Қазбек ҚАСЫМ: «Журналист болмасам, МАИ қызметкері болып кетер едім…» - 19 Августа 2010 - Қазақша ән, клип, сурет, фильм. Шет ел ән, клип Жүктеу
жексенбі, 04.12.2016, 02:48

Қазақ Жастары

Пікірлер
24.12.2014
Еркін Нұржанов-Аягөз (2011)
Жазған:
Пікірі:
ереке твой музыка кл... (Жауап жазу)
18.10.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
Қалқаман бауырым ама... (Жауап жазу)
04.10.2014
МҰҢ
Жазған:
Пікірі:
кушты. онерин устем ... (Жауап жазу)
04.10.2014
Жүрексіз де көрейін өмір сүріп
Жазған:
Пікірі:
керемет туындылар. ж... (Жауап жазу)
18.09.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
рахмет калкаман аа с... (Жауап жазу)
21.04.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
kuwti,olen (Жауап жазу)
19.02.2014
Бақытгүл Бабаш - Бір арман емес пе ек?
Жазған:
Пікірі:
ИА қазыргы таңда акы... (Жауап жазу)
19.02.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
Калкаман Сарйн акын ... (Жауап жазу)
26.01.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
сиздин олендеринизге... (Жауап жазу)
27.12.2013
Жанабай-Аяла (жана нұсқа 2011)
Жазған:
Пікірі:
Magan ander ote unad... (Жауап жазу)
Жеке бұрыш
Қош келдіңіз, Қонақ
02:48
Топ: Қонақ
Қонақ Егер тіркеле алмасан merei...90@mail.ru осы почтаға хабарлас үлкен бастық ашып береді...

Шәйхана
500
Санақ
Сайтта отырғандар: 1
қонақтар: 1
мүшелер: 0
Главная » 2010 » тамыз » 19 » Қазбек ҚАСЫМ: «Журналист болмасам, МАИ қызметкері болып кетер едім…»
16:21
Қазбек ҚАСЫМ: «Журналист болмасам, МАИ қызметкері болып кетер едім…»
Қазбек ҚАСЫМ: «Журналист болмасам, МАИ қызметкері болып кетер едім…»
 

-Қазбек, өнер адамдарынан көбіне: «Headliner» бағдарламасында өтірік ақпараттар көптеп кетіп қалады» деген әңгімелерді жиі естиміз. Осы бағдарламаның қайнаған ортасында жүрген сіз бұған не дейсіз?


-Ия, өнер адамдары ондай әңгімелерді кейде өзімізге де айтып жатады. Бірақ, бұл- ақпарат өтіріктен тарады дегенді білдірмейді. «Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды» демекші, не нәрсені болсын айтар кезде, сол сөздің әйтеуір бір негізі болады. Әншілер кейде өздерінің айтқандарын өздері елемей қалады. Ал біз журналист болғаннан кейін, айтылған дүниенің барлығын да ашып жазып, тік айтамыз. Өтіріктен ойлап таптық деген дүние жоқ, яғни әр нәрсенің негізі бар. Журналист айтылған сөздерді халыққа қызықты етіп жеткізу үшін тырысады. Меніңше, мұндай айла-тәсілдерді әрбір журналист өзінше қолданады.

-Өзіңізді сырттан көріп жүрген халықтың ой-пікірімен санасып тұрасыз ба?

-Ия, әрине. Осы экранға жаңадан ғана шығып жүрген кездері, маған халықтың ойы өте қызық болатын. Сөйтіп, сол пікірлерін білейік деп, біз достарымызбен көшеге шығатынбыз. Мен олардың алдында жалғыз өзім жүріп келе жатамын, ал менің соңымнан достарым келе жатады. Жүріп келе жатқаныңда, адамдар артымда келе жатқан достарым екенін білмейді ғой. Содан, мен өтіп кеткеннен кейін әңгімені бастайды: «Ой ананың бойы кішкентай екен ғой, аса денелі емес екен, немесе өмірде әдемірек екен» деген сияқты ойларын айтады. Ал, достарым келіп соны өзіме айтады (күліп). Білмеймін, бірақ осы күнге дейін маған ешкім: «сен жаман жүргізесің, халықты улап, алдап жатсың» деп айтқан емес. Керісінше, көрген жерде амандасып, жылы лебіздерін білдіріп жатады. Ал жалпы, біздің телеарнаның ұстанған бағыты - заманауи бағытта, өз менталитетімізді сіңіре отырып жастардың жақсы жолға түсуіне ықпал ету.

