Жұлдыз-гүлдер - 11 Сентября 2010 - Ақындар әлемі - Қазақша ән, клип, сурет, фильм. Шет ел ән, клип Жүктеу
сейсенбі, 06.12.2016, 22:48

Қазақ Жастары

Пікірлер
24.12.2014
Еркін Нұржанов-Аягөз (2011)
Жазған:
Пікірі:
ереке твой музыка кл... (Жауап жазу)
18.10.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
Қалқаман бауырым ама... (Жауап жазу)
04.10.2014
МҰҢ
Жазған:
Пікірі:
кушты. онерин устем ... (Жауап жазу)
04.10.2014
Жүрексіз де көрейін өмір сүріп
Жазған:
Пікірі:
керемет туындылар. ж... (Жауап жазу)
18.09.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
рахмет калкаман аа с... (Жауап жазу)
21.04.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
kuwti,olen (Жауап жазу)
19.02.2014
Бақытгүл Бабаш - Бір арман емес пе ек?
Жазған:
Пікірі:
ИА қазыргы таңда акы... (Жауап жазу)
19.02.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
Калкаман Сарйн акын ... (Жауап жазу)
26.01.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
сиздин олендеринизге... (Жауап жазу)
27.12.2013
Жанабай-Аяла (жана нұсқа 2011)
Жазған:
Пікірі:
Magan ander ote unad... (Жауап жазу)
Жеке бұрыш
Қош келдіңіз, Қонақ
22:48
Топ: Қонақ
Қонақ Егер тіркеле алмасан merei...90@mail.ru осы почтаға хабарлас үлкен бастық ашып береді...

Шәйхана
500
Санақ
Сайтта отырғандар: 1
қонақтар: 1
мүшелер: 0

Ақындар әлемі

Главная » 2010 » қыркүйек » 11 » Жұлдыз-гүлдер
17:09
Жұлдыз-гүлдер
Бұрыңғы бір түстерімдей көрмеген, 
Бұрыңғы бір өмірімдей сүрмеген.
Көк пейіштен көктем исін үрлеген,
Көк аспанда жұлдыз-гүлдер бүрлеген.

Жұлдыз-гүлдер...
Ғұмырымда көрмеген.
Жүрегімді емдеңдерші кірлеген!
Іштен сыртқа шығатындай бірдемем,
Сендер жаққа жаутаңдаймын түнде мен.

Жұлдыз-гүлдер...
Жылап тұрмын мен неге?
Бұл жалғанның жарығына көнген ем,
Білем, білем шаршап кеттім мүлде мен,
Маңайдағы жұлдызсынған пендеден.

...Еш пенденің түсіне де кірмеген,
Көксеңгірде жұлдыз-гүлдер бүрлеген.
Көз жасымның түкпірінде бұлдырап,
Көк пейіштің көбелегі жүр неге?..
Категория: Ақберен Елгезек | Просмотров: 2624 | Добавил: Bamxana | Теги: Жұлдыз-гүлдер | Рейтинг: 3.2/8
Всего комментариев: 7
7 максат   (15.11.2013 18:21)
маган гулдер аты керек

6 Сапарбай Гульбану   (23.03.2012 15:49)
Өз өлеңдерімізді пікірге емес,сайтқа қалай қосуға болады?

4 ЕСЕТ ТАБЫНБАЕВ   (06.12.2011 21:50)
Күміс алқа

Сағыныштан жыр арнасам ойдың бағы,
Қаламыммен ақ парақты ойдым тағы.
Жүрегіме жылу беріп тұратындай,
Сен силаған күміс алқа мойнымдағы.

Көңілім бүгін жабырқайды шерменде,
Өткен күндер бүгін мені тергеуде.
Сол шақтардың сарқытындай естелік,
Күміс алқа жарқырайды кеудемде.

Неге тағдыр арамызға осылайша кезікті,
Асау өмір ғашытардың кереметін тізіпті
51-жыл Естай ақын таққан екен колына,
Суйген жаны Қорлан берген жүзікті.

Сыңғыр кулкің жарқыратар түн ішін,
Жалғыз өзің жүрегімнің гүлісің.
Енді қайтып жолықпасақ екеуміз,
Дем біткенше жарқырасын, сен силаған күмісің.

Есет Табынбаев

3 Тұрсынбек   (08.05.2011 19:07)
ЖАНАРЫҢДА ЖАС ТҰНЫП
Жанарыңда жас тұнып, мөлдірейді қарағым,
Мөлдіреген сол жастан, жан дүниеңді ұғамын.
Маржандардай төгіліп, ақ жүзіңді ол жуған,
Айта алмай жан сырды, сенсің қалқам мұңайған.

Түсінетін өзіңді, жан барма екен жалғанда,
Қажет кезде ол демеп, жігер берер жаныңа.
Жанарыңа қуаныш, жүзіңе күлкі үйрілтсе,
Ондай жанның болғанын, қалар едім мен күнде.

Жанарыңа жас тұнып, мөлдірейді қарағым,
Неге сонша мұңайып, өзіме қалқам қарадың.
Айталмай әлде тұрмысың, жалғыз ауыз бір сөзді,
Құдыретті бір сезім, жан дүнеңді сенің тербеді.

Мөлдірейді маржандай, кірпіктегі жастарың,
Мөлдір жасқа ұласқан, арманыңба, арманың.
Тағдырдың мынау жолы ғой, кездестірген біздерді,
Бірақта қалқам мәңгілік, болалмаймыз біз енді.

Қоштасар міне кез келді, ұзатып шықтың сен мені,
Жанарыңда жас тұнып, мөлдірейді қарағым.
Жалғыз ауыз сөз айтың, қош бол дедің ақырын,
Кірпігіңнен мөлдір жас, үзіліп жерге ол түсті.

Дәтімде шыдап ары қарай, тұра алмадым қасыңда,
Артыма қайрылып қарамай, кете бердім мен сонда.
Жанарыңнан тамған жас, жүрегімді менің ол езді,
Айта алмай жан сырды, кете бердім мен енді.


2 Аманбай Ақерке   (06.04.2011 13:25)
Сен менің жүрегімді жазалама,
Шыдайды ол қуанышқа, қазаға да.
Жүрек деген-сезім ғой,сезіміме
Сезіммен кел,болмаса мазалама!

1 Аманбай Ақерке   (06.04.2011 13:22)
Сен менің жүрегімді мазалама,
Шыдайды ол қуанышқа, қазаға да.
Жүрек деген-сезім ғой, сезіміме
Сезіммен кел, болмаса мазалама!

5 --   (13.02.2012 00:02)
кімдікі екен???

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]