Қазақта МузАРТ-қа еліктемеген топ жоқ шығар… - 19 Августа 2010 - Қазақша ән, клип, сурет, фильм. Шет ел ән, клип Жүктеу
жексенбі, 11.12.2016, 10:57

Қазақ Жастары

Пікірлер
24.12.2014
Еркін Нұржанов-Аягөз (2011)
Жазған:
Пікірі:
ереке твой музыка кл... (Жауап жазу)
18.10.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
Қалқаман бауырым ама... (Жауап жазу)
04.10.2014
МҰҢ
Жазған:
Пікірі:
кушты. онерин устем ... (Жауап жазу)
04.10.2014
Жүрексіз де көрейін өмір сүріп
Жазған:
Пікірі:
керемет туындылар. ж... (Жауап жазу)
18.09.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
рахмет калкаман аа с... (Жауап жазу)
21.04.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
kuwti,olen (Жауап жазу)
19.02.2014
Бақытгүл Бабаш - Бір арман емес пе ек?
Жазған:
Пікірі:
ИА қазыргы таңда акы... (Жауап жазу)
19.02.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
Калкаман Сарйн акын ... (Жауап жазу)
26.01.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
сиздин олендеринизге... (Жауап жазу)
27.12.2013
Жанабай-Аяла (жана нұсқа 2011)
Жазған:
Пікірі:
Magan ander ote unad... (Жауап жазу)
Жеке бұрыш
Қош келдіңіз, Қонақ
10:57
Топ: Қонақ
Қонақ Егер тіркеле алмасан merei...90@mail.ru осы почтаға хабарлас үлкен бастық ашып береді...

Шәйхана
500
Санақ
Сайтта отырғандар: 1
қонақтар: 1
мүшелер: 0
Главная » 2010 » тамыз » 19 » Қазақта МузАРТ-қа еліктемеген топ жоқ шығар…
16:17
Қазақта МузАРТ-қа еліктемеген топ жоқ шығар…

Қазақта МузАРТ-қа еліктемеген топ жоқ шығар…


-Жігіттер, алдымен оқырмандарымызға өздеріңізді кеңірек таныстырып өтсек. Қай өңірде дүниеге келдіңіздер? Отбасы, білім алған орталарыңыз жайлы сөз қозғай отырсаңыздар?


Ғабит: Мен - Абилдаев Ғабит Бибасыұлы, 1987 жылы Шымкент қаласында дүниеге келдім. Отбасымында үш ағайындымыз. Әкемнің есімі - Бибасы. Ал анамның аты Мейрамгүл. Үйдің үлкені менмін. Өзімнен кейін, Дастан және Бақыт деген інілерім бар. Балалық шағым туған қаламда өтті. Шымкент қаласындағы №26 Ж.Жабаев атындағы орта мектепте білім алдым. Одан кейін Алматыға келіп, М.Тынышпаев атындағы Қазақ Көлік және Коммуникация Академиясына оқуға түстім. Аталмыш академияда үш жыл білім алып, төртінші жылда ол оқуды тастап, қайтадан Т.Жүргенов атындағы Өнер Академиясының эстрадо-вокал бөліміне оқуға түстім. Әрине, ата-анам бұған алғашында қарсы болды. Бірақ, кейін мені түсініп, әкем: «Балам, жүрегің нені қалайды, соны таңда» деген соң, барлығы да келісті. Қазір Аллаһқа шүкір, Өнер Академиясының 2 курс студентімін.

