Қаракөз ТІЛЕУБЕКОВА: «Алла Пугачевамен дуэт айтуды армандағанмын…» - 13 Августа 2010 - Қазақша ән, клип, сурет, фильм. Шет ел ән, клип Жүктеу
жексенбі, 11.12.2016, 05:16

Қазақ Жастары

Пікірлер
24.12.2014
Еркін Нұржанов-Аягөз (2011)
Жазған:
Пікірі:
ереке твой музыка кл... (Жауап жазу)
18.10.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
Қалқаман бауырым ама... (Жауап жазу)
04.10.2014
МҰҢ
Жазған:
Пікірі:
кушты. онерин устем ... (Жауап жазу)
04.10.2014
Жүрексіз де көрейін өмір сүріп
Жазған:
Пікірі:
керемет туындылар. ж... (Жауап жазу)
18.09.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
рахмет калкаман аа с... (Жауап жазу)
21.04.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
kuwti,olen (Жауап жазу)
19.02.2014
Бақытгүл Бабаш - Бір арман емес пе ек?
Жазған:
Пікірі:
ИА қазыргы таңда акы... (Жауап жазу)
19.02.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
Калкаман Сарйн акын ... (Жауап жазу)
26.01.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
сиздин олендеринизге... (Жауап жазу)
27.12.2013
Жанабай-Аяла (жана нұсқа 2011)
Жазған:
Пікірі:
Magan ander ote unad... (Жауап жазу)
Жеке бұрыш
Қош келдіңіз, Қонақ
05:16
Топ: Қонақ
Қонақ Егер тіркеле алмасан merei...90@mail.ru осы почтаға хабарлас үлкен бастық ашып береді...

Шәйхана
500
Санақ
Сайтта отырғандар: 1
қонақтар: 1
мүшелер: 0
Главная » 2010 » тамыз » 13 » Қаракөз ТІЛЕУБЕКОВА: «Алла Пугачевамен дуэт айтуды армандағанмын…»
22:35
Қаракөз ТІЛЕУБЕКОВА: «Алла Пугачевамен дуэт айтуды армандағанмын…»
Қаракөз ТІЛЕУБЕКОВА: «Алла Пугачевамен дуэт айтуды армандағанмын…»


-Қаракөз, кейінгі кезде cахна төрінен көрінбей кеттіңіз. Ал, ел арасында, «Бауыржан-шоу» әзіл-сықақ театры тарап кетіпті» деген әңгіме гулеп жүр. Осының анық-қанығын өз аузыңыздан естісек деп отырмыз..?

-Театрдың тарап кеткен түгі де жоқ. Біздің театр халыққа біраз еркелеп, бір жылдай сахнаға шықпай қалды. Аллаһ қаласа, үстіміздегі жылдың қыркүйек айында, театр ұжымы қайтадан бас қосып, жұмыла жұмысқа кірісетін болады. Күз айларының бірінде халыққа әдемі бір күлкі кешін сыйласақ деген ойымыз бар. Ал, дәл қазіргі таңда, театр ұжымындағы әртістердің әрқайсысы, өздерінің жеке жұмыстарымен айналысып жүр. Себебі, театрдағы бір жұмыспен ешкім де жан бағып отыра алмайды. Мысалы, өзім екі-үш жерде жұмыс істеймін. Әншілік өнерімнен бөлек, кішігірім бизнесім бар. Әйтпесе, әнді жаздыру үшін де қаражат керек. Ал, оны кімнен сұрайсың? Сондықтан, оң жағыңда өнерің, ал сол жағыңда басқа бір табыс көзің болмаса, қазіргі заманда бір айлыққа қарап күнкөріс ету, өте қиын дүние. Ал, біз әртістер әрдайым халықтың назарында жүретіндіктен, үнемі әдемі әрі сәнді киініп, «атымызға затымыз сай» болып жүруіміз керек.

- Естуімізше, соңғы кездері киноға түсіп жатыр екенсіз..?

- Дұрыс айтасыз, соңғы уақытта киноға түсуді де қолға алдым. «Кішкентай рөл болмайды, кішкентай актер болады» - демекші, алғашқы кішігірім рөлімді В.Матухиннің «Ночные агнелы» фильмінде жеңілтек әйелдің рөлін сомдаудан бастадым. Сондай-ақ, басқа да режиссерлардың ұсынысымен «Қызды қалай ұрлаймыз?», «Коктейль для звезды», «Несиеге махаббат» атты кинокартиналарға түстім. Оның біреуінде басты рөлде ойнаймын. Және бұл еңбектерім болашақта, көрермендерімнің де көңілдерінен шығады деп сенемін.

