бейсенбі, 13.12.2018, 17:01

Қазақ Жастары

Пікірлер
24.12.2014
Еркін Нұржанов-Аягөз (2011)
Жазған:
Пікірі:
ереке твой музыка кл... (Жауап жазу)
18.10.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
Қалқаман бауырым ама... (Жауап жазу)
04.10.2014
МҰҢ
Жазған:
Пікірі:
кушты. онерин устем ... (Жауап жазу)
04.10.2014
Жүрексіз де көрейін өмір сүріп
Жазған:
Пікірі:
керемет туындылар. ж... (Жауап жазу)
18.09.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
рахмет калкаман аа с... (Жауап жазу)
21.04.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
kuwti,olen (Жауап жазу)
19.02.2014
Бақытгүл Бабаш - Бір арман емес пе ек?
Жазған:
Пікірі:
ИА қазыргы таңда акы... (Жауап жазу)
19.02.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
Калкаман Сарйн акын ... (Жауап жазу)
26.01.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
сиздин олендеринизге... (Жауап жазу)
27.12.2013
Жанабай-Аяла (жана нұсқа 2011)
Жазған:
Пікірі:
Magan ander ote unad... (Жауап жазу)
Жеке бұрыш
Қош келдіңіз, Қонақ
17:01
Топ: Қонақ
Қонақ Егер тіркеле алмасан merei...90@mail.ru осы почтаға хабарлас үлкен бастық ашып береді...

Шәйхана
500
Санақ
Сайтта отырғандар: 1
қонақтар: 1
мүшелер: 0
Главная » 2010 » тамыз » 9 » «ОРДА» тобының әншісі, Дастан ОРАЗБЕКОВ: «Актер болудан қорықпаймын…»
21:50
«ОРДА» тобының әншісі, Дастан ОРАЗБЕКОВ: «Актер болудан қорықпаймын…»

«ОРДА» тобының әншісі, Дастан ОРАЗБЕКОВ: «Актер болудан қорықпаймын…»


-Дастан, «Орда» тобы бөлініп кетіпті, топ құрамынан сізді кетіп қалыпты»- деп естідік. Сол рас па? 


-Жоқ, мұның барлығы өтірік әңгіме. «Орда» тобы ешқандай бөлінген жоқ. Мен де «Ордадан» ешқайда, ешқашан кетпеймін. Бірақ, алдағы уақытта, өзінің жеке шығармашылығына байланысты, «Орда» тобының әншісі, менің ағам Рүстем Оразбеков уақытша топтан қол үзуі мүмкін. Бірақ, бұл «Рүстем «Ордадан»кетеді» деген әңгіме емес.

-Дәл қазіргі таңда, «Орда» тобының шығармашылығында қандай жаңалықтар болып жатыр?

-«Орда» тобының орындауында бірнеше жаңа әндер жаздырып жатырмыз. Сондай-ақ,, «Мент» және «Қара майор» атты екі фильмге саундтрэк дайындадық. Сосын, Аллаһ бұйыртса, 15 сәуір күні тобымызбен бірге Қарағанды қаласына гастрольдік сапармен жолға шыққалы отырмыз.

-Көпшілік көрермен сіздердің сахнада би билеу, ән айту, киім кию стильдеріңізді кәріс ұлтына ұқсастырып жатады. Тіпті, «Орда» тобының орындауындағы «Ұмытпашы жаным» әні кәріс халқының әуені екен деген де сөздер бар. Бұл шындыққа қаншалықты жанасады?

-Негізінде, Шығыс Азия халықтарының көздерінің қаралығы, түр-келбеттерінің бір-біріне ұқсайтындығы болмаса, біз кәрістерге ешқандай еліктемейміз. Топтың көркемдік жетекшісі Ерболат Беделхан - Майкл Джексонның өнерін бағалаушылардың бірі. Ерболаттың бүгінде жазып жатқан әндері мен би қимылдары оның өз талпынысы мен ізденісінен туған дүние. Ал «Орда» тобының орындауындағы әндердің мәтінін де, әуенін де өзіміз жазамыз. Тіпті, әндерді өзіміз өңдейміз. Топтың күйтабағындағы жазылған әндердің біреуі ғана біздікі емес, ол - «Белгісіз жан». Бұл әнді жазған Оралхан Сәдуақасов деген азамат. Ал, «Ұмытпашы жаным» негізінде, моңғол халқының әні. Біз оның әуенін алып, оған қазақша мәтін жаздырып, қазақ тілінде орындап жүрміз.