Ролан: Мен - Хазіретов Ролан Мәлікұлы 1988 жылы, 13 шілдеде Алматы облысы, Алакөл ауданы, Қабанбай ауылында дүниеге келдім. Анамның есімі - Баян, жергілікті сотта қызмет атқарады. Әкемнің есімі - Мәлік, ауылшаруашылығымен айналысады. Отбасында үш ағайындымыз, өзімнен үлкен Нұрлан және Руслан есімді екі ағам бар. Бүгінде екеуі де өз алдына бөлек отбасын құрған азаматтар. Үйдегі жалғыз бойдақ - мен. Ауылдық мектепте 9-сыныпты бітірген соң, Талдықорған экономика-тенхнологиялық колледжіне, салық мамандығы бойынша білім алуға құжат тапсырдым. Аталмыш колледжді тәмамдаған соң, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне тапсырдым. Бірақ, мұнда жүргенде өнерге деген құлшынысым оянып, оқуға деген ниетім өзгерді. Содан соң, бұл оқуды тастап, арман қуып Алматыға келдім. Өзім қалаған Ж.Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжіне оқуға түстім. Дәл қазіргі сәтте дилом алып жатқан жағдайым бар. Алдағы уақытта, білімімді әрмен қарай ұштастырғым келеді. Бірақ, әлі қай оқу орнына, қай мамандыққа тапсыратынымды шешкен жоқпын.


Қайрат: Мен - Мырзаханов Қайрат Қамсаұлы 1985 жылы, 1 тамызда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Келдімұрат ауылында дүниеге келгенмін. Әкем - Қамса Сексенбайұлы отбасындағы арқа сүйер асқар тауымыз. Ал анам - Кәрібаева Гүлбайра балаларынан қамқор көңілін аямайтын аяулы жан. Отбасында біз де үш ағайындымыз. Қарлығаш есімді әпкем және Сандуғаш есімді қарындасым бар. Мен үйдің ортаншысымын. Туған ауылымда тоғызыншы сыныпқа дейін оқыдым. Сосын, біз отбасымызбен Семей қаласына көшіп келдік. Семейге көшіп келген бетте, мектепте де, колледжде де қатар оқуға мүмкіндік болды. Соны пайдаланып, мен аптаның бір күнінде колледжде дәріс алып, ал қалған күндері мектепте орта білімімді жалғастырдым. 2002 жылы, мектепті тәмамдап, 2003 жылы Заң колледжін бітіріп шықтым. Ал 2004-2006 жылдары, әскерде отандық борышымды өтедім. Сөйтіп, 2007 жылы осы Алматыдағы Ж.Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжіне оқуға түстім. Сол жерде білім алып жүріп, қасымдағы жігіттер Ролан, Ғабит, Жігермен таныстым.

Жігер: Мен Ауыпбаев Жігер Жандосұлы, Алматы облысының тумасымын. 1987 жылы, мамыр айының 3 жұлдызында Райымбек ауданы, Кеген ауылының қарапайым отбасында дүниеге келдім. Әкем - шаруа қожалығында, ал анам болса аудандық маслихатта қызмет етеді. Отабасында алты ағайындымыз. Гүлнұр атты әпкем, Алмас есімді інім, Айым, Назерке, Ақжан есімді қарындастарым бар. Ауылда 8-сыныпта оқып жүргенімде, марқұм Шманов Амантай деген ағамыз мені байқап қалып, Қарасаз ауылындағы Мұқағалидың өнер мектебіне шақырған болатын. 1 жылдай сол мектепте дәріс алдым. Бірақ, Амантай аға қайтыс болған соң, ауылыма қайта қайтып келдім. Бір жыл көлемінде Алматыдағы Шалтай Смағұлов атындағы № 9 мектеп-интернатта білім алдым. Бірақ, 11 сыныпты ауылдық мектебімде бітірдім. Бүгінгі таңда, Ж.Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінің түлегімін. Алдағы уақытта, жұмыстан тыс уақытымның барлығын білімге, ізденіске арнағым келеді. Өмірдің биік шыңына жетсем деген зор арманым бар.

-Топтың аты «Меломен» қандай мағынаға ие ? Және бұл топты құрған кім?