- Ән әлеміңізде қандай жаңалықтарыңыз бар?

- Осыдан үш жыл бұрын өткен жеке есеп беру концертімнің жалғасы ретінде, биыл өзімнің жеке шығармашылығыма арналған тағы бір концерт ұйымдастыруды жоспарлаған едім. Бірақ, Республика сарайы күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылып қалғандықтан, бұл мәселе әзірше сәл кейінге қалып отыр. Ал қазір, жеке ән жинағымды жарыққа шығару мақсатында, жергілікті композиторлармен тығыз жұмыс үстіндемін. Ән қоржынымды тағы біраз жаңа әндермен толықтырып жатырмын. Қазірдің өзінде, айтылғаны бар, айтылмағаны бар, өңделгені бар, өңделмегені бар бәрінің басын қосқанда, әндерімнің саны бүгінде - 60-70-тің үстіне келіп жығылады. Екі бейнебаяным бар. Оның бірі - «Алматының түндері», ал екіншісі «Өмірде олай болмайды». Бұл екеуі де Қайрат Жүнісовтың әніне жазылған. Алдағы уақытта тағы бір бейнебаян түсірсем деген ойым бар.

- Кино, театр, ән деп дамылдап жүріп, бәріне уақытты қалай табасыз?

- Бәріне бірдей үлгеруге тырысамын. Мен үшін - осы жұмыстарымнан қолым тимей, бос уақытымның болмай, ары-бері шапқылап, жүгіріп жүргенімнің өзі - бір бақыт. Қайта қызметім алға қарай басқан сайын, бойымда бір ерекше күш-қуат пайда болып, шабытым мені шыңға жетелей түседі. Осылайша, жылдың төрт мезгілінде уақытпен санаспай еңбек еткенді жаным сүйеді. Тек, шілде айында жұмыс істегенді ғана ұнатпаймын. Себебі, жаздың аптап ыстығына шыдай алмаймын.

- Демек, дәл қазіргі уақытта өз-өзіңізге демалыс жариялап жүрсіз ғой?

- Иә. Аллаһ бұйыртса, тамыз айынан бастап, қызу жұмысқа кірісетін боламын. Сондай-ақ, Қазақстанның кейбір қалаларына гастрольдік сапармен аралап қайту жоспарымда бар. Және Сергей есімді талантты әрі жас фотограф жігітпен келісіп, бір айдан соң, фотосессияға түсуге дайындалып жатырмын. Қазіргі уақытта байқап қарасаңыз, өнер адамдарының дайындаған фотосессияларының барлығы дерлік бір-біріне ұқсас, бірдей формада, бірдей келбетте. Шыны керек, менің көзім осындай біркелкіліктен шаршап кетті. Сондықтан, өз фотосессиямда ерекше бір өзгешелік болсын деген мақсатпен, басқа қырымнан ізденіп жатырмын.

- Әңгіме арасында «кішігірім бизнеспен айналысамын»-деп айтып қалдыңыз. Құпия болмаса, бизнестің қай түрімен шұғылданып жүрсіз?

- Бизнесті жаңадан бастап жатқаннан соң, елге ашып айта бергім келмейді (жымиды)…

- Халық сізді «Бауыржан-шоу» әзіл-сықақ театры арқылы танып білді. Бірақ, аталмыш театрды да сізсіз елестету мүмкін емес сияқты. Осы театр сахнасында қай жылдардан бастап еңбек етіп келесіз?

- Мен бұл әзіл сықақ театрына, театрдың бұрынғы режиссері, марқұм Марат Сақатовтың шақыртуымен келген болатынмын. «Бауыржан шоу» әзіл-сықақ театрының сахнасына алғаш рет 1995 жылы шығып, өнер көрсеттім. Ол кезде театрдың құрылғанына небәрі бір жылдың көлемі ғана болатын. Одан бері, арада он бес жыл өтсе де, әлі күнге дейін, осы театрдың барлық ыстық-суығына біркісідей төзіп келе жатырмыз.

- Ал, сахнада сіз көбінесе өжет, қайсар мінезді, немесе шолжаң ерке қыздардың образын жиі әрі сәтті сомдайсыз. Мұндай рөлдер жаныңызға қалай жақын?

