Бұл күнді маңғыстаулықтар ерекше атап өтпек - 12 Сентября 2010 - Қазақша ән, клип, сурет, фильм. Шет ел ән, клип Жүктеу
жексенбі, 11.12.2016, 05:15

Қазақ Жастары

Пікірлер
24.12.2014
Еркін Нұржанов-Аягөз (2011)
Жазған:
Пікірі:
ереке твой музыка кл... (Жауап жазу)
18.10.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
Қалқаман бауырым ама... (Жауап жазу)
04.10.2014
МҰҢ
Жазған:
Пікірі:
кушты. онерин устем ... (Жауап жазу)
04.10.2014
Жүрексіз де көрейін өмір сүріп
Жазған:
Пікірі:
керемет туындылар. ж... (Жауап жазу)
18.09.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
рахмет калкаман аа с... (Жауап жазу)
21.04.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
kuwti,olen (Жауап жазу)
19.02.2014
Бақытгүл Бабаш - Бір арман емес пе ек?
Жазған:
Пікірі:
ИА қазыргы таңда акы... (Жауап жазу)
19.02.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
Калкаман Сарйн акын ... (Жауап жазу)
26.01.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
сиздин олендеринизге... (Жауап жазу)
27.12.2013
Жанабай-Аяла (жана нұсқа 2011)
Жазған:
Пікірі:
Magan ander ote unad... (Жауап жазу)
Жеке бұрыш
Қош келдіңіз, Қонақ
05:15
Топ: Қонақ
Қонақ Егер тіркеле алмасан merei...90@mail.ru осы почтаға хабарлас үлкен бастық ашып береді...

Шәйхана
500
Санақ
Сайтта отырғандар: 1
қонақтар: 1
мүшелер: 0
Главная » 2010 » қыркүйек » 12 » Бұл күнді маңғыстаулықтар ерекше атап өтпек
21:29
Бұл күнді маңғыстаулықтар ерекше атап өтпек
Биыл ағартушы, гуманист, рухани ұстаз Бекет атаның туғанына 260 жыл толып отыр. Осыған орай Маңғыстау облысында қыркүйек айының ортасында Бекет атаның 260 жылдығын ауқымды түрде атап өтуге дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Бекет атаның 260 жылдығын атап өту - өткенге құрмет, ұрпаққа өнеге болмақ. Айта кету керек, Бекет атаның 260 жылдығын атап өту жөніндегі облыс әкімінің бастамасы аймақ жұртшылығы мен еліміздің басқа да өңіріндегі халықтың бірауызды қолдауына ие болып отыр. Соған орай облыс басшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Бекет атаның туғанына 260 жыл толу торқалы тойын ұйымдастыру жөнінде алқалы жиын өтті. Онда ұйымдастыру алқасының тұжырымдамасы талқыланып, нақты шаралар қолға алынды. Атап өтілгелі жатқан астың ұйымдастыру шараларымен және Бекет ата жайлы табылып жатқан соңғы деректермен және көтеріліп отырған мәселелермен танысу мақсатында «Бекет ата» 260 жылдығын атап өтуді ұйымдастыру комитетінің төрағасы, профессор Жауымбай Қараев («Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары) және ұйымдастыру комитетінің мүшесі, академик, т.ғ.д Өмірзақ Озғанбаев мырзалармен сұхбаттасқан едік.


- Бекет атаның 260 жылдығын атап өту биылғы жылғы халқымыздың рухани өміріндегі басты оқиғаларының бірі болары сөзсіз. Осы келелі істе Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру басты мақсат болмақ. Соның аясында әлемдік және дәстүрлі діндер І-ІІІ съездерінің шешімдері мен қағидаттарын орындау, халықтар достығын, татулықты, бірлікті, қоғамдық келісімді уағыздау, жалпы, адамзаттық мәңгілік құндылықтарды (қайырымдылық, ізгілік, имандылық, әділдік, т.б.) қалыптастыру және сол арқылы жастарды отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу. Сондықтан оған қапысыз дайындалып, өнегелі етіп өткізуге тиіспіз», - деп сөзін бастаған Жауымбай Амантұрлыұлы алдағы жоспарларымен бөлісті.

