ЖАЗ ЖАМАЛЫ - 11 Сентября 2010 - Ақындар әлемі - Қазақша ән, клип, сурет, фильм. Шет ел ән, клип Жүктеу
жексенбі, 04.12.2016, 02:51

Қазақ Жастары

Пікірлер
24.12.2014
Еркін Нұржанов-Аягөз (2011)
Жазған:
Пікірі:
ереке твой музыка кл... (Жауап жазу)
18.10.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
Қалқаман бауырым ама... (Жауап жазу)
04.10.2014
МҰҢ
Жазған:
Пікірі:
кушты. онерин устем ... (Жауап жазу)
04.10.2014
Жүрексіз де көрейін өмір сүріп
Жазған:
Пікірі:
керемет туындылар. ж... (Жауап жазу)
18.09.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
рахмет калкаман аа с... (Жауап жазу)
21.04.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
kuwti,olen (Жауап жазу)
19.02.2014
Бақытгүл Бабаш - Бір арман емес пе ек?
Жазған:
Пікірі:
ИА қазыргы таңда акы... (Жауап жазу)
19.02.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
Калкаман Сарйн акын ... (Жауап жазу)
26.01.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
сиздин олендеринизге... (Жауап жазу)
27.12.2013
Жанабай-Аяла (жана нұсқа 2011)
Жазған:
Пікірі:
Magan ander ote unad... (Жауап жазу)
Жеке бұрыш
Қош келдіңіз, Қонақ
02:51
Топ: Қонақ
Қонақ Егер тіркеле алмасан merei...90@mail.ru осы почтаға хабарлас үлкен бастық ашып береді...

Шәйхана
500
Санақ
Сайтта отырғандар: 1
қонақтар: 1
мүшелер: 0

Ақындар әлемі

Главная » 2010 » қыркүйек » 11 » ЖАЗ ЖАМАЛЫ
16:32
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Арқанын аңғал ақ самалы есіп,
Жаз дәурен келді бақшама көшіп.
Мөлдір бұлақтар шолпысын тағып,
Балғын құрақтар сәт санап өсіп...

Тап таза ауаны таңнан сіңіріп,
Көлеңке түссе таудан шұбырып.
Сауығып санам сергіп қаламын,
Cалқын бір самал саумал сіміріп.

Бөктерге тұнған бозқара тұман,
Тудырар тағы аз ғана күмән...
Аңсатқан әппақ мезгілдің жыры,
Еркелеп ескен қаз қанатынан.

Күн сәулесінен сәукеле киіп,
Гүл аңқып жатыр әр төбем иіп.
Жанары жәудір жаздың жамалы,
Маңғаз далама мәртебе биік.

Сәнімен бөлек салтанат құрып,
Аңсарым жетті Арқаға аптығып.
Шабындыққа анау шалғы тимеген,
Жатар ма шіркін, шалқалап тұрып.

Сағынтқан сазды сырласы оралып,
Алып аспанның тұлғасы ағарып...
Әуелеп асқақ аққу ұшады,
Ақша бұлттардан ту жасап алып.

Маусымым осы мақпал іңірлі,
Кеші де керім қоп-қоңыр үнді.
Мүлгіген түнге мамық төсейін,
Маңайға шашып мақта жырымды.

Мөлдір мекені көл беті қаздың,
Көңілді арбаған келбеті жаздың.
Сарғайып, бір күн кетеді-ау ол да,
Жанымды осылай тербетіп аз күн...
Категория: Қалқаман Сарин Айымғазыұлы | Просмотров: 5464 | Добавил: Bamxana | Теги: ЖАЗ ЖАМАЛЫ | Рейтинг: 3.7/59
Всего комментариев: 231 2 »
23 Аян   (18.10.2014 17:07)
Қалқаман бауырым аман ба? Мен сізден отінерім мен ШҚО обылысы Тарбагатай тумасымын, соган бір Тарбагатай туралы молынан бір олең жолдарын жазып берсеңіз болама, егер де мумкіндігіңіз болып жатса, егер де жаза қалсаңыз коп-коп рахмет

22 санду   (18.09.2014 12:14)
рахмет калкаман аа сиздеи акындар коп болсын сиз бари талантты болсын

21 Gulsim   (26.01.2014 00:20)
сиздин олендеринизге ан жаздып кеин киыншылыктар туып жур ма орындап жерсек!!!

20 Тумар   (14.07.2013 22:40)
Кайтыс болган агама арнап олен шумактарын жаздыртайын деп едим,егер жазып берсениз. Отинишимди жауапсыз калдырмассыз деп ойлаймын. Рахмет.