Ролан: Біз: Қайрат, Жігер үшеуміз колледже бір топта оқыдық. Мұнда біздің достығымыз жарасып, сыйластығымыз арта түсті. Ұстаздарымыз да, «бірге ән айтып көрсеңдер қайтеді…» деп ұсыныс тастады. Сөйтіп, бірге ән айтып, байқап көріп ек, дауысымыз да жарасып, үйлесімін таба кетті. Содан, топ құруды мақсат тұтып, топтың атын ойластырумен, ізденумен болдық. Музыкалық энциклопедиядан қарап, «Меломан» деген сөзді таңдадық. «Мело» деген -өнерді бағалайтын адам деген мағынаны білдіреді. Ал «ман» деген тіркесінің орнына «мен» деген сөзді алдық, яғни ағылшынша көпше түрде жігіттер - «мен» деген мағынаға ие. Сол себепті, топты «Меломен» деп атауды жөн көрдік. Яғни, «Меломен» сөзінің негізгі анықтамасы - «Өнерді бағалайтын жігіттер». Арамыздағы төртінші жігіт - Ғабитпен Қайрат арқылы таныстық. Араласа келе, оған топ болып ән айтуға ұсыныс білдірдік. Осылайша, тобымыз 2007 жылдың аяқ кезінде толық құралып, біз шоу-бизнес әлеміне біртіндеп қадам бастық.


Жігер: Мен бізді Аллаһ Тағаланың қалауымен құрылған топ деп білемін. Интернатта оқып жүрген кезім еді. Шаршап жатып қалған болатынмын. Түс көріппін. Түсімде - аппақ, үлкен сарайдың ішіне кіріп келе жатыр екенмін. Сарайдың ішімен келе жатсам, сахнада ақ киім киген үш жігіт тұр. Менің де үстіме киіп алғаным - ақ түсті киім екен. Әлгі сахнадағы үш жігіт мені қол бұлғап шақырып жатыр. Бұлдырлаған бейнелерін көзім танымай, «бұл «МузАРТ» емес пе екен?» деп, оларға жақындай бастадым. Үш жігіттің біреуі Сәкен ағаға ұқсайды екен. Жақындап барсам, олар емес, өзге жігіттер екен. Және де менің бойым олардан ұзын болып тұр. Сөйтіп, сахнада төртеуміз ән айтуды бастап кетіппіз» деймін. Ал бірнеше жылдан соң, біз шынында да төрт жігіт бірігіп топ құрдық. Ғабит - Сәкен ағаның інісі екенін мен кейін білдім. Және аталмыш көрген түсім, маған Аллаһ Тағаланың берген аяны деп білдім. Сондықтан, біздің топ Аллаһ Тағаламыздың қалауымен құрылған топ деп түсінем…


-Қазір жаңадан шығып келе жатқан сан алуан топтар бар. Солардың бірі болып қалуға қорыққан жоқсыздар ма?

Қайрат: Меніңше, әр топтың өзіндік орны, өзінің тыңдармандары бар. Егер де халықтың көңілінен шығып жатсақ, онда, шоу-бизнесте біздің де өзіндік орнымыздың болғаны деп білемін. Сондықтан,алдымен бір Аллаһ Тағалаға сеніп, сосын өзіміздің өнерімізге сүйеніп, сахнаға шығудан еш қорыққан жоқпыз. Қазақ эстрадасында ұзағынан өнер көрсететін топ болғымыз келеді.

-Қайрат, заң саласын меңгеріп жүріп, өнерге бет бұрып кеткеніңіз қалай? Кейін өкініш болмай ма?

- Өзім бала кезімнен өнерге жақын болдым. Кішігірім байқауларға қатысып, мектепте де ән айтып жүрдім. Алайда, болашақта кімнің кім болатынын ешкім білейді ғой. Ал өз ағаларымның көбісі заң саласында жұмыс істейді. Сол кісілердің ақыл-кеңісінің әсерімен, қосымша диплом артық болмайды деп, оған қоса уақытым тиімді жұмсалып жатқан соң, заң саласын оқып шықтым. Бірақ көңілім өнерге ден қойып, екеуінің ішінен мен өнерді таңдадым.

-Продюсерлеріңіздің жұмысына көңілдеріңіз қаншалықты толады?

Қайрат: Ол кісінің орны біз үшін мүлде бөлек. Мұсылман мұсылманды бетке мақтамайды дейді. О баста, ол кісі бізге: «Мен сендерге ешқандай уәде бермеймін, бірақ, қолымнан келгенше көмектесемін» деп айтқан. Аллаһ Тағала: «Дүниені көтере алатын пендеме ғана беремін» деп айтқан ғой. Жанна әпкемізбен кездесуді бізге Аллаһ Тағала нәсіп еткен шығар. Баяғыда, продюсеріміз болмаған кездері, іштей «продюсеріміз болса екен» деп тілейтінбіз. Сол тілектерімізді періштелер қабыл қылып, Аллаһқа жеткізген шығар… Жаннаның қазіргі істеп жатқан жұмысы кез- келген еркектің қолынан келе бермейтін дүние.