-Дастан, «Орда» тобы біраз уақыт Мәскеу қаласында шығармашылық тәжірибе жинақтап келді. Болашақта Мәскеуге кетіп қалуларыңыз мүмкін бе?

-Бүгінде ондай ұсыныстар түсіп жатыр. Сол ұсыныстардың деңгейіне қарай, бұл мәселені алдағы уақытта көре жатармыз. Бірақ, бұл - «Орда» Мәскеуге түбегейлі кетіп қалады» деген әңгіме емес. Біз тек, «Қазақстанның әртістері осындай»-дегенді көрсетіп, Ресей сахнасында өнер көрсетуіміз мүмкін.

-«Орда» тобының ән айту, би билеу жағынан өзіндік стилі мүлде бөлек. Ал сізге қарап отырсам, жас мөлшеріңіз отызға таяп қалыпты. Сіз үшін сахнада би билеу қиын емес пе?

-Иә, оныңыз рас. Бірақ, жасым отызға таяп қалса да, мен үшін би билеудің ешқандай қиындығы жоқ. Өйткені, мен биді өте жақсы көремін. Билеуден ешқашан шаршамаймын.

-«Орданың» продюсері кім?

-«Орданың» продюсері - «Орда».

-«Орда» тобының демеушісі бар ма?

-«Орда» тобының демеушісі - Қазақ халқы.

-«Орда» тобының әнқоржынында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде әндер бар. Ал өзіңіз қанша тілді жетік меңгергенсіз?

-Өзім екі тілді жетік білемін. Ол - қазақ және орыс тілдері. Бірақ, біздің топ құрамында ағылшын тілін өте жоғары меңгерген жігіттер бар. Алдағы уақытта, мен де ағылшын тілін үйренемін деген ойдамын.

-Дастан, ендігі әңгімемізді бүгінде өзіңіз өнер көрсетіп жүрген «Екі жұлдыз» жобасы жайында қозғасақ…? Жобаға қалай келдіңіз?

-Негізінде, мен «Екі жұлдыз» жобасының бірінші маусымына да шақырылған болатынмын. Бірақ, дәл сол уақытта киноға түсіп жатқандықтан, уақытымның тығыздығына байланысты жобаға қатыса алмадым. Ал, қазіргі мүмкіндікті құр жібермей жобаға қатысқаннан кейін, өз алдыма мақсат қойып: «Неге бірінші болмасқа? Неге жеңбеске?» деп отырмын. Жобадағы жұбым - Айнұр - сөзге өте шешен, сөзден жаңылыспайтын қазақ халқының айтыскер ақын қызы. Өзім де отбасымда қазақы тәрбиемен өскендіктен, Айнұр екеуіміз бір-бірімізбен тез тіл табысып кеттік. Бүгінде тек әріптес болып қана емес, бір-біріміздің отбасымызбен де жақын араласып тұрамыз. Өткенде отбасыммен Астана қаласына барғанымызда, Айнұрдың шаңырағында қонақта болып қайттық.

-Жобадағы өзіңізге ұнайтын жұптардан кімдерді атар едіңіз?

-Шыны керек, жобадағы жұптарды бір-бірінен бөліп-жарып айту өте қиын. Дегенмен, өзіміздің топтағы жұптардан атап айтар болсам, Диана мен Әнуар, Маржан мен Рахманды өте сәтті шыққан жұптар деп есептеймін.

-Әңгіме арасында, «Киноға түстім»-деп айтып қалдыңыз. Қандай киноға түстіңіз?

-Менің түскен фильмім - «Астана-любовь моя» атты 12 сериалдан тұратын кинокартина. Бұл фильмде басты рөлдегі екі достың біреуі - жағымды, екіншісі - жағымсыз кейіпкерлер. Мен - екінші жағымсыз кейіпкер Абзалдың образын сомдаймын. Аллаһ қаласа, биылғы жылдың 15 маусымында фильмнің тұсаукесері болады.