Аты аңызға айналған Бекет ата Мырзағұлұлы - ұлысына ұран болған, елін жаудан қорғап, қол бастаған батыр, алдағыны күнілгері болжап білген көріпкел әулие, қысылғанды жебеп, құлағанды демеген халық қамқоршысы, ұлағатты пір-ұстаз болған көп қырлы қасиет иесі. Алла тағаланың ерекше назарына ілінген Бекет атаға дарытқан таңғажайып қасиеттерінің құпиясын адам баласы шеше алмайды. Қазіргі ғылыми тілмен айтқанда, Бекет ата - феномен тұлға, ерекше құбылыс. Басқасы басқа, Бекет атаның Оғыланды тауындағы мәңгілік мекеніне зиярат етуге келіп жатқан халықта есеп жоқ. Керісінше, күн өткен сайын зиярат етушілердің қатары көбейіп, қаншама адамдар алыс-жақыннан жол азабын аса сезінбей, ағылып келіп жатыр. Мұның бәрі тектен-тек емес.

- Бекет атаның есімі тек маңғыстаулықтарға ғана емес, арысы ислам әлеміне, берісі күллі қазақ халқына қастерлі де қасиетті десек, қателеспейміз. Сондықтан бүкілхалықтық мереке ретінде аталып өтетін тойды барынша мәнді, сәнді, өнегелі қылып өткізу - бізге сын. Қазірдің өзінде осындай мақсатпен екі топ құрылып, облысты аралап шықты. Асты өткізуге 11 жоспарлы бағдарлама жасақталып, қолға алынды», - дейді ұйымдастыру комитетінің төрағасы Ж.Қараев.

Оның айтуынша, олар - «Шопан ата», «Бекет ата» кешендерінде реставрация, жөндеу, абаттандыру жұмыстарын жүргізу, «Қызылсай - Шопан ата - Оғыланды» қатқыл табан жолын салу (Бекет атаның Оғыландыдағы мешітіне қарай салынып жатқан жолдың жағдайына келсек, Қызылсайдан басталып, Шопан ата арқылы Оғыландыға баратын тас-топырақ төселген грейдер жолының құрылысы 1 қыркүйекке қарай толық бітуі тиіс), «Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Бабалар мұрасы» павильонын ашу, облыс бойынша қайырымдылық акцияларын, тазалық, абаттандыру шараларын өткізу болып табылады. Бұл жұмыстарға жергілікті және Республикалық бюджеттен арнайы қаржы қарастырылып, сәйкестігіне қарай қаржы бөлініп, жұмыстар жүріп жатыр. Бұл жұмыстардың бәрі тойға дейін аяқталады. Ал той басталғанда «Бекет ата тағылымы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясын өткізу, «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі» ғылыми-әдістемелік кеңесін өткізу, сирек кездесетін тарихи жәдігерлер, кітаптар, көркем және фотосуреттер көрмесін ұйымдастыру, «Жыр арқауы - пір Бекет» ақындар мүшәйрасы мен тарихи-танымдық жырлар жырланатын жыршылар кешін өткізу, мәдени-спорттық шаралар: театрланған қойылымдар, шұбат мейрамы, ат бәйгесі, балуандар күресін, т.б. ұйымдастыру, «Бекет ата» кітабын, «Бекет ата жолымен» тарихи-танымдық фильмін, «Рухани ұстаз, пір Бекет» ғылыми мақалалар жинағын шығару. Арнайы телерадио хабарларын және басылымдар ұйымдастыру және «Ашық аспан астындағы мұражайға саяхат» Маңғыстаудың киелі орындары - тарихи ескерткіштеріне журналистердің баспасөз-турын ұйымдастыру бағдарламалары ретімен жүзеге асырылады.