-Қазіргі табыстарыңызға көңілдеріңіз тола ма?

Ғабит: Аллаһ Тағала барлығын да алдын-ала есептеп қойған ғой. Бізге барлық жағынан да продюсеріміз көмектеседі.

-Топтың репертуарында қанша ән бар?

Ролан: Ән қоржынымызда 8 ән бар. Ең алғашқысы - «Күн нұрлы ханшайым» әні болатын. Ән шетелдікі болғанмен, сөзін қазақшаға аударған топтас досымыз - Жігер болатын. Одан кейін, «О махаббат», «Арман шағала», «Қайда?» атты әндеріміз жарық көрді. Бұл үшеуі де Досым Қалмырзаев ағамыздың сөзіне жазылған әндер. Продюсеріміз Жанна әпкемізге арнап жазған әніміз де бар. Сондай-ақ, репертуарымызда «Қабірден хат», «Таухит», «Жаратқан Аллаһ» деген ислами әндеріміз де баршылық. Жаңа жаздырған әніміз «Тәтті сезім» деп аталады. Бүгінде бұл әнге бейнебаян түсірдік. Ал, бұдан бұрын «О махаббат» әніне түсірген бейнебаянымыз көрермен көңілінен шықты деп ойлаймыз.

-«Сырт адам сыншыл» келеді емес пе, біз көбіне: «Меломен» тобы орындайтын әндерінің соңын тым созып жібереді» деген пікірлерді естиміз. Бұған не дейсіздер?


Қайрат: Егер музыкалық жағынан алып қарасақ, әр әннің өзіндік сипаты, характері болады. Созып айтатын, кейде керісінше қысқа қайырылатын, бағыты өзгеше әндер де болады. Бірақ біз, міндетті түрде тыңдармандардың мұндай ой-пікірлерімен санасып отырамыз…

-Жігер, достарыңыздың айтуынша сіздің ақындық қабілетіңіз де бар сияқты көрінеді…


Жігер: Ия, бұрынырақта бар болатын. Бірақ, дінге бет бұрғалы бері, адам кішкене қорқа бастайды екен. Сондықтан ақындықты сәл доғара тұрып, қазір өлеңді аздап қана жазып жүрмін.


-Сүйіктілеріңіз бар ма?


Жігер: Қазіргі кезде жүрек қалауымнан шығатын қызды әлі кездестірген жоқпын. Оның үстіне, біздің тек жұмысты ойлаумен-ақ, таңымыз атып, күніміз батады. Қыз туралы ойлау әлі ертерек те сияқты…


Қайрат: Әзірге жоқ. Бәрі де Аллаһ Тағаланың қалауымен болады ғой, бұйыртса кездесер…


Ғабит: Дәл қазіргі уақытта сүйіктім жоқ.

Ролан: Шыны керек, біз қазір қызды сүйетіндей жағдайда жүрген жоқпыз. Топ болып құрылғалы, алдымызға қойған мақсатымыз - тынбай еңбек ету болатын. Сол себепті, қазіргідей қызу тірліктің арасында жеке өмірімізді әлі ойластырып үлгергеніміз жоқ.

-Ал, арман-қиялдарыңыздағы қыз қандай?


Қайрат: Аллаһ Тағаланың маған иманжүзді, биязы, көркем мінезді аруды жолықтырғанын қалаймын.

Ролан: Мен өзім әр бойжеткеннің бойындағы қазақилықты қатты бағалаймын. Сол себепті, иманды, ибалы, қарапайым жарым болса деп армандаймын.

Ғабит: Болашақ жарымның ұялшақ, момын болғанын қалаймын. Ал ең бастысы - анамның көңілінен шығатын иманды қыз болса деймін.