-Ал бүгінде, киноға түсу жайында басқа режиссерлер тарапынан ұсыныстар болды ма?

-Иә, ұсыныстар түсті. Жоғарыда айтып өткенімдей, өзіміз саундтрэк жазған «Мент» фильмінің режиссері сол кинодағы басты кейіпкерді сомдауға шақырған болатын. Бірақ, уақыт тапшылығына байланысты, одан да бас тарттым. Сосын, осы жақында Талғат Теменовтің «Преодоление» атты фильміне шақырды. Бірақ, бұл фильмнің сценарийі қайтадан жазылып жатқандықтан, оның түсірілім жұмысы әзірге тоқтатылып тұр.

-Болашақта актер болып кетуіңіз мүмкін бе?

- Әбден мүмкін. Егер де, маған нақты ұсыныс түсетін болса, неге актер болмасқа? Мен актер болудан қорықпаймын.

-Отбасыңыз жайында кеңірек әңгімелей отырсаңыз..?

-Мен 1982 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында дүниеге келгенмін. Әкемнің есімі-Дәрібай, ол кісі былтыр өмірден өтті. Ал анамның аты - Мереке. Ата-анам сахнаға шығып ән айтпаса да, өз достарының, туған-туыстардың ортасында өте өнерлі жандар болған. Отбасында төрт ағайындымыз. Үйдің үлкені - өздеріңізге белгілі «Орда» тобының әншісі Рүстем, одан кейін мен туылыппын. Және өзімнен кейін, Меруерт, Гүлшат есімді екі қарындасым бар. 1997 жылы отбасымызбен Алматы қаласына көшіп келдік. Жұбайымның есімі-Жанат, Алдияр атты бір ұлымыз бар. Аллаһқа шүкір, бақытты отбасылардың біріміз.

-Өнерде өзіңіз ерекше құрметтейтін жандар кімдер?

-Батырхан Шүкенов, «МузАрт» тобы, оның ішінде, Мейрамбек Бесбаевты ерекше атап айтқым келеді. Себебі, мен өзім кішкентайымнан Мейрамбектің әндерін тыңдап өскенмін. Сондай-ақ, Медеу Арынбаевты да айтып өтсем артық болмас. Өйткені, мен ол кісінің өнерімен қатар, адамгершілік қасиетін де өте жоғары бағалаймын.

-Қазақстанда шоу бизнесі бар ма?

-Қазақстанда шоу-бизнесі бар деп есептеймін. Себебі, біздің еліміз енді ғана тәй-тәй басып келе жатқан жас мемлекет. Біз «Мың өліп мың тірілген қазақпыз» сондықтан, өнерде де жарып шығамыз деп ойлаймын.

-Тойға жиі шығып тұрасыздар ма?

-Міндетті түрде. Оны жасыратын түгі жоқ. Бірақ, алдағы уақытта, «Орда» тобы арнайы концерттік бағдарламамен еліміздің бар аймақтарын аралап шықпақ ниетте.

-Хоббиіңіз не?

- Менің хоббиім -ән.

-«Жұлдызбен сырласу» журналына тілегіңіз?

-Сіздердің журнал бетінде жариялаған жаңалықтарыңыз жарқын, оқырмандарыңыз көп болсын!

-Дастан, әңгімеңізге көп-көп рахмет! «Орда» тобына шығармашылық биік белестер тілейміз!

Сұхбаттасқан: Айнұр ҚАНАТБЕКҚЫЗЫ
Категория: Сұхбаттар | Просмотров: 3577 | Добавил: Bamxana | Теги: Дастан ОРАЗБЕКОВ, Орда тобы | Рейтинг: 5.0/1
(43.31 Kb, 468x60)
Всего комментариев: 1
1 Ардакты Шымкент каласынан   (06.06.2012 01:29)
Тамаша жазылган сухбат екен, молодец, "Жулдызбен сырласу"! Бул журналды озим суйип окимын, унеми тамаша сухбаттар, тагылымды макалалар жазатыны унайды!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]