19 толқын   (07.02.2013 10:45)
Сәлеметсіз бе Қалқаман аға! Сізге тек шығармашылық табыстар тілеймін. Өлеңдеріңіз керемет. 2013 жыл тек сіздің шығармашылығыңызға жаңа табыстар әкеле берсін.Қаламыңыз ұштала берсін.Қазақтың ақын Қалқаманынан айналайын!

18 рахо   (06.01.2013 11:14)
керемет ага,

17 Торгын   (05.10.2012 16:18)
Ассалаумагалейкум Қалқаман аға!Мен сіздің өлеңдеріңізді сүйіп оқимын. Қазақ елінің сіз сияқты мақтан етер ақын азамты болғаны үшін АЛЛАҒА мың шүкір!Әрбір өлең шумақтарыңыз, ондағы әрбір сөздер шын жүрегіңізден шыққандығы білініп тұрады.Сіз біртуар азаматсыз аға!!

16 Таншолпан   (22.09.2012 23:38)
Калкаман ага! Мен анимди аншилерге бергим келеди Сизден колдау кутем ?Жас акындарга жанашыр деп билем

15 Таншолпан   (22.09.2012 23:28)
ЖУБАТПА ЖАНЫМ!
Бакытка сенсиз талпындым канша?
Жубатса биреу жыладым кайта.
Сени издеп тонсам озгенин Журекке берер жылуы барма?

Алдымда турган елесин деймин,
Коринбей кетсен издеймин?
Болсада биздин арамыз кандай,
Жолына бакыт тилеймин!

Жубатпа сенсиз жыласам,
Сурарым сенен аяма .
Окиниш жоккой арада,
Алгашкы сезим сол гана.

Баянды болса бакытын,
Карайлап журме асылым .
Жазылар журек жарасы,
Уакытка менде багындым.

Жазылса тагдыр мандайга,
Буйрыгы билер кайдада.
Анимди еске аларсын,
Онаша калсан ойлана,
АСАНОВА ТАНШЛПАН АБДИРАШИДКЫЗЫ

14 Таншолпан   (22.09.2012 22:27)
Керемет ! Тиркеле алмадым Менин оз оленимди усынгым келед кем тус айтсаныз?
Каратау сулу карт анам,
Болсада кызык бул калам.
Дария даркан даламды кен ,
Жагасын сырдын сагынам.
Ушырдым кокке канатынан
акку кустын,
Аяалап аним журектен iнкар алып уштын ,
Туган жер саган жолдадым
хатын сагыныштын.
Саялап сени саргайган кузде,
Арманга алып ушканмын менде.
Келемин ушып кустармен бирге,
Куткейсин апа коктемде

13 Шырын   (09.08.2012 12:41)
Kazaktyn Kalkamandai akyny baryna wukir . . . . Olenderiniz keremet . . . Allam osy talantynyz ben wabytynyzdan aiyrmasyn. . .

12 дж кука   (16.06.2012 12:05)
казак создерi майысып солган гулдей болса,
сары ала болып олендер куздей болса,
алып шыгар олендердi биiк шынга,
казактын ар акыны сiздей болса. . .

11 НУРГУЛЬ   (15.06.2012 10:09)
Өлеңдеріңіз жүректі тербеп қана қоймай, бақытқа бөлейді.

10 Aizhan OngarbaikyZy   (03.06.2012 15:33)
Калкаман ага! Сiз менiн ен суйiктi акын агаларымнын бiрiсiз десем кателеспеймiн. Мен сiздiн 1кiтабынызга зар болып журм десем болады. Актобе каласына кiтаптарыныз кашан келеДi?

9 Айгүл   (13.03.2012 12:44)
Саламатсыз ба Қалқаман аға? Осы жазылған өлеңіңіз өте қатты ұнады.Мағыналы,ұйқасы да жақсы,суреттеуіңіз де керемет,қалай мақтасақта сізге жарасады.Сізге әлі де халқымыздың жүрегінен жол табар, жастарымызды ойландырар жырларды тудыра беруіңізге шын жүректен тілектеспін!

1-15 16-23
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]