-Жалпы, «телеарнадан берілетін айлыққа өмір сүру мүмкін емес» деп айтатын қызметкерлер баршылық. Бұған сіздің ойыңыз қалай?

-Ол енді кімнің қалай келісетіндігіне байланысты шығар. Менің алатын жалақым, өзімнің өміріме жетіп жатыр. Телеарнадан жақсылық көрмесем, кемшілік көріп жатқаным жоқ.

- Музыкалық телеарнада жұмыс істейтін адамның музыканы ұнатпауы мүмкін емес шығар…? Қандай әншілерді тыңдайсыз?

-Студенттік кездерімде: «Музыка - менің өмірім» деп жүретінмін (күліп). Әлі де солай. Музыканы әрине, ұнатамын. Егер де мен музыканы ұнатпасам, өзім жұмыс істеп жүрген телеарнаға жұмысқа келмес пе едім? Ал енді әншілерден, шынымды айтсам, көбінесе шет елдің және өзіміздің қазақ әншілерін тыңдаймын. Ресейдің әншілерін онша жақтыра бермеймін.

-Шет елдің орындаушылардың несі ұнайды?

-Шет ел мен қазақ эстардасын салыстыруға мүлде келмейді. Арасы жер мен көктей. Шет ел ол өзінше, шет елден көп нәрсені үйренуге болады. Ал қазақ әншілерін, мен өз елімнің патриоты болғандықтан, ана тілімді сүйгендіктен тыңдаймын, жақсы көремін.

- Сізді көрермен қауым тележүргүзуші ретінде жақсы таниды. Түр-келбетіңіз тартымды. Дауысыңыз ырғақты. Көрерменді өзіңізге баурай білетін қасиетіңіз де жоқ емес. Осы мүмкіндіктеріңіз бен тележурналистикадан тапқан танымалдығыңызды пайдаланып, болашақта әнші болып кетсем деген бір ұрлықы ой санаңызда болды ма?

- Студенттік кездері мұндай ойлар болған. Көбісі: «дауысың жақсы, неге ән айтып кетпейсің?» деген ой-пікірлер, ұсыныстар білдіретін. Бірақ, мен оның барлығына дер кезінде тоқтау салдым. Себебі, өзімнің жаныма жақын тележүргізушілікті таңдағаннан кейін, осы жолда қалу керек деп ұйғардым. Дегенмен, достардың, құрдастардың арасында аздап ән салатын кездеріміз болады (жымиып). Ал, тележүргізушіліктен мен көп нәрсені үйрендім. Тележүргізушіліктің өзі бір үлкен өмір. Бірақ, мен өзімді толыққанды радижүргізушімін деп есептеймін. Себебі, радиода мен барынша ашылып жұмыс істеймін. Ал, теледидардан түр-келбетің көрініп тұратындықтан, кейде толық ашыла алмай қалатын сәттерің де болады. Дегенмен, қазір тележурналистикаға бауыр басып қалғаным соншалық, экранға сәл шықпай қалсам «ауырып қала жаздаймын». Әдеттегідей, экран арқылы халықпен сөйлескім, тілдескім келіп тұрады.

-Естуімізше, үйдегі «арпа ішіндегі бір бидай» өзіңіз екенсіз?

- Дұрыс айтасыз, мен үйде жалғыз ұлмын. Өзім 1982 жылы, шілденің 18 жұлдызында Орал қаласында, қарапайым отбасында дүниеге келгенмін. Әкемнің есімі Қасым. Мамандығы экономист. Ал анам - Әлия дәрігер болып еңбек етеді. Мен үйдің үлкенімін, өзімнен кіші Марал және Әсем есімді қарындастарым бар.