- Театр арқылы таныған халық мені шынайы өмірде де көбінесе сондай қайратты, өжет қыз деп ойлайды. Шын мәнісінде, шынайы өмірде менің қаталдығыммен қоса, жұмсақ мінезім де баршылық. Ал, сахнадағы рөлдерімді кейде өзім таңдап аламын, кейде басшылық арнайы бөліп береді. Әртіс болған соң, тіпті жағымсыз кейіпкерлерді ойна десе де, ойнайсың. Өзім жағымсыз рөлдерді ойнағанды жақсы көремін. Бірақ, әртіс сахнада жаман образды сомдай тұрып, көрерменге оның жақсы қасиетін де көрсете білу керек. Мүмкін, сондықтан болар, менің қайсібір жағымсыз кейіпкерлерімнің барлығын да, көрермендерім өте ыстық қабылдайды.

- Болашақта жеке театр құру ойыңызда бар ма?

- Әрине, ондай арманым бар. Бұрыннан бері «жеке театр ашсам»- деген арманым менен қалмай келеді. Бірақ, ол оңай дүние емес. Мұның барлығы - болашақтың еншісінде.

- Сонда, сіздің арманыңыздағы театрдың ұстанған бағыты қандай болмақ?

- Менің арманымдағы театрдың ұстанатын бағыты өзге әзіл -сықақ театрларының ұстанымынан мүлде бөлек. Әзірге, өзімнің идеямды ашық түрде жария етпеймін. Әйтпесе, идеямды ұрлап, «жымқырып» әкетіп жүрсе (күліп)…

- «Әншіні танымал ететін - ән»- деген пікірге келісесіз бе?

- Жоқ, бұл пікірмен мүлде келіспеймін. Әншіні әнші ететін ән емес. Бұл ретте, мен ең бірінші кезекке еңбекті қояр едім. Сосын, сол еңбегіңді алға бастыратын - ми мен ақыл қажет. Ұстазым Кәукен Кенжетаев ағамыздың мынандай айтқан бір ақылы әлі күнге дейін есімде: «Сен үшін бәрін композитор ойлап тауып қойған. Сенің тек миың болсын. Әнді айтудың өзі - бір математика. Өмірдің өзі - математика. Сен қай дыбысты, қай сөзді қалай айтып тұрсаң да, жүрегіңмен айтуға тырысуың керек. Ал жүрекке жеткізу үшін, мимен жұмыс істей біл!» Мінекей, осы сөздер менің жадымнан кетпейді. «Дауысым бар екен»- деп, бақырып ән айта берудің ешқандай қажеті жоқ, кішкентай дауыспен-ақ көрерменнің жүрегінен орын табуға болады. Әрине, табиғи дауыс та керек. Бірақ, ол жүректен шықпаса, ән болмайды.

- Әнді дуэтпен айтуға қалай қарайсыз?

- Бір кездері, әпкем Гүлбаушанмен және сыңарым Ботагөзбен дуэт айтқанбыз. Ал, өзім Алла Пугачевамен бірігіп, дуэт айтуды армандайтынмын. Өкінішке орай, ол бүгінде зейнетке шығып кетті (күліп)! Сондай-ақ, Италияның ұлы әншісі Аль Баномен дуэт айтуды армандаймын!

- Өзіңізді атақ-даңққа құмар әртістердің қатарына қосасыз ба?

- Егер өнерді таңдап, оның биік шыңына қарай ұмтылатын болсаң, саған атақ-даңқ керек. Себебі, ертеңгі күні, балаң сенен: «Мама, сенің ешбір атағың жоқ. Осы уақытқа дейін не жұмыс істегенсің?» -деп сұрауы мүмкін ғой(күліп)… Сенің еңбегіңді бағалап, мақтап, мадақтап, көтеріп жатса, ол - үлкен қуаныш емес пе?! Біз сахнада мәңгілік жүрмейміз. Ертеңгі күні біз де қартаямыз. Бұл өмірден біз де кетеміз. Сондықтан, артыңда жазба түрде болса да, бір дүние қалу керек деп ойлаймын. Қазіргі күнде, кейбір жастарға «Шапал Бейсекова деген кісі кім болған?» немесе «Кәукен Кенжетаев деген кісі кім?» десең, ешбіреуі жөнді жауап бере алмайды. Тіпті, Шәкен Аймановты да білмейтін жастарымыз бар. Мұны көргенде ішің удай ашиды.