Жігер: Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні - жүрегінде иманы бар қыз болса екен деп армандаймын. Өйткені жүрегінде иманы болса - онда ол қызда бәрі бар деген сөз.


- Әр адамның жүрек түкпірінде жасырынған асыл арманы болады. Сіздерде де бір-бар арман бар шығар?


Ролан: Кішкентай күнімнен армандайтыным - ата-анама көмектесіп, қолғабыс ету. Ата-анамның амандығын ойлап, оларды өмір бойы қадірлеп өткім келеді. Сондай-ақ, еліміздің елеулі азаматтарының бірі болсам деп ойлаймын.


Жігер: Арманым көп. Исламға келгелі бері, ата-анамды, артымдағы бауырларымды көп ойлаймын. Мені бағып-қағып өсірді, енді мен де оларды алақаныма салып жүрсем деген алтын арманым бар. Одан кейін - жаннатқа барсам деген арманым бар. Әр мұсылманның арманы - жәннатың төрінен орын алу.

Қайрат: Ия, Жігер айтып отырғандай, әр мұсылманның арманы - жәннатқа кіру ғой. Ал одан басқаны пенде болған соң, армандамай тұрмайсың.


Ғабит: «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші, бұл өмірде армандамайтын адам жоқ шығар сірә…

-Мінездеріңіз қандай?

Ғабит: Менің мінезім туралы айналамыздағы араласып жүрген адамдардың айтқандары дұрыс шығар…


Қайрат: Пенде болғаннан кейін, бәріміздің де өзіндік табиғи мінездеріміз бар. Адам өмірге келе салысымен, бірден ақылды болып туылмайды ғой. Топтағы төртеуіміздің де мінезіміз бір-бірімізге ұқсамайды.

Ролан: Аллаһ Тағаланың өзі Құранда айтып тұр ғой: «Менмін деп өзін тәкаппар санайтын адамның дәрежесін түсіремін, ал өзін кішіпейіл санап, ел қатарлы жүретін адамның дәрежесін көтеремін» деп. Яғни, адам кішіпейіл болса, дәрежесімен жоғарыда тұрады. Қазір, дінді ұға келе, осы ұстаным бойынша өзімді тәрбиелеуге тырысып жүрмін. Әрдайым кішіпейіл болуға тырысамын. Алайда, тез бір шешім қабылдау керек болған жағдайда, көкейімде тұрғанды сыртқа жеткізе алмай, қиналып қалатыным бар.

Жігер: Бұл жерде тағы да барлығына - Ислам себеп болып тұр. Пайғамбарымыз с.ғ.с бізге жол көрсетуші болып жіберілген соң, біз оған еліктемегенде кімге еліктейміз? Барынша тырысып жатырмыз, бірақ жас болған соң ба, кейбір жерде ашуға мініп, сабырсыздық танытып қоясың. Бірақ, мұның бәрі - өтпелі кезең. Мұндай сәтте, шайтан лағынет- көзіңнің алдына бір жапырақты жауып қойып, жақсы нәрсенің бәрін ұмыт қылады. Бірақ, сол жапырақты алып тастап, жақсының бәрін көруге болады. Ол адамның өзінің ерік-жігеріне, ізгілікке шынайы ұмтылысына байланысты.

- Машаллаһ, ислам дініне деген оң көзқарастарыңызды сөздеріңізден танып, шын мұсылман екендеріңізге көз жеткізіп отырмыз. Дінге қашан ден қойдыңыздар ?


Қайрат: Ия, дінді дұрыс түсініп, ұстанып жүру - ол әр мұсылманның басындағы парызы, міндеті. Аллаһ Тағала құлдарына: «Сендер менің дініме болыссаңдар, мен сендерге болысам» дейді. Сондықтан да, ең бастысы, ниеттенсек болғаны. Өйткені, әр нәрсе ниеттен басталады ғой. Тіптен, намаз оқитын уақытта қолың босамай жатқан жағдайда, адам іштей ниеттеніп отырса, Аллаһ Тағала сол сәтте өзі уақыт тауып береді.

Ролан: Абай, Шәкәрім аталарымыз бір Аллаһты мойындап, оған құлшылық еткен. Олардың жанында біз ешкім болмағандықтан, біз де сол кісілердің жолымен исламға терең мән бердік. Төртеуіміз де намаз оқимыз.

