Ақылбек ЖЕМЕНЕЙ: Әндеріме ерекше кірпияздықпен қараймын - 13 Августа 2010 - Қазақша ән, клип, сурет, фильм. Шет ел ән, клип Жүктеу
жексенбі, 04.12.2016, 02:47

Қазақ Жастары

Пікірлер
24.12.2014
Еркін Нұржанов-Аягөз (2011)
Жазған:
Пікірі:
ереке твой музыка кл... (Жауап жазу)
18.10.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
Қалқаман бауырым ама... (Жауап жазу)
04.10.2014
МҰҢ
Жазған:
Пікірі:
кушты. онерин устем ... (Жауап жазу)
04.10.2014
Жүрексіз де көрейін өмір сүріп
Жазған:
Пікірі:
керемет туындылар. ж... (Жауап жазу)
18.09.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
рахмет калкаман аа с... (Жауап жазу)
21.04.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
kuwti,olen (Жауап жазу)
19.02.2014
Бақытгүл Бабаш - Бір арман емес пе ек?
Жазған:
Пікірі:
ИА қазыргы таңда акы... (Жауап жазу)
19.02.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
Калкаман Сарйн акын ... (Жауап жазу)
26.01.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
сиздин олендеринизге... (Жауап жазу)
27.12.2013
Жанабай-Аяла (жана нұсқа 2011)
Жазған:
Пікірі:
Magan ander ote unad... (Жауап жазу)
Жеке бұрыш
Қош келдіңіз, Қонақ
02:47
Топ: Қонақ
Қонақ Егер тіркеле алмасан merei...90@mail.ru осы почтаға хабарлас үлкен бастық ашып береді...

Шәйхана
500
Санақ
Сайтта отырғандар: 1
қонақтар: 1
мүшелер: 0
Главная » 2010 » тамыз » 13 » Ақылбек ЖЕМЕНЕЙ: Әндеріме ерекше кірпияздықпен қараймын
22:41
Ақылбек ЖЕМЕНЕЙ: Әндеріме ерекше кірпияздықпен қараймын
Ақылбек ЖЕМЕНЕЙ: Әндеріме ерекше кірпияздықпен қараймын

- Соңғы кездері сахнадан да, көгілдір экраннан да көрінбей кеткеніңнің сыры неде?
- Мен «Каспий» тобынан бөлінгеннен кейін халық арасында көптеген алып-қашпа әңгімелер айтыла бастады. Әрине, бұл үйреншікті құбылыс. Қанша айтқанмен, «жақсы адамның артынан сөз ереді». Дегенмен, «Каспийден» кетсем де, сахнадан кеткемін жоқ. Шақырған бірде-бір концерттен қалған, жалқаулық танытқан кезім болған емес. Қайта жаңа күшпен, тың идеялармен өнерге араласып жатқан жайым бар. Одан бөлек әндер жазылып, бейнеклиптер де түсіріліп жатыр.
- Мәселен?..