- Қаракөз,әдемі әңгімеміздің ендігі бағытын, сіздің жеке отбасыңызға қарай бұрсақ. Кіндік қаныңыз тамған туған жеріңіз жайлы да біраз сыр бөліссеңіз..?

- Мен Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылында туылғанмын. Менің әкем де, анам да осы Алматы қаласында туып өскен жандар. Екеуі де өнерге бір табан жақын адамдар. Әкемнің есімі -Байжұма, ауылда гараж меңгерушісі болып қызмет атқарған. Әкемнің қара жер қойнауына жан тапсырғанына он бес жылдан астам уақыт болды. Ал, анам - Ақжолтай, ауылда шарап шығаратын зауытта қызмет істеген. Қазіргі таңда - зейнеткер, немерелерінің қызығын қызықтап ауылда тұрып жатыр. Отбасында жеті ағайындымыз. Мен егіздің сыңарымын. Ал, жақында ең үлкен әпкемізден айырылып қалдық. (Арты иманды болсын! Ред.) Менің түсінгенім - бірге туған адамың о дүниелік болып кеткенде, сен бір жылға болса да бір саты есейеді екенсің. Үйдің кенжесі болғандықтан ба, туыстарымның алдындағы жауапкершілігім одан сайын арта түскен тәрізді. Дәл қазір, өнер сахнасында жүрген өздеріңіз білетін Гүлбаушан әпкем екеуміз ғана. Ал, менің егізім, сыңарым - Ботагөз өнерге жан-тәнімен жақын жан. Екеуіміз де Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының театр факультетін бітіргенбіз. Бірақ, Ботагөз бірінші кезекке - отбасын қойды да, өнерден кішкене алшақтап қалды. Әрине, қыз бала үшін, бірінші кезекте - отбасы тұруы шарт. Дегенмен, «отбасы, отбасы»- деп, бойыңдағы Аллаһ берген талантты өлтіріп тастауға да болмайды. Меніңше, отбасы мен өнерді қатар алып жүруге де болатын сияқты…

- Сөзіңізге қарағанда, өзіңіз осы екеуін қатар алып жүрген сияқтысыз. Демек, тұрмысқа шықтыңыз ғой?

- Менің жеке өмірім жайлы, көпшілік халық менен жиі сұрайды. Бірақ, мен шығармашылық пен жеке өмірімді араластырғым келмейді. Әрине, оқырмандарға әртістердің жеке өмірі қызығырақ. Ал мен сіздің бұл сауалыңызға тек бір ақ сөйлеммен жауап берейін. Ия, мен тұрмыстамын! Бүгінде бір үйдің отын маздатып отырған бақытты әйелмін!

- Өнердегі және өмірдегі жан сырларыңызды кіммен бөлісесіз?

- Өнердегі менің сырласым - Гүлбаушан әпкем. Бір ана, бір әкеден тараған соң, бір-біріңе ешқашан жаманшылық ойламайсың. Соның өзінде мен адам баласына 100 пайыз құпиямды ашып айта бермеймін. Әр адамның өз сыры өзінде болуы керек деп ойлаймын. Бірақ өзім «дүниеде адам баласына сенемін», немесе «сенбеймін» деп, кесіп айта алмаймын. Барлығын баптап, байқап сөйлеуге тырысамын. Дегенмен, өмірде сырласатын бір-ақ адамым бар. Оның есімі - Сәуле. Мамандығы - психолог. Сәуле - менің анамның інісінің қызы. Ботагөз үшеуіміз кішкентайымыздан бірге ойнап өстік. Бірақ, Ботагөз тұрмысқа ерте шығып кетті. Ал, Сәуле екеуіміздің әлі күнге дейін сырымыз да, жырымыз да - бір.

- Сөз соңында, біздің журналға айтар тілегіңіз?

- «Жұлдызбен сырласу»- деп аты айтып тұрғандай, өнер адамдарының жақын сырласы болып үлгерген, әрі ақпарат айдынына «тәй-тәйлап» келе жатқан жас журнал ұжымына шығармашылық табыс пен баянды бақыт тілеймін!


Сұхбаттасқан: Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ

«Жұлдызбен сырласу» журналынан
Категория: Сұхбаттар | Просмотров: 2493 | Добавил: Bamxana | Теги: Қаракөз ТІЛЕУБЕКОВА | Рейтинг: 0.0/0
(43.31 Kb, 468x60)
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]