-Осындай әдемі отбасыңызға келін түсіріп, той жасайтын жасыңыз да кеп қапты. «Адам өмірде жар таңдағанда және мамандық таңдағанда қателеспеу керек» деген де қанатты сөз бар. Бұған не дейсіз?

- Мамандық таңдауда мен еш қателестім деп ойламаймын. «Жігітке жеті өнер де аз» демекші, ер жігіттің әр саладан аз да болса хабардар болғаны дұрыс. Әсіресе журналистерге. Мен де бір орында тоқтап қалмай, жан-жақты болуға тырысатын, көп нәрсені үйренуге құштар адамдардың бірімін. Қазірде күн көрудің қамымен көп адамдар өз мамандықтары бойынша жұмыс істеп жатқан жоқ. Ал жар таңдау мәселесіне келер болсақ, жар таңдау дегеніміз ол әрбір адамдың басына қонатын бағы деп білемін. Өйткені, бұл жолда жаңылысып, қателесіп қалу ғажап емес. Қазіргі қатарластарыма, жастарға өкпелі болатыным: «қосыламыз, егер болмай жатса айырылысып кетеміз» деген бағытты ұстанып алған. Тіптен, одан арғы өмірлерін ойламайтындары да бар. Мүмкін үйленбей жүргендігімнің бірден- бір себебі, осындай қоғамдық мәселелерді жүрегіме жақын алып толғанатындығымнан болар. Ал ең басты себебі, мен әлі болашақ жарым болады-ау деген аруды кездестірмедім. Сол себепті, бұл қатты ойланып, толғанып барып шешілетін, тың жауапкершілікті талап ететін дүние.

-Өзіңіз үйдің ең үлкен, әрі жалғыз ұлы екенсіз. Ендеше, қарашаңырақтың иесі болып қалатын да сіз екенсіз. Онда соған қарай ысылатын, адал жар болумен қоса, ибалы келін болатын аруды іздеп жүрсіз ғой?

-Иә, әрине. Бірақ, алған жарыммен болашаққа бірге сапар шегетін, бірге тұрмыс кешетін мен. Десек те, әрбір ер азамат өз жарының инабатты болғанын қалайды емес пе! Сол сияқты, мен де - болашақ жұбайым менің ата-анамды қадірлеп, сыйлап құрметтеп отыратын, ата-анамның қалауымен, айтқанымен жүретін ақылды жан болып кездессе екен деп тілеймін. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да парызыңды өтей алмайсың» демекші, бізді бағып-қағып, өсіріп, осындай дәрежеге жеткізіп отырған ата-анамызды құрметтеп-сыйлау біздің міндетіміз. Сондықтан болашақ жарымның иманжүзді, тәрбиелі, көргенді жан болғанын қалаймын…

-Әріптестеріміздің біразы «Телеарналарда жұмыс істейтін адамдардың кітап оқуға уақыты болмайды, сондықтан да олар рухани аза береді» деп айтады. Осымен келісесіз бе?

-Мен мұнымен толығымен келісемін. Себебі, кітап оқымаған адам, рухани жағынан тоқырауға ұшырайды. Егер оқып жүрген кітабын оқуды тоқтатса, онда ол өсіп келе жатқан жерінен тоқтайды. Сондықтан да, меніңше теларналарда жұмыс істейтін әрбір журналист кітап оқуға ерекше көңіл бөлу керек сияқты. Қазір жастардың барлығы да ғаламторға кіріп кетті. Бірақ, ғаламтордан да сенімді дүние - ол кітап. Ал кітапты жазатын жазушыларымыз тұрғанда, кітап ешқашан да өлмейді.

-Сіз қандай студент болдыңыз?

