Мына жалған мен сияқты тынымсыз... - 11 Сентября 2010 - Ақындар әлемі - Қазақша ән, клип, сурет, фильм. Шет ел ән, клип Жүктеу
жексенбі, 04.12.2016, 02:49

Қазақ Жастары

Пікірлер
24.12.2014
Еркін Нұржанов-Аягөз (2011)
Жазған:
Пікірі:
ереке твой музыка кл... (Жауап жазу)
18.10.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
Қалқаман бауырым ама... (Жауап жазу)
04.10.2014
МҰҢ
Жазған:
Пікірі:
кушты. онерин устем ... (Жауап жазу)
04.10.2014
Жүрексіз де көрейін өмір сүріп
Жазған:
Пікірі:
керемет туындылар. ж... (Жауап жазу)
18.09.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
рахмет калкаман аа с... (Жауап жазу)
21.04.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
kuwti,olen (Жауап жазу)
19.02.2014
Бақытгүл Бабаш - Бір арман емес пе ек?
Жазған:
Пікірі:
ИА қазыргы таңда акы... (Жауап жазу)
19.02.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
Калкаман Сарйн акын ... (Жауап жазу)
26.01.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
сиздин олендеринизге... (Жауап жазу)
27.12.2013
Жанабай-Аяла (жана нұсқа 2011)
Жазған:
Пікірі:
Magan ander ote unad... (Жауап жазу)
Жеке бұрыш
Қош келдіңіз, Қонақ
02:49
Топ: Қонақ
Қонақ Егер тіркеле алмасан merei...90@mail.ru осы почтаға хабарлас үлкен бастық ашып береді...

Шәйхана
500
Санақ
Сайтта отырғандар: 1
қонақтар: 1
мүшелер: 0

Ақындар әлемі

Главная » 2010 » қыркүйек » 11 » Мына жалған мен сияқты тынымсыз...
17:05
Мына жалған мен сияқты тынымсыз...
Шыр көбелек айналады Күн асты.
Бір күндерім әнге салса,
Бірі үнсіз
Қайғырады,
Мұңы ащы.

Мына көктем мен сияқты балаң тым,
Өлім жақтан сезгісі жоқ күз демін.
Мына ақшам мен сияқты алаң тым,
Бақылайтын көліктердің тізбегін.

Мына таулар мен сияқты көкірек,
Көңілімен әлпештеген аспанды.
Мына жұлдыз мен сияқты жетімек,
Тастанды.

Мына өлең мен сияқты қырсық шын,
Көнбейтұғын жылтыр көз бен мақтауға.
Сөзін сөйлеп кетсе күш пен бұлшықтың,
Оған менен жоқ сауға.

Мына түн де мен сияқты тылсым-ды,
Бұза түскен ақындардың ұйқысын.
Тағдыр, сірә, қылкөпірлік қыл сынды,
Тартқылай ма бір кісі?

Иесі ме ол мендік ақыл-теңіздің,
Бел байладым не қылса да көнбеуге.
Мен тегінде тек ажалмен егізбін,
Тиіспін бірақ өлмеуге.
Категория: Ақберен Елгезек | Просмотров: 1534 | Добавил: Bamxana | Теги: Мына жалған мен сияқты тынымсыз... | Рейтинг: 3.3/3
Всего комментариев: 1
1 Тұрсынбек   (08.05.2011 19:10)
КЕРЕГІ НЕ
Керегі не текке өмір сүргеннің,
Қажетсіз боп бұл дүниеде жүргеннің.
Асау өмір арнасымен алысып,
Ақтық үшін күресіп сен жүрмедің.

Қысқа өмір күрмеугеде жарамас,
Сол өмірде қалдыр мәңгі ізіңді.
Қажетті бол керек қылсын әр бір жан,
Қорғай білгің жапа шеккен жандарды.

Масаттанба, менменсінбе ешқашан,
Әр адамды ұға білгің түсініп.
Содан кейін тура жолды көрсетіп,
Ақыл айтсаң әр уақытта жарасар.

Керегі не текке өмір сүргеннің,
Халқың үшін отқа суға түспесең.
Айта алмасаң ақ-қарасын ашып сен,
Қажеті не бұл өмірді сүргеннің.

Бақытты боп еш бір адам жаралмас,
Маңлай терін төгу керек ол үшін.
Ақыл айтып орынды ол жұмсап,
Арманына жету керек дер едім.

Керегі не текке өмір сүргеннің,
Тектен текке ойнап күліп жүргеннің.
Бар қызығы бұл өмірдің осы деп,
Қажеті не бұл өмірде жүргеннің.

Өмір сүру ойнап күлу қажет қой,
Бірақ бітер ойын сауық бір күні.
Сонда қалқам бармақ тістеп әттең деп,
Өткен күнге өкініп сен жүрмегің.

Бұл жалғанда пендеміз ғой бәріміз,
Күн кешеміз кеудеде жан барында.
Ырызығын бұл өмірдің біз теріп,
Тауақыметін тартамыз ғой жалғанда.

Өмір шіркін соқпақ жолы көп оның,
Әркім табар сол өмірден өз жолын.
Арманына жету үшін әр бір жан,
Талап қылып талпынуы қажет дер едім.

Керегі не текке ғұмыр кешудің,
Қажетсіз боп бұл өмірден өтудің.
Адалдықтың ақ жолымен күн кешіп,
Көз жұмуым қажет тегі дер едім.


Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]