Жүрексіз де көрейін өмір сүріп - 24 Августа 2010 - Ақындар әлемі - Қазақша ән, клип, сурет, фильм. Шет ел ән, клип Жүктеу
жексенбі, 04.12.2016, 02:51

Қазақ Жастары

Пікірлер
24.12.2014
Еркін Нұржанов-Аягөз (2011)
Жазған:
Пікірі:
ереке твой музыка кл... (Жауап жазу)
18.10.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
Қалқаман бауырым ама... (Жауап жазу)
04.10.2014
МҰҢ
Жазған:
Пікірі:
кушты. онерин устем ... (Жауап жазу)
04.10.2014
Жүрексіз де көрейін өмір сүріп
Жазған:
Пікірі:
керемет туындылар. ж... (Жауап жазу)
18.09.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
рахмет калкаман аа с... (Жауап жазу)
21.04.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
kuwti,olen (Жауап жазу)
19.02.2014
Бақытгүл Бабаш - Бір арман емес пе ек?
Жазған:
Пікірі:
ИА қазыргы таңда акы... (Жауап жазу)
19.02.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
Калкаман Сарйн акын ... (Жауап жазу)
26.01.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
сиздин олендеринизге... (Жауап жазу)
27.12.2013
Жанабай-Аяла (жана нұсқа 2011)
Жазған:
Пікірі:
Magan ander ote unad... (Жауап жазу)
Жеке бұрыш
Қош келдіңіз, Қонақ
02:51
Топ: Қонақ
Қонақ Егер тіркеле алмасан merei...90@mail.ru осы почтаға хабарлас үлкен бастық ашып береді...

Шәйхана
500
Санақ
Сайтта отырғандар: 1
қонақтар: 1
мүшелер: 0

Ақындар әлемі

Главная » 2010 » тамыз » 24 » Жүрексіз де көрейін өмір сүріп
15:04
Жүрексіз де көрейін өмір сүріп
Бүгінгі күн – мен үшін қаралы күн,
Жазықтымын һәм науқас, жаралымын.
Маскүнемге серік боп кеткім келді,
Дәмі қандай екен деп арағының.

Бүгінгі күн... Жә, қойшы, құй арақтан!
Сорды қосып ішейін мидан аққан.
Азамат деп сүйгенім «өлді» бүгін,
Азалы күй ойналсын күйтабақтан.

Берді ғой деп жаратқан тілегімді,
Жарық қой деп адастым түнегімді.
Ие бол деп ұсынсам ып-ыстық қып,
Итке турап тастады жүрегімді.

Қалдым мен қуыс кеуде адам болып,
Ойым – ойран, ми – мәңгіп, санам – солып.
Бақыт деген құс дейді басқа қонар,
Ол құс болса қайтеді маған қонып?!

Жүрегімді тастадым жерледім де,
Айналғаным жақсы еді көрге мүлде.
Мені сүйген сорлы еді,– дей жүрерсің,
Жүрегі жоқ біреуді көргеніңде.

Бүгін менде көз – соқыр, көңіл – сынық,
Айналамды жайлапты небір шірік.
Өмір сүрдім отыз жыл,
Енді отыз жыл,
Жүрексіз де көрейін өмір сүріп.

Бүгінгі күн – таттым мен тозақ дәмін,
Айтқандай-ақ ащы екен азаптары.
Махаббат жоқ, – дегенге сенбеңіздер,
Махаббат бар!
Бірақ та мазақ бәрі!

Махаббат бар!
Сенбеңдер жоқ дегенге,
Сор боп төніп тұрады ол нақ төбеңде.
Жоқ! – дегендер дені сау, жүректілер,
Бар! – дегендер... көнбейді әттең емге.

Бүгінгі күн... Жә, қойшы, құй арақтан!
Маскүнем дос – саған сыр, сый қонақтан.
Морт сынбасын десең сен мына ақынға,
Моцарт күйін тыңдатшы күйтабақтан.

Бүгінгі күн... Жә, қойшы!
Категория: Асылзат Арыстанбек | Просмотров: 1939 | Добавил: Bamxana | Теги: Жүрексіз де көрейін өмір сүріп | Рейтинг: 3.5/6
Всего комментариев: 6
6 Умит   (04.10.2014 11:31)
керемет туындылар. журектен шыккан журекке тиеды екен. Казагымызда осындай онерлы созы ем ага апкелерымыз кобейсе екен деймын!

5 Калдыбаева Асылзат   (02.11.2013 21:57)
Аттас апамның журектен шыккан туындыларын мен де журегиме оте жакын кабылдадым!

4 Толеген Улдана   (17.12.2012 00:55)
керемет олен ага ! Ризамын сизге ,

1 AYA   (02.09.2010 16:55)
керемет!!!.....

2 akw_91   (02.09.2010 18:09)
Netken keremet!!!

3 Bamxana   (02.09.2010 18:23)
ОТе керемет айтылган!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]