-(Күліп алды). Менің қандай студент болғанымды ұстаздарым айту керек шығар. Бірақ шынымды айтсам, ішімдік ішпейтін, шылым шекпейтін, тек қана үй мен сабақты ойлайтын студент болдым. Мүмкін, төртінші курста, «оқуды бітіргелі жатырмыз ғой» деп, оқуға көңіл бөлмеген кездеріміз де болған шығар. Ал бірақ, мұғалімдердің тілімен айтқанда, мен өте тәртіпті студент болдым.

-Болашақта өзіңіз оқыған мамандық бойынша университетте сабақ берермін деген ойыңыз жоқ па?

-Иә, бәрі де мүмкін. Мен магистратураны да оқығанмын. Мүмкін, уақыт келе аспирантура жағын да ойластырармын. Егер болашақта үлкен ұсыныстар болып жатса, мен ұстаз болуға да дайынмын. Мүмкін, жас келген кезде ұстаз болып, дәріс оқып отырармыз (күліп).

-Денсаулығыңызды қалай күтесіз?

-Денсаулықтың негізі -дер кезінде дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылдану ғой. Ал мен өзім спортпен күндіз-түні шұғылданатын спортсмен емеспін. Бірақ, спорттың әр түрімен аз-аздап шұғылданып тұрамын.

-Саятшылықты, балық аулауды жақсы көресіз бе?

-Мен саятшылық жағына аса жоқпын. Бірақ, балық аулағанды жаным жақсы көреді.

-Сізді қоғамдағы толғандыратын қандай да бір мәселе бар ма?

- Ия, толғандыратын мәселе өте көп. Оның барлығын айта беретін болсақ, бір төбе. Ал оның ішінде мені экологиялық мәселелер қатты алаңдатады.

-Өзіңіз айтып отырғандай, сізді көбіне экологиялық мәселелер алаңдатады екен. Ал экологияның бұзылуының бірден бір себепкері - автокөліктің көбейіп кетуі. Егер де, біздің елде де Қытай еліндегідей велоспортты қолға алатын болса, сіз қалай қабылдар едіңіз?

-Жалпы, велоспорттың денсаулыққа пайдасы өте зор. Қазіргі таңда біздің елде велосипед тебетін адамдарға жолда жүруге ешқандай жағдай жасалмаған. Арнайы істелінген жолдар жоқ. Егер де оған көшетін болсақ, мен тек қана қолдаймын. Менің өзімде де велосипед бар. Сонымен тауға шығып серуендегенде, денсаулыққа пайдасын толық сезінемін. Ондай уақытта балалық кезімді есіме түсіремін, сондай бір қызық сезім… Меніңше, біздің елге шынында да велоспортқа көшу керек. Оның ешқандай ұяты жоқ. Бірақ, қазақ десек, өзімізге тиеді. Біз көбіне жайлы орында, керемет автокөлікте шалқып отырғанды жақсы көреміз ғой….

-Қосымша табыс көзіңіз бар ма?

-Өзімнің жеке бизнесім бар деп айта алмаймын. Бірақ та, телеарнадан тыс, жарнамада, радиода да белгілі бір жұмыстар атқарамын. Ал болашақта, Аллаһ қаласа, кинокомпания ашамыз деген ойымыз бар.

-«Кинокомпания ашамыз» дегеніңізге қарағанда, бұл салада сізбен бірігіп жұмыс істейтін адамдар көп сияқты. Осы жайлы да толығырақ әңгімелеп берсеңіз?

-Енді мұны жанұялық бизнес деуге де болатын шығар. Бұл тірлік - өзімнің ағаммен, тағы да біраз кісілермен бірігіп, жоспарланып отырған жұмыс.

-Кинокомпанияның жұмысы киномен тығыз байланысты болатын дүние ғой. Сіз оған қаншалықты дайынмын деп ойлайсыз?

-Мен өзім киноманмын, киноны жақсы көремін. Сол себепті де өзімді киносыншымын деп санаймын. Мен киноны жай ғана қарамаймын, сынап қараймын. «Сын айтылмай, мін түзелмейді» деп бекер айтылмаса керек. Біздің қазақстандық киноиндустрия әлі белгілі бір дәрежеге жеткен жоқ. Тіпті біздің қазақ киноларын айтпағанда, шет елдік кинолардың өзінде үлкен қателіктер кетіп жатады. Сондықтан, біз үшін жақсы күндер әлі алда деп ойлаймын.