Ғабит: Адам күнделікті өмірде өзінің үйінің кілтін жоғалтпай, сақтап жүреді ғой. Тура сол сияқты, бес уақыт намаз әр - мұсылманның жәннатқа кіретін кілті. Сол себепті де, мұны әрбір мұсылман біліп жүруге тиіс.


Жігер: Байқап қарасақ, адам өз ата-анасы жайлы, бауыры жайлы бәрінен хабардар болып өседі. Ал неге сол ата-анамыздың бізді өмірге алып келуіне себепкер болған, он сегіз мың ғаламды жаратқан Аллаһ Тағаланы біз танып білмеске? Бүгінде мұсылмандық парыздың бірі - бес уақыт намазға бәріміз де жығылып жүрміз.

-Шындарыңды айтыңдаршы, «Меломенді» қай топқа еліктеп құрдыңыздар? Және қазақ эстрадасындағы қандай әншілерді ерекше құрмет тұтасыздар?


Ролан: Бала күнімізден Мейрамбек, Сәкен, Ұлықпан ағаларымыздың әндерін, сондай-ақ, Роза, Мақпал апайлардың әндерімен сусындап, соларды тыңдап жетіліп-өскен баламыз. Жалпы, қазір өнер жолын таңдаған соң қазақ эстарадасындағы әншілердің барлығын да тыңдауға тырысамыз.


Ғабит: Қазақ эстрадасындағы кез-келген әншінің өз орны бар. Атап айтсам, өзім Ұлықпан ағамызды, Асқар Жүнісбековты, Еркін Нұржановты, Нұрлан Әлімжанды, «Kewyou» тобын тамсанып тыңдаймын.


Қайрат: Жалпы, қазақта МузАРТ-қа еліктемеген топ жоқ шығар… Қазіргі шығып келе жатқан трио, квартеттердің бәрі дерлік «Дос-Мұқасан», «МузАРТ» ансамблдеріндегі ағаларымызға еліктеп шықты ғой. Біз де солардың біріміз. Бірақ, сол еліктеп шыққаннан кейін, Аллаһ Тағала әр адамға өз жолын береді екен. Біз де өзіміздің дара жолымызды таптық деп ойлаймыз.


Жігер: Шынымды айтсам, менің өнерге деген құлшынысымды ашқан - «МузАРТ» тобы болатын. Музарт тобы - өнер жолын енді бастап келе жатқан әншілердің сырттай ұстазы шығар. Әсіресе, «Мұңаямын жаным» атты әні жүрегіме етене жақын болды. Бала кезімнен олардың өлеңін іздеп, жинастырып, өзімше қайталап айтып жүретін едім.


-Өтірікті көп айтасыздар ма?

-Жоқ, айтпауға тырысамыз… (күліп). Бір сөзбен айтсақ, өтірік айту - мұсылман баласына сай қылық емес. Сондықтан, өтірік айтудан әрқашан тартынып жүреміз…

-«Меломен» қандай байқауда бағын сынады?


-Алғаш рет «Шабыт» халықаралық фестиваліне қатысып, 2-орын алған болатынбыз. Бұл байқаудан келе сала, республикалық «Абай әлемі» байқауына қатысып, 3 орынды иелендік. Ал, 2009 жылы «Жас қанат» республикалық байқауына қатысып, 3 орынды иеленіп, лауреат атандық.


-Алдағы мақсаттарыңызмен бөліссеңіздер?


Ролан: Қазіргі таңда біз түрлі бағытта ізденіп, ән жаздыртып жатырмыз. Жанды дауыста ән айтуды да үйреніп, мұны да қолға алып жатырмыз. Алдағы уақытта жетімдер жайлы ән жаздыртпақшымыз. Әр әннің өзінің жеке тыңдарманы бар. Қалай болса солай, орындай салу біздің мақсат емес. Біздің мақсат -халыққа тәрбиелік мәні зор, «құлақтан кіріп, бойды алатын» әсем әндерді тарту ету. Сол әндеріміз халықтың жүрегінен орын алса, артымыздан еріп келе жатқан інілеріміз осы әуендерден ғибрат алса екен деген арманымыз бар.