- Жақында белгілі клипмейкер Рашид Сүлейменовтің «Adai film» продюсерлік орталығында «Қаракөз - Динара» атты жаңа әніме бейнесаз түсірдім. Әнбаянның түсіру жұмыстары толығымен аяқталып, монтаждалып жатыр. Бұйыртса, шілде айына қарай көгілдір экраннан тамашалай аласыздар. Сондай-ақ, репертуарыма жаңа бағыттағы әндер енгізіп, болашақта тыңдармандарымды таңғалдырмақ ойым бар.
- Үлкен сахнада жүргеніңе талай жылдың жүзі болды. Жеке концерт беретін уақыт жеткен жоқ па?
- Иә, кәсіби әнші боламын деп өнер ордасы - Алматыға келгеніме 7-8 жылдың жүзі болды. Сол аралықта бір емес, бірнеше концерт беруге болар еді. Ол түгілі, дүйім жұртшылықтың алдында 1-2 жыл көрініп, бірнеше бейнеклип түсірген жас әншілер де Республика сарайында жеке концертін беріп жатыр ғой. Әрине, оларға ешқандай қарсылығым жоқ. Мүмкін, қаражаттары көп шығар…
Өзімнің неліктен концерт бермей жүргеніме келер болсақ, біріншіден, оның шығыны шаш етектен. Жасыратыны жоқ, қазірде барлығы ақшамен шешіледі ғой. Бүгінгі таңдағы басты мәселе - осы боп тұр. Екіншіден, мен ұзақ уақыт бойы жақсы әндерді іздедім. Орындайтын әндеріме ерекше кірпияздықпен қараймын. Бүгін айтылып, ертең ұмытылатын туындыларға жоламауға тырысамын. Сөйтіп жүргенде, шыны керек, біраз уақытты өткізіп алдық.
Республика сарайында жеке концерт беруге шамамен 40-50 мың АҚШ доллары қажет. Қазіргі кезде қолдау көрсетіп, материалдық тұрғыда көмек беретін демеушілерді іздестірудемін. Бәлкім, табылып қалар…
- Соған қарағанда, Ақылбек Жеменейдің шығармашылық кеші әзір өтпейді ғой?..
- Бәрі де мүмкін. Егер жоғарыдағы мәселелер оңды шешіліп жатса, алдағы айда да болып қалуы ықтимал. Алдағыны тек Алла біледі. Сондықтан асығыстық жасап, «мына күні халықтың алдында есеп беремін» деп асылық айту жараспас. Бұйыртқан күні көрерміз.
- Жалпы, бұрынғы мен қазіргі Ақылбектің айырмашылығы бар ма?
- Жасымызға жас қосылып, жігіт ағасы болғаннан кейін өзгеріс көп. Мәселен, сабырлы бола бастадық. Кейбір ұғымдарға түсінігіміз өзгерді. Өмірге көзқарасымыз басқаша деген сияқты… Оның үстіне отбасын құрып, әке атандық. Бұның барлығы адамды өзгертпей қоймайды. Жалпы, бір сөзбен айтқанда - есейдік. Әрі ішкі және сыртқы дүниемізде де «реформалар» баршылық.
- Байқаймын, шаш қою стилің де өзгерген сияқты. Бұрын шашың желкеңе дейін түсіп тұратын еді?..
- (Күліп алды). Ол да бар. Кезінде жастық жалынмен өсірдік қой. Енді ондай шашпен жүрмейміз. Уақыт өз дегенін істейді емес пе?! Әр нәрсенің өз мезгілі бар дегендей.
- Қазір кейбір өнер адамдары әншілігімен бірге, продюсерлік қырымен де танылып жүр. Соған қалай қарайсың?
- Бұл - рас. Орта буынды әншілер бар білгенін кейінгі толқынға, яғни жастарға үйретуді қолға алып, продюсерлікпен шұғылданады. Менің ойымша, бұл - игілікті іс. Өзіміз де жас болдық, ештеңені білмей, алдыңғы ағаларымызға елеңдеп жүрдік. Сол себепті, мүмкіндік болып жатса, іні-қарындастарыма бағыт-бағдар беру дұрыс деп есептеймін.
Өзіме де жас әншілер жолығып, ақыл-кеңес сұрап жатады. Оларға барынша жәрдемімді беріп, қолдан келгенше көмектесуге тырысамын. Мақтанғаным емес, «бізге продюсер болыңызшы» деп, өтініш-тілегін білдірген өнерлі өрендер талай рет кезікті. Бірақ бірден бас тартып, тек ағалық ақылымды ғана айтамын. Себебі, менің басты мақсатым - әншілік өнерімді дамытып, жеке шығармашылығымды өрістету. Продюсерлікпен шұғылдануға уақытым да, мүмкіндігім де жоқ қазір.
- Жерлес ағасынан көмек сұрай келетіндер көп шығар?..
- Әлбетте, болғанда қандай! Жалпы, жас әншілерді маңғыстаулық немесе алматылық деп бөлуден аулақпын. Бәріне бірдей қараймын. Бәріміз бір қазақтың баласымыз! Әйткенмен, оларға бәрін жан-жақты түсіндіріп, алдымен қаражаттың керегін түсіндіремін. Қалтаңда қаржың болмаса, жұртшылыққа танылу қиын. Алайда, қазір өнерлі әрі қалталы әншілер некен-саяқ.
- Отбасыңа қарай ойыссақ. Отызыңда орда бұздың. Енді қырық жасыңда қамал алатын шығарсыз?..
- Қамал алмасақ та, өзімізге ыңғайлы үйді қырыққа жеткізбей салып бітіреміз деген ойдамын. Құрылысты бастағаныма бірнеше жыл болды. Амандық болса, осы жазда жаңа үйімізге қоныс аударамыз. Қанша айтқанмен, ұзақ уақыт салдық қой…
- Соған сай шығыны да көп болар?..
- Ойбү-у-уй, кө-ө-өп (күрсініп…). Нақты қанша екенін айта алмаймын. Өйткені, дәл қазір өзім де білмеймін. Әйтеуір, аз емес. Бұйырса, Алматының шетінде орналасқан үлкен үй болмақшы.
- Жалпы, шыныңды айтшы, отбасылы жігіт болсаң да әлі күнге дейін телефон шалып мазалайтын қыздар көп пе?
- Расын айту керек, бұрынғыдай емес, сәл азайды. Себебі, отбасылы жанмын, келіншегім мен балам бар дегендей… Бірақ жанашыр жанкүйерлерім хабарласып, хал-жағдайымды, шығармашылықтағы жаңалықтарымды сұрап жатады. Оған жұбайым Орынгүл түсіністікпен қарап, алғашқы жылдардағыдай қызғанбайды. Біраз уақыт өтті ғой, бәріне үйренді. Жуырда ғана Алаш есімді ұлымыз үш жасқа толды. Айта кетерлігі, біздің шаңырақта сезімге деген сенім басым. Сондықтан жөн-жосықсыз қызғанышқа ешқашан жол бермейміз.
- Алашқа іні-қарындас сыйлауға қалай қарайсың?
- Біз қарсы емеспіз ғой (күлді). Бастысы - Құдай берсе болғаны. Алла жазса, кішкентайларымыз болар.
- Ақылбек, ер адамның бақыты дегенді қалай түсінесің? Өзің соған жете алдың ба?
- Менің пікірімше, ер бақыты деген - жақсы қызды кездестіріп, балалы-шағалы болу. Шүкір, ол бақытқа жеткен секілдімін. Ендігі екеуміз әдемі қартайып, балаларымыздың қызығын көрсек, немере сүйсек. Жалпы, ата-ананың қашанда тілегі - ұрпағының бақытты ғұмыр кешуі ғой. Сол үшін аянбай тер төгіп, жұмыс істеп жатқан жайымыз бар.
- Сұхбатыңа рахмет! Шығармашылық табыс тілеймін!
Категория: Сұхбаттар | Просмотров: 2743 | Добавил: Bamxana | Теги: Ақылбек Жеменей | Рейтинг: 3.2/5
(43.31 Kb, 468x60)
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]