-Ғаламтормен көп жұмыс істейсіз бе?

-Міндетті түрде. Тіпті, біздің жұмысымыздың өзі ғаламтормен тығыз байланысты. Ғаламтордан көптеген мәліметтер жинақтап, онымен бөлісесің, үлкен ой түйесің.

-Осы айтып отырғаныңыздың барлығынан басқа, сізді қызықтыратын басқа да бір дүние бар ма?

-Осының барлығынан басқа, маған МАИ қызметкерлерінің жұмысы қатты қызық. Егер де журналист болмасам, мен МАИ қызметкері болып кетер ме едім, кім біліпті (күліп)…

-Сіз үшін идеал адам кім?

-Мен үшін идеал адам, менің марқұм атам - Бисекешұлы Исламғали. Ол кісі менің нағыз идеалым еді. Атама ұқсауға әлі тырысып жүрмін. Бірақ, ол кісінің ақылына жету үшін, әлі бірталай жылдар өмір сүріп, көпті көру керек. Сол кезде ғана мен де өз идеалыма ұқсауым мүмкін.

-Еңбектенгенді жақсы көресіз бе?

-Адам еңбектенбесе, күнін көре алмайды. Өмірде еш нәрсе де еңбексіз келмейді, оған еңбексіз жете алмайсың да. Сондықтан, қаласаң да, қаламасаң да, еңбек керек. Қыз баланың орны бөлек, ал денсаулығы мықты, бірақ еңбек етпейтін ер адамдарды мен мүлде түсінбеймін.

-Пунктуалды адамсыз ба?

- Енді ол жағы кішкене ақсаңдайды… Бірақ, біздің Алматыда пунктуалды болу өте қиын ғой. Оған себепкер - көлік кептелісі. Дегенмен, келісілген кезде, кешікпеуге тырысамын.

-Атам қазақ тіл, сөз, көз тиюден аса сақтанған халық қой. Ал сіз мұндайға сенесіз ба?

-Ия, сенемін. Бұл тек менің айтқаным емес, оны бүкіл қазақ айтқан. Ал халық айтса қалт айтпайтыны рас. Мұның барлығы жылдар өте тексерілген дүние. Өзімнің көңілім сенетін ырымдарға сүйенетінім рас.

-Ең сүйікті мерекеңіз қандай?

-Айтсам қызық көрінетін шығар, бірақ менің ең сүйікті мейрамым - Жаңа жыл. Жаңа жыл - барлығы қолдайтын, ең қызықты, көңілді өтетін мереке. Қазақпыз деп Наурызды да айтсам болар еді. Бірақ та, Наурыз тойлануы жағынан қазір қатты ақсап тұр. Байқасаңыз, жастардың көбі Наурызды Жаңа жылды тойлағандай тойламайды. Бұл сонау бастан кеткен қателік.

-«Жұлдызбен сырласу» журналына айтарыңыз?

-Журналдарыңызға қарап отырсам, өте керемет екен. Өңдеу жағынан да, сырты мен іші де өте үйлесімді. Қазір журналдар көбейіп кетті. Осындай бәсекенің ортасында сіздердің жүргендеріңіздің өзі ерлік. Сіздерге тек қана зор шығармашылық табыстар тілеймін! Жылдан жылға жақсара беріңіздер! Жұлдыздарыңыз көп болсын!

-Әдемі сыр-сұхбатыңызға үлкен рахмет! Бастамаларыңызға тек қана сәттілік тілейміз!


Әңгімелескен: Салтанат АСАНҚЫЗЫ

«Жұлдызбен сырласу» журналынан
Категория: Сұхбаттар | Просмотров: 1661 | Добавил: Bamxana | Теги: Қазбек ҚАСЫМ | Рейтинг: 3.7/3
(43.31 Kb, 468x60)
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]