Асқар ЖҮНІСБЕКОВ: «Өсекқұмар адамдарға жүрегім жылымайды…» - 13 Августа 2010 - Қазақша ән, клип, сурет, фильм. Шет ел ән, клип Жүктеу
жексенбі, 11.12.2016, 10:55

Қазақ Жастары

Пікірлер
24.12.2014
Еркін Нұржанов-Аягөз (2011)
Жазған:
Пікірі:
ереке твой музыка кл... (Жауап жазу)
18.10.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
Қалқаман бауырым ама... (Жауап жазу)
04.10.2014
МҰҢ
Жазған:
Пікірі:
кушты. онерин устем ... (Жауап жазу)
04.10.2014
Жүрексіз де көрейін өмір сүріп
Жазған:
Пікірі:
керемет туындылар. ж... (Жауап жазу)
18.09.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
рахмет калкаман аа с... (Жауап жазу)
21.04.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
kuwti,olen (Жауап жазу)
19.02.2014
Бақытгүл Бабаш - Бір арман емес пе ек?
Жазған:
Пікірі:
ИА қазыргы таңда акы... (Жауап жазу)
19.02.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
Калкаман Сарйн акын ... (Жауап жазу)
26.01.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
сиздин олендеринизге... (Жауап жазу)
27.12.2013
Жанабай-Аяла (жана нұсқа 2011)
Жазған:
Пікірі:
Magan ander ote unad... (Жауап жазу)
Жеке бұрыш
Қош келдіңіз, Қонақ
10:55
Топ: Қонақ
Қонақ Егер тіркеле алмасан merei...90@mail.ru осы почтаға хабарлас үлкен бастық ашып береді...

Шәйхана
500
Санақ
Сайтта отырғандар: 1
қонақтар: 1
мүшелер: 0
Главная » 2010 » тамыз » 13 » Асқар ЖҮНІСБЕКОВ: «Өсекқұмар адамдарға жүрегім жылымайды…»
22:33
Асқар ЖҮНІСБЕКОВ: «Өсекқұмар адамдарға жүрегім жылымайды…»
Асқар ЖҮНІСБЕКОВ: «Өсекқұмар адамдарға жүрегім жылымайды…»
 

-Асқар, шығармашылығыңызда қандай жаңалықтар болып жатыр? -Қазіргі таңда, бірнеше жаңа әндер жаздыру үстіндемін. Өзімнің репертуарымда патриоттық ән болмағандықтан, Е.Серікбаевтың «Жаса, Қазақстан!» атты әнін жаздырдым. Сондай-ақ, Ж.Дәулетовтың «Жарай ма?» және Б.Омаровтың «Күндер» атты екі жаңа әнімен репертуарымды толықтырдым. Және, жақында «Жарай ма?» әніне «Нысана» әзіл-сықақ театрының жігіттерімен бірігіп, әзілге құрылған бейнебаянды Шымкент қаласында түсіріп келдім. Бірақ, бұл бейнебаян қазір өңделу үстінде, көп ұзамай көрермен назарына ұсынылатын болады. Сонымен қатар, жақын күндерде өзімнің жеке ән жинағымды шығаруды жоспарлап отырмын. Бұл ән жинағым «Хат жазып тұр…» -деп аталуы әбден мүмкін. -Ән қоржыныңыздағы жүрегіңізге ең жақын әніңіз қайсы? - И. Сапарбайдың сөзіне жазылған «Ананы аңсау» атты әні жүрегіме өте жақын.

-Әріптесіңіз Бағланның бізге берген бір сұхбатынан, «Жігіттер» продюсерлік орталығының жақында өткізген кешінде сіздің дайындығыңыздың аздау болғанын естідік. Бұған не айтасыз?

-Осы әңгімені қазір көп жерден естіп жүрмін. Тіпті, «Хит тв» арнасынан да Бағлан осыны айтыпты деп естіп жатырмын. Мүмкін, менің дайындығым Бағланға ұнамаған шығар. Бірақ, концертке келген көрермендердің көңілінен шықтым деп толығымен айта аламын.

- Ұстазыңыз - Әбдіхан Нұрмұханбетов бүгінде өзіңізбен бірге сахнада жүрген көптеген әріптестеріңізге өнер әлеміне жол ашып берді. Ұстаз ретінде, Әбдіхан ағаның қандай мінезін жоғары қоясыз? Қазір араласып тұрасыз ба?

-Кішкентай күнімізден бізді қолымыздан жетектеп, жетелеп жүрген аға ұстазыммен бүгінде жақын қарым-қатынастамын. Аға-іні болып, үнемі хабарласып тұрамыз. Әбдіхан аға ұстаз ретінде өнерге талпынған әрбір жас өнерпаздың бойынан әншіге тән қасиетті тауып, соны аша біледі.

-Асқар, сіздің отбасын құрғаныңызға бір жылдай уақыт болды. Естуімізше, жұбайыңыз әлі студент екен..?

-Иә. Өмірлік жарым Гүлжанар - Шымкент қаласында тіс дәрігері мамандығы бойынша білім алып жатыр.

-Отбасылы болғаныңызбен, саусағыңыздан неке жүзігі көрінбейді ғой..?

-Өзім бала күнімнен сақина, алқа сияқты әшекейлі заттарды тағуға мүлде қызықпаймын. Ал, Гүлжанар екеумізге сыйлаған неке жүзігі жұбайыма шақ келді де, ал маған кішкене үлкендеу болып қалды. Сол себепті, неке жүзігі қазір үйде тұр (күліп)…

-Жарыңыздың мінезі қандай?