-Сөз соңында, «Жұлдызбен сырласу» журналына, өз тыңдармандарыңызға айтар қандай тілектеріңіз бар?


-Ең алдымен «Меломен» тобын елеп-ескеріп, сұхбатқа шақырғандарыңызға айтар алғысымыз зор! Аллаһ разы болсын! Жұмыстарыңыз жемісті болсын! Сіздерге, тек қана шығармашылық табыстар тілейміз! Ал тыңдармандарымызға айтарымыз, Аллаһ Тағала өмірлеріңізді ұзақ қылсын! Иманды болыңыздар!


Сұхбатты жүргізген:

Салтанат АСАНҚЫЗЫ,

Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ


«Жұлдызбен сырласу» журналынан
Категория: Сұхбаттар | Просмотров: 6835 | Добавил: Bamxana | Теги: Меломэн | Рейтинг: 2.9/14
(43.31 Kb, 468x60)
Всего комментариев: 18
1 Алтынгул   (05.02.2011 22:11)
Баріне салем!"Меломэн" тобын жалпы жақын арада,Яғни 4-5 ай бурын тани бастадым."О,махаббат" әнімен алгаш коргенмин! маган топ бирден унады...оздеринин стилімен;анди орындайларымен;сахнада оздерин устауымен козге ерекше тусти,жане конилимнен шыкты....озим жалпы "о,махаббат","арман шагала" андерин тындадым. Жакында шыккан "тәтті сезім" әнінін клипін кордим! ән де,клип те конилимнен шыкты! Ендігі менін суйіп тындайтын топтарымнын бірі! сәттілік тілеймин!

2 Алтынгул   (05.02.2011 22:15)
Билгим келгени "Тәтті сезім" әніндегі автобуста гулмен кызга баратын әншінін аты кім :

3 Орынгуль   (02.04.2011 01:28)
сәлеметсіздер ме? Маған "Меломэн"тобы мен "МузАрт"тобының орындауындағы ән "келеді кездескім" әні өте қатты үнайды

4 Ботагоз   (11.06.2011 22:43)
Онерлерінізге баскалар сиякты менде тәнтімін.Меломан тобы онерлерініз орге жузсін.Сіздерге бакыт тілеймін.Репертурыларынызда осындай тамаша әндер коп болсын!

5 Дуйсенгали   (12.10.2011 15:21)
МелоМэн Тек Алга!

6 Гулнар   (14.10.2011 19:57)
маганда Меломен тобы оте оте унайды! мен бурын Музартты суйип тындайтынмын! ал казир Музарт тобы Меломенге орнын босатып бергендей! неге екенин озимде билмим7 кандай ан жассада маган сол бойы унай кетеди! меломен тобына тек шыгармашылык табыс тилеймин! дендериниз сау6 халыктын журегиндеги Аллага деген махаббаттын артуына улес косып журе бериниздер! мен анге гашык осынау Меломен тобынын жигиттерине гашыкпын!

7 аида   (02.12.2011 13:24)
Меломен тобын өте жақсы көреміз. Жігер Ауыпбаев сені Райымбек ауданыөте жақсы көреді. Әсіресе, өзің оқыған мектебің. Мен сол мектепке жаңа келген мұғаліммін

8 аида   (02.12.2011 13:25)
Жігер шығармашылығыңа табыс тілеймін

9 Насихат   (22.12.2011 14:34)
МЕЛОМЕН сиздерди суйем, асиресе Жигер,Ролан 4еуинизгеде АЛЛАМ разы болсын,

10 Насихат   (22.12.2011 14:40)
ЖИГЕР,РолАН, Габит,Кайрат--Онерлеринизге АЛЛАМ табыс акеле берсин,Еки дуниеде де, Бакытты болыныздар, МЕН Тек сиздердин андеринизди тындаймын АЛЛАМнын Шапагатына,МахаББатына болениниздер,

