БОЛМАНОВТАР ҰЛДЫ БОЛДЫ - 6 Сентября 2010 - Қазақша ән, клип, сурет, фильм. Шет ел ән, клип Жүктеу
жексенбі, 11.12.2016, 10:55

Қазақ Жастары

Пікірлер
24.12.2014
Еркін Нұржанов-Аягөз (2011)
Жазған:
Пікірі:
ереке твой музыка кл... (Жауап жазу)
18.10.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
Қалқаман бауырым ама... (Жауап жазу)
04.10.2014
МҰҢ
Жазған:
Пікірі:
кушты. онерин устем ... (Жауап жазу)
04.10.2014
Жүрексіз де көрейін өмір сүріп
Жазған:
Пікірі:
керемет туындылар. ж... (Жауап жазу)
18.09.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
рахмет калкаман аа с... (Жауап жазу)
21.04.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
kuwti,olen (Жауап жазу)
19.02.2014
Бақытгүл Бабаш - Бір арман емес пе ек?
Жазған:
Пікірі:
ИА қазыргы таңда акы... (Жауап жазу)
19.02.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
Калкаман Сарйн акын ... (Жауап жазу)
26.01.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
сиздин олендеринизге... (Жауап жазу)
27.12.2013
Жанабай-Аяла (жана нұсқа 2011)
Жазған:
Пікірі:
Magan ander ote unad... (Жауап жазу)
Жеке бұрыш
Қош келдіңіз, Қонақ
10:55
Топ: Қонақ
Қонақ Егер тіркеле алмасан merei...90@mail.ru осы почтаға хабарлас үлкен бастық ашып береді...

Шәйхана
500
Санақ
Сайтта отырғандар: 1
қонақтар: 1
мүшелер: 0
Главная » 2010 » қыркүйек » 6 » БОЛМАНОВТАР ҰЛДЫ БОЛДЫ
19:08
БОЛМАНОВТАР ҰЛДЫ БОЛДЫ


Өмір мен өнерде қол ұстасқан Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болмановтың шаңырағы тағы бір адаммен толықты. Шілденің 31-і күні таңғы сағат 5-те Астанадағы Ұлттық «Ана мен бала» ғылыми орталығында, салмағы - 3, 516 келі, ал бойы - 53 сантиметрді құраған шекесі торсықтай ұл бала дүниеге келді. Тоғыз ай толғағы жетіп, үшінші ұлын аман-есен босанған жас ананың жағдайы жақсы, қазіргі таңда «декреттік» демалыста отыр. Жұлдызды жұптың тұңғышы - Бекболат ағалық «міндетін» пайдалана отырып, інісінің есімін өзі қоюды жөн санаған. Сонымен, Болмановтар әулетінің үшінші перзентінің есімі - Нұрәли.

Еліміздің бас қаласы - Астанаға қоныс аударғанына бірнеше жылдың жүзі болған әншілер бұл жағымды жаңалыққа ерекше қуанып, Аллаға мың да бір алғыс айтуда. Өткен айдың соңында аяқ-қолы жеңілдеп, дүниеге тағы бір ұлын әкелген Қарақат Әбілдина айрықша сезімге бөленіп, аталмыш жайтты құтқа балап отырғанын жасырмайды. Бұған себеп те жоқ емес. Өнер иесінің айтуынша, шарананың ағалары - Бекболат Қадыр түні, ал Иманәлі Ораза Айттың алғашқы күнінде туылып, қос қуаныш мұсылмандардың ұлық мерекесімен тұспа-тұс келген-ді. Ал Нұрәли ағаларындай қасиетті айда жарық дүние есігін ашпағанымен, әке-шешесі Ораза мейрамының қарсаңында дүниеге келген кенже ұлдарын Жаратқанның оларға жасаған жақсылығы деп қабылдап отыр.

- Шыны керек, осымен үшінші балам болса да, босанар уақытым жақындаған сайын қатты қобалжып, сәбиімнің өмірге аман-есен келгенін күні-түні тілеген едім. Шүкір, перзентханадағы дәрігерлер мен жақын-жуықтарымның көмегімен, Алланың тілеуімен бәрі де ойдағыдай өтті. Шілде айының соңында ұлымды дүниеге әкеліп, арада үш күн өткен соң, үйімізге орналастық. Бекболатымыз он жасқа толып әрі баламыздың үлкені болғаннан кейін «інімнің есімін мен қояйыншы» деген тілегіне қарсы болғанымыз жоқ. Сөйтсек, ұлымыз бөбегімізге есімді таңдап да қойыпты. Пәтерімізге келе сала ойланбастан «Нұрәли деп атаймыз» деді. Ойланып қарасам, шынымен де жақсы есім. Өзіңізге белгілі, «Нұр» - құт, сәуле дегенді білдірсе, ал «әли» тіркесі де қазаққа жат емес, дінімізде көптеп кездесетін есім. Оның үстіне әкесі мен ағасының есімдеріне үйлестіріп қоюды дұрыс деп шештік, - дейді Қ. Түлкібайқызы.

Өз кезегінде Елордадағы медициналық мекемеде туылған болашақ ат ұстар азаматқа қазақтың барлық салт-дәстүрлері мұқият жасалып, ырым-тыйымдардың орындалуын ата-анасынан бөлек, ауылдан ат арытып келген тума-туыстары да жіті қадағалаған. Сәбидің кіндігін әкесінің өзі кесіп, баласының иманды әрі өжет болуын іштей тілегенін айтады. Сондай-ақ үш баланың анасы «Шариғат бойынша әр балаға құрбандық шалу - парыз» деген пікірде. Бұл мұсылмандық рәсімдердің барынша бұлжытпай атқарылғанын айтқан ол тек бір істің - сүндеттің ғана кейінге шегерілгенін жеткізді. «Бір қызығы, сондағы дәрігерлер ұл баланы дүниеге келгеннен кейін сүндеттеу керек екенімізді айтты. Бұны олар тез әрі ыңғайлы тәсіл деп түсіндіреді. Алайда, расын айту керек, Нұрәлимызды әзірге ондай жауапты іске қимадық… Ұлымыз 5-6 жасқа келіп, ес білген соң, бұл тойды да жасаймыз деп өзара келістік. Қанша айтқанмен, әзір кішкентай ғой. Қорқынышты…».

Реті келгенде айта кеткеніміз жөн, өнер иелерінің ұлы - Бекболат жазғы демалыс уақытында жыл сайын Үшқоңырға сапар шегіп, сондағы ер балалар медресесінде діни сауат ашуды дәстүрге айналдырған. Қарақаттың пікірінше, жамағатпен бірге намазға жығылып, бір ай көлемінде Алланы тану - құптарлық іс. Жуырда ғана медреседен оралған тұңғышын ата-анасы келер жылы да жазғы діни мектепке жіберуді жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде Бекболат Құранды жатқа оқып, таңғы намазды қаза қылмайтын көрінеді. Балиғат жас - 13-тен асқан соң Ораза тұтып, мұсылмандықтың бес парызын орындауды жөн санайтын ұлдары өзінен кейінгі інілерін де осы сауабы мол іске тартпақшы. Үш ұлдың ата-анасы да болашақта олардың діни білім алып, рухани жағынан мықты азамат болуына барымызды саламыз деп уәде етуде.

- Үш ұлдың - азаматтың анасы болу - мен үшін үлкен бақыт! Жасыратыны жоқ, алғашқы ұлымыз өмірге келгенде жастық жалынмен белімізді буып алып, той-томалақтарға, түрлі концерттерге шыға беретінбіз. Балалық болар… Ал қазір бұрынғыдай емес, денсаулығыма ерекше ұқыптылықпен қарап, жас аналарға арналған көптеген энциклопедияларды оқитын болдым. Мәселен, жақында ғана «Әйел күтімі» деген танымдық кітапты оқып бітірдім. Маған ең бастысы - балаларымның амандығы. Сондықтан әзірге концерт пен тойдан түбегейлі бас тартып отырмын. Менің қазіргі таңдағы негізгі өнерім де, өмірім де - ұлдарым!.., - дейді ол.

… «Нұр Астана» апталығы атынан әншілерді осынау қуанышымен құттықтай барып, үйінен басталған әңгімеміз «Серпер» Жастар сыйлығының лауреаты, «Алтын самұрық» ұлттық музыкалық байқауының «Гран-при» иегері, белгілі әнші, бәрінен бұрын үш баланың анасы Қарақат Әбілдинаның кішкентайымен бірге саябақта жалғасты. Бүгінгі ана мен бала төңірегінде өрбіген әңгімемізді өнер иесінің «Әр оқырманға, оның ішінде әйел затына ана бақытын тілеймін. Біздің қуанышымызбен бөлісіп, ортақтасқаныңыз үшін сіздерге алғыс білдіремін. Алланың нұры жаусын!» деген тілегімен аяқтауды жөн көрдік.

P.S. «Күйтабақтың» алдағы санынан Қарақат Әбілдинаның үйінен жасалған арнайы репортаж һәм сыр-сұхбатын оқи аласыз.

Айбек ТАСҚАЛИЕВ.

«Нұр Астана» газеті.
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 2925 | Добавил: Bamxana | Теги: БОЛМАНОВТАР ҰЛДЫ БОЛДЫ | Рейтинг: 3.3/3
(43.31 Kb, 468x60)
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]