- Мінезі ашық, қарапайым жан. Өнегелі тәрбие көрген Оңтүстік өңірінің қызы. Өзім тұйық мінезді болғандықтан, жарымның мінезі ашық болғаны дұрыс та шығар…

-Сізге қоңырау шалып, жиі мазалайтын жанкүйер қыздардың қатары әлі де азаймаған болар. Мұны Гүлжанар қалай қабылдайды ?

-Әрине, мазалайтын қыздар әлі де бар. Бірақ, әу баста-ақ, отбасын құрмай тұрып, келіншегім менің өнер адамы екенімді өте жақсы білді. Сондықтан, ол қазір ондай жағдайлардың барлығына түсіністікпен қарауға тырысады.

-Қызғаншақсыз ба?

-Әйеліңді қызғанған дұрыс деп есептеймін.

-Адам бойындағы қандай қасиеттерге жаныңыз жақын?

- Ең алдымен, адам бойындағы адалдықты өте қатты бағалаймын.

-Керісінше, жақтырмайтын қасиетіңіз?

-Мақтаншақ, өсекқұмар адамдарға жүрегім жылымайды. Жалпы, өмірде Абай атамыздың айтқан бес нәрсесінен қашық болып, бес нәрсесіне асық болуға тырысамын.

-Ал, өз бойыңыздағы өзіңізге ұнамайтын қасиетіңіз бар ма?

- Үнемі сары уайымға салынып жүремін. Сонымен қоса, аздап жалқаулығым да бар.

-Өтірікті жиі айтасыз ба?

-Жалпы, біреуге зиян келтіретіндей өтірік айтпаймын. Бірақ, ара-тұра өтірік айту болып тұрады. Меніңше, өтірік айтпайтын адам жоқ сияқты.

-Көңіліңізге қаяу түсіп, мұңға батқан кезіңізде кіммен сырласасыз?

-Ондай сәт туған жағдайда, мен өзімді басқа адамдардың орнына қойып көруге тырысамын. Менен де жағдайы нашар адамдар бар, оларға қарағанда жағдайым баршылық деп өз тәубеме келемін. Шүкіршілік етіп, көңілімнен қуаныш табуға тырысамын.

-Дінге деген көзқарасыңыз қандай?

- Аллаһқа шүкір, ниетім - түзу, көзқарасым - өте жақсы. Жұма намазынан қалмауға тырысамын. Алдағы уақытта, мұсылмандық парыздың бірі - бес уақыт намазға жығылу ойымда бар.

-Асқар, өзіңіздің туып-өскен ыстық ұяңыз жайлы әңгіме қозғай отырсаңыз..?

-Мен 1984 жылы, 7 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбар елді мекенінде қарапайым отбасында дүниеге келдім. Әкемнің есімі - Марат, мамандығы - мал дәрігері. Бүгінде, отбасымызбен Алматы қаласында тұрып жатырмыз. Анамның есімі - Айсәуле, бірнеше жыл мектепте ұстаздық еткен жан. Бірақ, өкінішке қарай, институт қабырғасында оқып жүргенімде, анамнан мәңгіге айырылып қалдым. Отбасында өзімнен кіші Заңғар есімді інім бар. Аллаһ қаласа, биылғы жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін экономика саласы бойынша тәмамдағалы жатыр. Ал, өзім Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының эстрада және вокал факультетінде білім алғанмын.

-Бала күніңізде есте қалған қызықты бір оқиғаңызбен бөлісе отырсаңыз..?

-Балабақшаға барып жүрген кезім еді. Жаңа жылдық шыршаға аз уақыт қалғанда, анам маған арнап қоянның киімін тігіп берген болатын. Қоянның киімін киіп алып, балабақшаға барсақ, жанымдағы балалардың барлығы аю, қасқыр, ноянның киімін киіп алыпты. Әлгі жерде мен қоянның киімін киіп алғаныма намыстанып, жылап, киімімді шешіп тастап, кереуеттің астына тығылып қалдым. Одан ол киімді анам маған қайта кигізіп, мен оны қайта шешіп тастап анамды біраз әлекке салғаным, күні бүгінге дейін есімнен кетпейді. Ақырында, жаңа жылдық шыршаға қоянның киімін кимей, өзімнің күнделікті киетін киіміммен барғанмын…

-Өнер шыңында қол жеткізген жетістіктеріңіз қандай?

-Мектеп қабырғасында оқып жүргенімде, Шымкент қаласында жыл сайын ұйымдастырылатын облыстық «Балауса», «Арай» конкурстарына қатысқан болатынмын. Сондай-ақ, Ш.Қалдаяқов атындағы халықаралық конкурстың лауреатымын. Республикалық «Жас қанат» байқауына қатысып, дипломант атандым. Сонымен қатар, «Азия дауысы» фестивалінің аясында өтетін «Қазақ әндері» атты конкурстың дипломантымын.

-Киім кию жағынан кіммен ақылдасасыз?

-«Адам көркі - шүберек» дегендей, жақсы киініп жүруге тырысамын. Дүкендерді бір өзім аралағанды ұнатамын. Жалпы, киім кию жағынан өзіме ғана арқа сүйеймін.

-«Жұлдызбен сырласу» журналына айтар тілегіңіз?

- Оқырмандарыңыз көп болсын! Өнер жұлдыздарының сырласы әрі серігі болып жүре беріңіздер!

-Әңгімеңізге көп рахмет!

Сұхбаттасқан: Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ

«Жұлдызбен сырласу» журналынан
Категория: Сұхбаттар | Просмотров: 2279 | Добавил: Bamxana | Теги: Асқар Жүнісбеков | Рейтинг: 3.0/1
(43.31 Kb, 468x60)
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]