Сондай-ақ алдын ала белгілі болғандай, еліміз бойынша Бекет атаның 260 жылдық құрметіне арналып отырған шаралар мен жиындар аз болмайтын түрі бар. Мәселен, биылғы мамыр айында Оңтүстік Қазақстан облысындағы Жетісай ауданында тұратын бабаның жетінші ұрпағы 75 жасқа келген Көбен Аралбайұлының шаңырағында «Бекет атаның 260 жылдығын» атап өту шараларының алғашқы дүрмегі басталып кетті. Оған еліміздің 8 облысынан барғандармен бірге «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жауымбай Қараев және облыс әкімі жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев бастаған маңғыстаулықтар да барып қатысып келді. Айта кету керек, атаның қара шаңырағы болып есептелетін Көбен ақсақалдың отбасында пір атаның қара шаңырағының маңдайша ағашы қастерлеп сақталуда.

Бекет ата өзінің ғылым-ілімін таратып, шәкірттерін оқытуға және ислам дінін насихаттау үшін бес-алты мешіт салдырғаны елге аян, соның біріншісі - өзінің туған топырағы Жылойдағы Ақмешіт. Сондықтан Ақмешітке ерекше құрмет көрсетіліп отыр. Қыркүйек айының 10-11 жұлдызында Ақмешіттегі өтетін іс-шараларға батыс аймағы бойынша Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарындағы ағайындар да атсалыспақ. Ол жақтағы ауқымды шарада ат бәйгесі, басқа спорттық ойындар мен өнер шеберлерінің концерттері де, басқалай дүрмекті қызықтар да сол Ақмешіт айналасында болады деген жоспарлар құрылған. Ата тойының Маңғыстаудағы ауқымды бөлігі атаның мешіті орын тепкен аудандар Бейнеу, Маңғыстау, тағы басқа да аудандарда жоғарыда айтылған дәстүрлі іс-шаралар жалғасын табады. Көкпар, аударыспақ, теңге алу, шауып келе жатып нысана ату сияқты ел назарынан тыс қалып келе жатқан ұлттық ойындарымызды жаңғыртайық деген ұсыныстар айтылып қалып жатыр. Бұл ұсыныстар қаперге алынбақ.

Содан соң қыркүйек айының 16 жұлдызынан басталатын шаралар өлке қонақтарының қатысуымен атаның Оғыландыдағы өзі жерленген мешітіне сапар шегіп, зиярат етуден басталады. Ақтау қаласында, Бекет ата мешітінде ата аруағына бағышталып, Құран оқумен жалғасады. Одан соң «Нұр Плаза» мейманханасының 1000 адамдық үлкен залында «Бекет ата тағылымы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция және ескі тарихи жәдігерлерді айғақтайтын, әсіресе, атаның ұстанған дүниелері көптің назарына ұсынылады. Той Маңғыстау ауданындағы «Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде жалғасып, сол кешендегі «Ақсарайда» тағы да жиындар ұйымдастырылып, «Мәдени мұра» бағдарламасына сай мұражай көрмелер көрсетіледі. Сол жерде арнайы дәстүрлі ұлттық ойындарға кезек беріледі.

Айта кету керек, Ақтауда өтетін конференцияға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Ә.Дербісәлі қажы бастаған еліміздің көзіқарақты зиялы қауымдар және сондай-ақ Өзбекстан, Ресей, Түркия, Иран, Мысыр және Моңғолия сынды бірқатар елдердегі ағайындар мен мұсылман әлеміндегі ірі-ірі теолог-пәлсафашылар, ғалымдар шақырылып отыр. Сонымен бірге шараға Ресей елінің мұсылмандарының мүфтиі және арнайы шақырылған белгілі дінтанушы, Құранды орыс тіліне аударған немесе орыс тілінде түсіндірмесін дайындаған филология ғылымдарының докторы, профессор Валерия Михайлқызы Порохова (Имам Валерия) «О гуманной цели исламской религии» атты баяндамасын оқиды. Сондай-ақ конференцияда Бекет атаның оқыған жерлері Хорезм облысы, Хиуадағы Ишан қала мұражай қорығының бас директоры мен ғылыми хатшысын шақырып, Шерғазы хан медресесінің Орта Азиядағы дінге және мәдениетке әкелу жөніндегі баяндамалары ерекше тақырыпқа алынып өткізіледі. Бұдан да басқа жоспарланып отырған жиындар мен кеңестер, көрмелер, конференциялар аз емес.