11 Айдана   (11.05.2012 12:42)
Ассалаумалекум МелоМен тобы жане МелоМен тобын суйiп тындайтын корермендерi!
Ен алдымен МелоМен тобына узак гумыр,елге танымал,болуын тiлеймiн.Менде МелоМен тобын катты унатамын, олендерiнде суйiп тындаймын.МелоМен тобынын жiгiттерi журегiнде иманы бар,улкендердi сыйлай бiледi.Баскада жас аншiлерiмiз Меломен тобынан онеге алсын дегiм келедi.МЕЛОМЕН тобына келешекте Казакстаннын мактанышы,болуын тiлеймiн.АЛЛАХ онерлерiнiздi орге жузгiзсiн.Сiздерге коп РАХМЕТ!Онтустiкте койган ан кештерiнiз оте тамаша болды.

12 Улдана=)   (22.05.2012 16:37)
Салеметсiздер ме?
Маган Меломен тобы оте оте катты унайды. Олардын олендерi, стильдерi, сахнада озiн-озi устау мадениетi, тур келбеттерi, асiресе Кайрат сiз менiн омiрiмде ерекше орын алатын жансыз. Табыс тiлеймiн. Аллаh Тагала колдасын. Аман сау болып, бакытты гумыр кешiнiздер!

13 Улдана Сагадинова=)   (22.05.2012 16:39)
Салеметсiздер ме?
Маган Меломен тобы оте оте катты унайды. Олардын олендерi, стильдерi, сахнада озiн-озi устау мадениетi, тур келбеттерi, асiресе Кайрат сiз менiн омiрiмде ерекше орын алатын жансыз. Табыс тiлеймiн. Аллаh Тагала колдасын. Аман сау болып, бакытты гумыр кешiнiздер! Тек кана алгааа!!!

14 Улдана Сагадинова=)   (22.05.2012 16:42)
Меломеен:-*

15 BaLzHaN   (16.07.2012 16:41)
Assalamualeikum bara Musylman kauym jane de Melo'MEN !Melo'men toby magan ote unaidy anderi de adamga oi salarlyktai ote keremet,barlyk anderinde ulken man magyna jatyr.torteuinin dausy birinen biri oterliktei ote keremet asirese Jiger aga dausynyz ote ademi.Sizderge ALLAH tagalanyn nury jauyp onerleriniz biikke samgai bersin,oz hanwaiymdarynzdy tauyp mangi bakytty bolynzdar,ALLA kalasa jumaktan oryn alyp eki duniede de bakytty bolynzdar.men torteuinizdi de tugan agamdai katty jaksy korem!wymkent kalasyndagy an kewteriniz ote jaksy otti!tilek bildirgen karyndastarynz Baljan Bal'i desenizder bolady =))))))

16 Жадыра   (21.07.2012 13:53)
Меломен тобы маган катты унайды. Олардын олендері оте тамаша!!! Онерлерінізге табыс тілеймін. Ендігі менін суйіп тындайтын топтарымнын бірі!!! САТТІЛІК ТІЛЕЙМІН!!!

17 Алтынай   (28.11.2012 20:08)
Сәлеметсіздер ме Меломен тобы! Сіздердің әндерініз маған өте қатты ұнайды. Әсіресе Ролан. Ролан агай сіз маған өте қатты ұнайсыз. Әттең қызбын.өз сезімімді білдіре алмаймын. Менің бір арманым. "СІЗДІ ЖАҚЫННАН КӨРІП,ТАНЫсып"дегендей.шіркін осы арманым орындалса ғой. Сізге сәттілік тілеймiн.

18 Жанеля   (20.02.2013 12:23)
Melo'Men тобы салеметсиздерме!Сiздердiң әндеріңіз маған өте қатты ұнайды.Әсіресе Жігер.сіз маған өте қатты унайсыз.шынымды айтсам сіздің даусыңызға өте қатты ғашықпын..Сіздің Ұнатамын мен сені-атты жеке әніңіз өте қатты унады..Меломен тобы сіздердің әндеріңіз өте қатты унайды.'О,махаббат','Тәтті сезім' атты клиптеріңіз унады...Ендігі суйіп тындайтын топтардың бірісіздер..Сіздерге шығармашылық табыстар тілеймін...

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]