліңде,
Ананың сіңген сүтімен.
Өлмесе тілің түбінде,
Сүреді өмір бүкіл ел.

Өмірдің мәні сезгенге,
Сыйласар жақын жандарда.
Қысылған қиын кездерде,
Қолының ұшын созғанда.

Өмірдің мәні еңбекте,
Бақытың екен тер төккен.
Еріншек, жалқау, тентектер,
Өмірден мынау ерте өткен.

Өмірдің мәні осында,
Баға жетпес байлығың.
Ең бірінші басында,
Әрине деннің саулығы.
Категория: Айбек Қалмағанбетов | Просмотров: 1910 | Добавил: Bamxana | Теги: Өмірдің мәні | Рейтинг: 5.0/3
Всего комментариев: 3
3 alina   (29.07.2012 17:37)
jigitter olender ote jaksi,osi betterinnen kaitpandar

2 Тұрсынбек   (08.05.2011 17:50)
Мына өлең шумақтарынан өзіңе жауап ізде табарсың деген ойдамын.

1 Тұрсынбек   (08.05.2011 17:47)
ДҮНИЕ АРМАН.
Тіршілік түсер еске қай қайдағы,
Өтеді өмір шіркін айқай жаным.
Есіме түскен кезде өткен өмір,
Қайнайды іште жатқан барлық шерім ау
Дүние арман.

Өткерген балалық кез балғын шақты,
Туған жер сен аман бол әр уақта.
Бағаңды сенде өскен ұрпақ білер,
Теңдес жоқ, теңеуі жоқ туған жерім ау
Дүние арман.

Сағыныш саған деген жүрек кернейт,
Ақша қар еш кетпеген Алатауым.
Сарқырап өзіңде аққан Аспара өзен,
Жаныма бергендей ғой жан рахатын ау
Дүние арман.

Боз бала, жігіт болып сән түзедік,
Ғашықта болдық талай сұлуларға.
Сайраң сап думан құрдық бұл жалғанда,
Тоя алмай бұл өмірдің қызығына ау
Дүние арман.

Қондырдық бақыт құсын қолымызға,
Тіктік қой ақ отауды бұл жалғанда.
Ұл-қызды біздер сүйіп ата болдық,
Барма екен одан асқан бақыт сірә ау
Дүние арман.

Есейді міне бұл күн ұл-қыздарым,
Самайға ақ шаш түсіп мен қартайдым.
Үміт қып келер күннен арман еттім,
Ұрпақтар жалғай берсің ғұмыр жырын ау
Дүние арман.

Сағым боп өткен күндер артта қалды,
Өмірдің көбіау өтіп, азы қалды,
Бұл жалған қайта айланып енді келмес,
Қош болғың асыл арман, өткен шағым ау
Дүние арман.


Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]