- Біздің облыста тойдың ғылыми-танымдық бағытына баса маңыз беріліп отыр. Әсіресе, ислам әлемінде өзіндік орнын қалыптастырған Бекет ата ұстанған сопылық ілімінің мән-мағынасына тереңдеп бара алатын және ата туралы дәйекті пікір айтатын ғалымдарды, соның ішінде халықаралық Ислам конференциясы ұйымы мүшелерін шақырмақпыз. Арабиядан да қонақтар келеді деп күтілуде.

Бұл конференция бүгінгі ислам әлеміндегі, ислам дініндегі қайшылықтар мен проблемаларды ашып көрсетеді. Сонымен бірге діндердің салып кеткен жойылмайтын құндылықтарын, соның ішінде қайырымдылық, ізгілік, имандылық, әділдікті насихаттау болмақ. Себебі қазіргі жағдайда жаһандану процесінде орын алып отырған, яғни техниканың, ғылымның дамыған шағында адамдардың бір-біріне бәсекелестігінің артуы, бәрін ысырып қойып, тек пайда табуға ден қоюы немесе әлемдегі елдер арасындағы ірісі әлжуазын жұтып қою жағдайы орын алып жатыр. Немесе дін тармақтарының небір адасушылықтары, секталарға бөлінушілігі анықталып жүр. Осылардың ақ-қарасы мен ара-жігін айырып түсіндіру мәселелері көтеріледі. Батыстың көптеген елдеріндегі ислам дінін уағыздаушыларды террорист немесе басқа бағыттағы небір қиын сөздерді айтып жүр. Сондықтан ислам дінінің мейірманды, иманды екенін ашып көрсету болмақ. Соның ішінде ұлы ағартушы, әулие, пірәдар оқытушы Бекет ата жайында арнайы сөз болады. Атаның жүріп өткен жолдары мен жасаған ізгілікті жақсылықтары айтылады. Онда ислам дінінің сопылық тармағы бойынша Түрік елінен және Египет елінен келген ғалымдар тарқатып айтып береді деген ойдамыз.

Тағы бір айтарымыз, Өзбекстанның діни мұрағаттарынан ата туралы тың деректерді іздестіріп, мәліметтер табу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Артынан Бекет ата туралы айтылғандар мен жинақталғандарды қайтадан бір-бір толықтырып, тіпті бұрын беймағлұм болып келе жатқан дәйектерді жарыққа шығару жоспарда тұр. Солар арқылы халқымыздың рухани баюына айтарлықтай үлесі болмақ», - деді Жауымбай Қараев.

Жауымбай Амантұрлыұлының айтуынша, түрлі ірі істің басы-қасында жүрген қалталы азаматтар да өз тараптарынан атаның асын өткізуге қолдау көрсетіп, атсалысып жатыр.

- Әрине, осындай сауапты да игілікті істерде өз үлесін қосып, жағымды жағымен көзге көрінген қалталы азаматтар үшін бұл да болса Алланың тарапынан беріліп отырған үлкен мүмкіндік емес пе? Жақсы істе атсалысып, азаматтық парызын өтеген азаматтардың қашанда ел алдында жүзі жарқын, еңбегі адалынан болатынына күмәнім жоқ», - дейді Жауымбай Амантұрлыұлы. Ұйымдастыру комитеті төрағасының айтуынша, осындай игілікті істер арқылы Маңғыстаудың кереметтері көрсетіледі. Келесі жылы 57 мемлекеттің басын қосып, «Ислам конференциясы» ұйымына төрағалық етпек болып отырған еліміздің мәртебесіне осындай ынтымақты, бірлікте атқарылған рухани істердің де қосары мол болмақ.

