Адамды жузіне карап мінезін тануга болады - Форум
жексенбі, 04.12.2016, 02:48

Қазақ Жастары

[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Жеке өмір! » Махаббат пен достық » Адамды жузіне карап мінезін тануга болады
Адамды жузіне карап мінезін тануга болады
aikaКүні/сағ: сәрсенбі, 11.08.2010, 22:37 |Хат # 1
Рядовой
Топ: Қолданушы
Жазған жауабы: 10
Награды: 1
Репутация: 20
Статус: Offline
Адамның жүзіне қарап отырып мінез-құлқын білуге тырысу мәселесі біздің арғы ата-бабаларымызды да қатты толғандырған. Солардың бірнешеуіне тоқтала кетсек:

Беттің пішініне байланысты

1. Сопақша бет. Саясаткерлер мен үкімет билігіне ие адамдарда жиі кездеседі. Ол сонымен бірге, адамның ақсүйек тұқымынан шыққандығын да көрстеді.

2. Беттің симметриялы емес пішінде болуы. Көбінесе маңдайы биік зерделі жандарға және ерік-жігері әлсіз өнер адамдарына тән. Беттің мұндай типі негізінен тым шамшыл емес әйелдер арасында көп ұшырасады.

3. Сопақ бет. Ол адамның жалпы шамшылдықтан жұрдай екендігін танытады. Алайда, ол биік жақ, өткір көзді болса, онда ол-күшті, тіпті қиын-қыстау шақта өте қауіпті жан.

4. Дөңгелек жүзділік. Мейірбандықтың, ақ жарқын, ашықтықтың белгісі. Ондай адам жайлы тұрмыс үшін жанын салады. Ол-маңайымен тіл тапқыш, қарапайым турашыл, еңбекқор, айналасына жайлы, оларға қолайлы жағдай жасай алатын адам.

5. Ат жақтылық. Ақсүйектігі басым адамға тән. Олардан іскер ұйымдастырушы, мықты басшы шығады. Оның жұртты бастауға икемі бар, зиялы, іскерлік қабілеті мол. Қажыр-қайраты мен ерік-жігері де бір басына жеткілікті.

6. Үш бұрышты бет пішін. Бұл жоғары интеллектен, зиялылықтан хабар береді. Мұндай адам сергек те сезімтал. Араларында қулыққа, айлакерлікке бейімдері де бар.

7. Төрт бұрышты бет пішін. Бұл күресе білетін, бірақ өте шабан ойлайтын, бірбеткей және тікбақай адамға тән. Мұндай кескін әйелдерге бітсе, онда оның диктаторлық қабілеті бар және отбасында билік жасауға икемділеу болғаны, әрі бұл әйел өзін ер адам орнына балайды.

Төрт бұрышты бет пішіні бар адам дөрекіліктен де, қатал-дықтан да ада емес. Бірақ не істесе де сабырмен, ақылмен іс-тейді. Сөзіне ел сенетін, соңынан жұрт еретін көсемдер көбінесе осындайлардан шы-ғады. Олар ойға алғанын жүзеге асыруда табанды.

8. Томпақ бет. Қырынан қарағанда томпақ бет кісі қалжыңға бейім, ақжарқын келеді.

Маңдай пішініне байланысты

1. Жазық, кең маңдай.
Ол ақылдылықтың, ойлы-лықтың нышаны. Мұндай адамдар интеллектуалдық қызметке бейім. Осындай маңдайды шаштың етегі дөңгелене жиектеп тұрса, та-бандылықты, турашылдықты көрсетеді. Кең маңдай – ақыл, ойдың кемелділігі.

2.Қусырыла біткен тар маңдай. Мұндай маңдай иесінің көбінесе интеллекті төмен болады. Алайда өмірге икемді, өзіне-өзі сенімді. Аяғын қашанда нық басады. Егер осындай маңдай-
ға шаш тым төмен орналасса, етегі тым төмен түсіп тұрса, қарабайырлықтың, орта
қолдылықтың нышаны саналады. Тар маңдайлы адам құнтты, пысық келеді.

3. Жалпақ маңдай. Адамның маңдайы жал-пақ, иегі сүйірленіп, үшбұрыштанып келсе, мұн-дай кісінің есте сақтау қабілеті жақсы, бірақта мінезі құбылмалы. Оның өте сезімталдықтан қол-
ға алған ісінен тез жалы-ға салатын қасиеті де жоқ емес.

4. Орташа маңдай.
Бұл иесінің естілігінен хабар береді. Қас-қабаққа байланысты

1. Жіңішке қас. Егерде адамның қасы жіңішке болса, ол – талғампаз, кірпияз, ашуланшақ жан.
2. Түзу қас. Адамның қасы түзу болса, ол – елгезек, тіл алғыш адам.
3. Қиылған қас. Мұндай қас қиялшыл адамдарға тән.
4. Алшақ қас. Егерде адамның екі қасының арасы бір-бірінен алшақ тұрса, ондай адам басқалардың ықпа-лына тез түседі.
5. Түйіскен қас. Егерде адамның екі қасы бір-бірімен түйісіп тұрса, бұл жүйкесінің мықтылығын білдіреді.

Көз - көңілдің айнасы

Шығыс тәуіптері, сәуегейлері көзге қарап көп нәрсені анықтаған. Мысалы, көзінің ақ
етінен қызарған қан тамырлары білініп тұрса, ол жүйкесі жұқара бастаған адам, дене күші де, ақыл-ой күші де қа-жыған. Егерде көздің қабығы мен астыңғы кірпіктің арасынан көздің ағы көрініп тұрса, бұл жүректің, бүйректің, бауырдың, өкпенің ауыратындығы.

 
JacksonКүні/сағ: сәрсенбі, 18.08.2010, 00:51 |Хат # 2
Подполковник
Топ: Қолданушы
Жазған жауабы: 10
Награды: 2
Репутация: 10020
Статус: Offline
ха ха! осыгн 3рет ха ха ха
 
akw_91Күні/сағ: сәрсенбі, 18.08.2010, 05:43 |Хат # 3
Подполковник
Топ: Қолданушы
Жазған жауабы: 11
Награды: 3
Репутация: 32767
Статус: Offline
Aika janim rahmet sizge!!
 
aikaКүні/сағ: дүйсенбі, 13.09.2010, 15:21 |Хат # 4
Рядовой
Топ: Қолданушы
Жазған жауабы: 10
Награды: 1
Репутация: 20
Статус: Offline
Окасы жок!!!)))) biggrin
 
Форум » Жеке өмір! » Махаббат пен достық » Адамды жузіне карап мінезін тануга болады
Страница 1 из 11
Поиск: