Ханның түсi - 12 Сентября 2010 - Қазақша ән, клип, сурет, фильм. Шет ел ән, клип Жүктеу
жексенбі, 11.12.2016, 05:14

Қазақ Жастары

Пікірлер
24.12.2014
Еркін Нұржанов-Аягөз (2011)
Жазған:
Пікірі:
ереке твой музыка кл... (Жауап жазу)
18.10.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
Қалқаман бауырым ама... (Жауап жазу)
04.10.2014
МҰҢ
Жазған:
Пікірі:
кушты. онерин устем ... (Жауап жазу)
04.10.2014
Жүрексіз де көрейін өмір сүріп
Жазған:
Пікірі:
керемет туындылар. ж... (Жауап жазу)
18.09.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
рахмет калкаман аа с... (Жауап жазу)
21.04.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
kuwti,olen (Жауап жазу)
19.02.2014
Бақытгүл Бабаш - Бір арман емес пе ек?
Жазған:
Пікірі:
ИА қазыргы таңда акы... (Жауап жазу)
19.02.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
Калкаман Сарйн акын ... (Жауап жазу)
26.01.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
сиздин олендеринизге... (Жауап жазу)
27.12.2013
Жанабай-Аяла (жана нұсқа 2011)
Жазған:
Пікірі:
Magan ander ote unad... (Жауап жазу)
Жеке бұрыш
Қош келдіңіз, Қонақ
05:14
Топ: Қонақ
Қонақ Егер тіркеле алмасан merei...90@mail.ru осы почтаға хабарлас үлкен бастық ашып береді...

Шәйхана
500
Санақ
Сайтта отырғандар: 1
қонақтар: 1
мүшелер: 0
Главная » 2010 » қыркүйек » 12 » Ханның түсi
21:26
Ханның түсi
Бұрынғы өткен заманда бiр хан ұзақ жылдар бойы билiк құрыпты. Жасы ұлғайса да тағынан түспек түгiлi, тақ мұрагерiн де дайындауды да ойластырмай, ел шаруасынан гөрi той-томалақ, ойын-сауық құруға әбден етi үйренiптi. Өзiнiң кемшiлiгiн айтып, ақиқат сөйлегендердiң артына түсiп, басын алып, зынданға қамап, дегенiн iстетiп отырыпты. Ханның қасында жүрген нөкерлер өңшең жалбақайлар мен жәдiгөйлерге айналыпты. Хан өзiн таңның атысынан, күннiң батысына дейiн мадақтатып, сарай ақындарына жырлатып қояды екен.

Бiр күнi хан саятшылыққа шығып, шаршап келiп мамық төсектiң үстiнде жатып көзi iлiнiп кетiптi. Хан түс көредi.Түсiнде бұл мiнген тұлпар босағада байлаулы тұрған жерiнен босанып кетiп, қаша жөнеледi. Хан нөкерлерiн дауыстап шақырса, бiрi де келмейдi. Амалсыздан тұлпарының артынан жаяу өзi жүгiредi. Бiр төбеден асып, тұлпарына жақындай бергенде, кенеттен бiр арлан қасқыр шығып, ханды қуа жөнеледi. Қасқыр жақындай берген сайын хан құдайға жалбарына бастайды.

«Ей, Алла, жарты ғасыр ел биледiм. Ендi мiне, айдалада ит-құсқа жем болатын болдым ғой. Тағым да садақа, осыдан тiрi қалдыра гөр» деп жалбарынады. Кенет алдынан терең қазылған құдық шыға келедi.Үйiнен алып шыққан арқанды құдықтың әйкелiне байлап, түбiне түсе бастайды. Құдықтың түбiне жақындай бергенде құдықтың түбiнде тiлiн жалаңдатып, ауызын арандай ашып үлкен айдаһар жатады. Хан шошып кетiп, құдайға тағы жалбарынады. «Ей, жаратқан ием, мына пәлелерiңнен құтқара гөр. Осыдан аман қалсам, өле-өлгенше өзiңе құлшылық етiп өтем»,- дейдi. Төбесiне қараса - қасқыр,төменге қараса айдаһар жатыр. Осы сәтте ханның жанталаса тарбаңдаған аяғы құдықтың жанындағы кеппеге тiреледi. Хан аяғын құдықтың қапталына тiреп алып, жан-жағына қармана бастайды. Бiр кезде ханның қолы құдық кеуегiндегi бал арасының ұясына түседi.Балдың тәттiлiгi соншалық, төбесiнен қарап тұрған қасқырды да, астында жатқан айдаһарды да ұмытады. Бiр уақытта бал да азая бастайды. «Манағы қасқыр кеттi ме екен?» деген оймен жоғарыға қараса хан ұстап тұрған арқанды бiр қара тышқан,бiр ақ тышқан кезек-кезек тiндерiн қиып жатыр.Соңында бiр-ақ тiн қалыпты. Астында айдаһар әлi жатыр. Хан шошып кетiп қатты шыңғырып жiбередi. Өз даусынан өзi оянып кетедi. Қараса ақ тер-көк тер болып жатыр екен. Түсiнен қатты қауiптенедi. Түстi де жақсы жоритын адамға жорыту керек. Хан көршi ауылдағы тоқсан жастағы абыз, ақсақалды алдырып, көрген түсiн баяндайды. Сонда көп ойланып отырып абыз ақсақал түстi былайша жориды.

«Уа, хан ием, менiң төрiмнен көрiм жақын. Көңiлiңе қарап өтiрiк айта алмаймын. Белдеуде тұрған тұлпар - сенiң басыңдағы бағың, астыңдағы тағың. Күндердiң күнiнде ол да астыңнан сытылып кетедi. Сол кезде қасыңда жүрген жағымпаз нөкерлердiң бiрi де қалмайды. Артыңнан қуған қара қасқыр - ол сенiң ажалың. Бәрiмiздiң де артымыздан қуып жүр. Қасқыр жете бергенде сен Аллаға жалыныпсың. Алла сенiң бiр тiлегiңдi орындапты. Құдық түбiндегi айдаһар - сенiң қазулы тұрған қабiрiң. Күндердiң күнi болғанда сол қабiрге бәрiмiз де үш жерiмiзден буылып кiремiз. Ол ханға да, қараға да аян. Сен Аллаға жалындың, Алла тiлегiңдi тағы да бердi. Сен саусағыңды сұғып жалаған бал - мынау бес күндiк жалған пәнидiң дәм тұзы. Сен балды жалағанда мынау жарық дүниедегi қызыққа мәз болып, қиямет күндi ұмыттың. Бiрақ, ол да уақытша. Әйкелге байлаулы арқан - сенiң өмiрiң. Ал арқанды қиып жатқан ақ тышқан мен қара тышқан - өтiп жатқан күн мен түн. Бiр тiн қалған екен. Саған да тықыр таянғанның белгiсi. Сен басыңа қиын iс түскенде Аллаға жалындың. Алла тiлегiңдi бердi. Абыройыңның барында Аллаға берген аманатыңды орындайтын кез келдi хан ием!» - дейдi.

Хан көп ойланады. Халқынан кешiрiм сұрап, тақ мұрагерiн та-ғайындауды да халықтың талқысына салады. Өзi қалған ғұмырын Аллаға құлшылық жасап, қарапайым тiршiлiк етiптi.

Жәнiбек ҚОЖЫҚ
Категория: Жаңалықтар | Просмотров: 814 | Добавил: Bamxana | Теги: Ханның түсi | Рейтинг: 0.0/0
(43.31 Kb, 468x60)
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]