Келесі кезекте ұйымдастыру комитетінің мүшесі, академик Өмірзақ Озғанбаев ағамыз Бекет атаның өмір тарихы мен атаға қатысты жиында айтылатын тың деректерді және көтерілетін мәселелерді айтып берді.

- Күні кеше ғана қыдыр қонып, бақ дарыған Оңтүстік Қазақстан облысы жерінде, халқымыздың киелі мекені, рухани астанамыз Түркістанда өткен Түрік елінің президенті Абдулла Гүлмен кездесу кезінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: Елордамыз және қазақ елі рухани бірліктің мекені болуы керектігі туралы айтқан еді. Бүгінгі өткізіп жатқан ұлы гуманист, пір Бекет атаның 260 жылдығы сол қойылған талаппен іштей үндеседі», - деп сөзін одан ары жалғаған академик ағамыз. «Қай уақытта да рухани дағдарыс экономикалық дағдарыстан әлдеқайда ауыр, себебі ең үлкен дағдарыс қаржылық дағдарыс емес, ол адамның өзін-өзі жоғалтуы, әсіресе, баю үшін арын сатқан, тілі мен дінінен алшақ кеткен пенделер көбейген бүгінгі таңда ерекше маңызды. Иманын, адамгершілігін әлсіретіп алып, дүниедегі негізгі мақсатынан, ізгілік жолынан жырақ кету - соның дәлелі. Сондықтан да осындай сәтте ұлы гуманист Бекет ата, Қожа Ахмет Йассауи сияқты ірі тұлғалардың орны ерек, ілімі мәнді», - деді. Өмірзақ аға той иесі Бекет атаның болмысына тоқталды.

Айтуынша, ұлы баба өмір сүрген дәуірде жатжерліктер Маңғыстау түбегіне көз алартып, оның байлығы оларды қызықтыра берді. Ұлдарын құл, қыздарын күң қылмақ ниеттері, жер қайысқан мал байлығын иемдену мақсатында қанқұйлы шабуылдар жасалды. Бекет ата өзі қатысқан, не оның аруағына сиынған соғыстардың бәрі жеңіспен аяқталып отырған. Пір Бекет бірде дауыл болып, бірде жауын болып, бірде жауларының көзін тағалап, аз қолды көп қылып көрсетіп, аққу, қаз болып ұшып, өз жерлестерін қолдай да, қорғай да білген. Сондықтан да «Бекетке туғаннан-ақ дұға дарып, қастасқан жауыздарды қуған жері» - деген жолдар халық арасына Ер Бекет атауының кең тарауы куәсі болса керек.

Бекет Мырзағұлұлы - 1750 жылы Ақкиізтоғай ауылында дүниеге келіп, 1813 жылы Маңғыстау облысы Оғландыда бақилық болған данагөй, халық батыры, абыз, ағартушы, сәулетші. Маңғыстау, Үстірт, Атырау жерін мекендеген Адай тегінен (Қосқұлақ руы) шыққан.

Жаугершілікті тоқтатып, елінде бейбіт өмір орнағанын, көршілес елдермен достық қарым-қатынас құруды армандаған Бекет ата «Дулығасын сәлдеге, қолдағы көк найзасын асаға айырбастап» (Әбіш Кекілбаев), дін жолына түсіп, Хиуаға медресеге оқуға барады. Мұнда атақты Бақыржан хазыреттен дәріс алады. Бекет атаның білім алу жүйесі де өзгеше болған. Яғни медресені бітіріп кете бермеген. Өзінің пірінің жеке тәрбиесінде болып, жанында жүріп, рухани тәрбиесін кемелдендіре берген. Медреседе алған білімінің тереңіне бойлап, оны пысықтаумен болған. Пірліктің ережесі ұстазы көзі тірісінде өзіне лайықты шәкіртін тауып, өзінің жолын лайықты жалғар тұлғаға пір атағын беріп кететін болған. Бекет бабамыз 40 жастардың шамасында Бақыржан бабасының шынайы ықыласымен пір атағын иеленген. «Пірдің соңы - Бекет, ердің соңы - Есет» деген сөз де оның мұсылман дінінің сопылық бағытының жарқын өкілі болғанын дәлелдесе керек.

- Сайид Мұхаммед Бақирдың (қазақтар Бақыржан деп атап кеткен) сегізінші ұрпағы Назарбай Ражаббайұлы, бүгінгі Ишан қаладағы кешеннің ғалымы Кәмілжан Құдайбергенұлдарын пайдалана отырып Бекет ата мұраларын зерттеп, мұрағат құжаттарына үңілу қажеттілігі туып отыр. Хиуа мемлекетінде әрбір хан өз дәуіріне сай білім ордасын салып, халыққа білім шашудың меценаты бола білген. Бекет бабамыз Ишан қаладағы Шерғазы хан салдырған медресені өзінің ұлы замандастары - түркімен Мақтымқұлы Пырағи (Азади), қарақалпақ Әжінияз Қосыбайұлы, өзбек ақыны Пахлаван Равнак, т.б. талантты жандармен бірге оқып бітірген. Бұл оқу орны халық арасында «Маскани Фозилон» басқаша айтқанда, «Білімдарлар ордасы» деп аталады. Сондықтан кезінде ұлылар оқып, дәріс алған білім ордасында даңқты түлектеріне арналған музей-залдар ашылған. Адалы сол - Бекет атаға сол жерден осындай зал ашу жөнінде ұсыныс-пікір болған. Оны құнттап, нақты іс-шараға кірісетін уақыт жетті», - деді Өмірзақ Озғанбайұлы.

Бекет ата еліне оралып, ұстазының ісін жалғастырып, әр жерден мешіт салған. Елді дінге, білімге шақырып, мәдениеттің өркендеуіне, болашаққа жол ашуға Бекет ата өлшеусіз еңбек сіңірді. Ол салдырған мешіттердің бізге белгілісінің өзі алтау. Құрылыс жобаларының авторы да өзі болған. Олар: қазіргі Құлсарыға жақын Ақмешітте; Үстірттің батыс жағындағы Оғыланды тауында; Ескі Бейнеуде, Бозашыдағы Мәстек құдығына таяу Тобықтыда және Үстірттің шығысындағы Арал теңізінің батыс жағындағы Баялы деген жерде.

Сөйтіп, «Тал бесіктен тар лақатқа дейін оқы» деген имам Ағзам сөзін қабыл алған Бекет ата бүкіл өмірін оқумен және оқытумен өткізген.

Ұлы баба әл-Бұхари, әл-Хорезми мекендерінде жарық көрген энциклопедиялық бағыттағы ғылыми кітаптарға да кірген.

Ұлы ғұлама, пірадар осындай ұлан-ғайыр биіктікке қандай ғылымдарды игеріп көтерілді екен? Бұл - терең ғылыми зерттеуді қажет ететін бағыт.

Академик: «Бабаның өзбек, түрік, парсы елдерінде бар еңбектерін, не ол туралы жазылған кітаптарды жұртшылықтың назарына ұсыну - алдағы күндердің міндеті. Бекет атаның өзі ұстанып, қолданған жеке дүние-мүліктері, жәдігерліктері (көк аса, басқа да, тұтынған бұйымдары) жинақталу үстінде», - деді.

Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Есенғали Раушанов: «Ата көзі тірісінде талай жерге құдық қаздырып, мешіттер, сағаналар салдырғаны анық. Сол ескерткіштердің ең үлкенін қайда салдырды? Меніңше, ата ең үлкен ескерткішін ұрпақтардың жүрегіне орнатты: Атаны іздесек, жүректерден іздейік!» - деген еді.

- Соңғы кезде Қазақстанның түрлі аймақтарынан: «Бекет ата туралы ғылыми-танымдық ақпараттар, материалдар көбірек жарияланса» деген ұсыныстар айтылуда. Өте орынды қолдаудың алғашқы қадамдары жасалуда. Ата туралы деректі екі фильм түсіріледі. Бұл фильмдердің жобасы одан әрі пысықталуда. Ата туралы бұған дейін шыққан кітаптардың бірі орыс тіліне аударылып, мерзімді баспасөз бетінде жариялануда», - дейді Өмірзақ Озғанбайұлы.

- Бекет атаның бүкіл ғұмыры дін-шариғат жолына адал қызмет етудің, туған халқының бақытты болу күресіне арналып өтті. Рухы кіршіксіз ел иесі Бекет ата аруағын көзі тірісінде қолмен ұстатқандай жеті жұртқа, күллі әлемге паш етті. Бекет ата - ұлттық деңгейдегі тұлға. Аруағы жеті атасына дарыған пір Бекеттің аруағы бүгінгі ғылыми-практикалық конференциямызды Қожа Ахмет Йассауи әулие елінде өтуі ұлы аруақтар үндесіп жатқандай әсер қалдырады. Ендеше, іске сәт», - деп сөзін сабақтады Өмірзақ аға.

Айта кету керек, пір Бекет атаның өмірі жайлы, оның халық арасында кеңінен тараған аңызға толы әңгіме пәлсафалары жөнінде ақын-жазушылар көптеп қалам түртті. Мәселен, солардың бірі, пір атаның өмір деректерін, әңгіме-әпсаналарды тереңірек зерттеп, жинақтаған Ислам қажы Мырзабекұлын айтуға болады. Ислам қажы 1993 жылы тұңғыш рет «Бекет ата» кітабын шығарған еді. Өткен жылы Ақтөбедегі «Насихат» баспасынан шығарған 740 беттік соңғы кітапты аса құнды энциклопедиялық жинағы деуге болады.

Қасиетті Бекет атаның 260 жылдығы қарсаңында Ұлттық банк те өз үлесін қосуды ұйғарыпты. Жақында Ұлттық банктің Маңғыстау облыстық филиалы қымбат металдан жасалған монеталардың көрмесін ұйымдастырды. Осы көрмеде Бекет атаның 260 жылдығына орай арнайы шығарылған «Бекет ата ғибадатханасы» күміс монетасы көрсетілді. Көрмені ҰБ-нің қолма-қол ақша бөлімінің бастығы Нұржамал Дарханбаева ашып, Ата құрметіне шығарылған күміс монетаны жиналған жұртшылықтың назарына ұсынды. Монета 925-ші ең жоғары сапалы күмістен Өскемендегі өзіміздің Ұлттық монета сарайында жасалыпты. Монетада Бекет атаның Оғыландыдағы ғибадатханасы бейнеленген. Пір атаның құрметіне шығарылған бұл ескерткіш монетаның таралымы бұрын-соңды болмаған көп. 15 мың данамен таралып отыр. Монетаның номиналы 500 теңге, бағасы 5700 теңге, салмағы 31,1 грамм.

Банк мамандары бұл монетаға халықтың қызығушылығы мен сұранысының көп болатындығы ескеріліп, оның таралымы көп, құны біршама арзан, халыққа қолжетімді етіп шығарылғанын алға тартады. Ескерткіш монетаның автор-дизайнерлері В.Б.Ибженко және А.Г.Басенов. Айта кетерлігі, бұрын Маңғыстау облысы бойынша «Айрақты таулары» монетасы шығарылған болатын. Ол өлкенің әсем табиғат көрінісіне арналса, «Бекет ата ғибадатханасы» - ұлы тұлғалардың құрметіне шығарылған алғашқы монета.

Дайындаған Тельман БЕЙСЕНОВ,

Фото автордікі
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 1265 | Добавил: Bamxana | Теги: Бұл күнді маңғыстаулықтар ерекше ат | Рейтинг: 5.0/2
(43.31 Kb, 468x60)
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]