бейсенбі, 23.01.2020, 02:53

Қазақ Жастары

Пікірлер
24.12.2014
Еркін Нұржанов-Аягөз (2011)
Жазған:
Пікірі:
ереке твой музыка кл... (Жауап жазу)
18.10.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
Қалқаман бауырым ама... (Жауап жазу)
04.10.2014
МҰҢ
Жазған:
Пікірі:
кушты. онерин устем ... (Жауап жазу)
04.10.2014
Жүрексіз де көрейін өмір сүріп
Жазған:
Пікірі:
керемет туындылар. ж... (Жауап жазу)
18.09.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
рахмет калкаман аа с... (Жауап жазу)
21.04.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
kuwti,olen (Жауап жазу)
19.02.2014
Бақытгүл Бабаш - Бір арман емес пе ек?
Жазған:
Пікірі:
ИА қазыргы таңда акы... (Жауап жазу)
19.02.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
Калкаман Сарйн акын ... (Жауап жазу)
26.01.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
сиздин олендеринизге... (Жауап жазу)
27.12.2013
Жанабай-Аяла (жана нұсқа 2011)
Жазған:
Пікірі:
Magan ander ote unad... (Жауап жазу)
Жеке бұрыш
Қош келдіңіз, Қонақ
02:53
Топ: Қонақ
Қонақ Егер тіркеле алмасан merei...90@mail.ru осы почтаға хабарлас үлкен бастық ашып береді...

Шәйхана
500
Санақ
Сайтта отырғандар: 1
қонақтар: 1
мүшелер: 0
Главная » 2010 » қыркүйек » 6 » Рамазан СТАМҒАЗИЕВ: Шақырған концерттерге шапқылай берсең, қадірің кетеді
19:15
Рамазан СТАМҒАЗИЕВ: Шақырған концерттерге шапқылай берсең, қадірің кетеді
- Осыдан біраз бұрын «Арман» әніне алғашқы бейнеклипіңізді түсіріп, тұсаукесер рәсімін өткізгеніңіз есімізде. Оған да біршама уақыт болды. Клип түсірудің кезегін күтіп тұрған басқа да әндеріңіз бар ма?

- Иә, былтыр «Ел» продюсерлік орталығының қолдауымен аталған әнге бейнесаз түсірдік. Басы-қасында жүрген, сценариіне дейін әзірлеген Ғалым Доскен ағамыз. Расын айту керек, бұл әнбаянның өзгелерден табиғаты бөлек әрі көрерменге айтар ойы да ерекше. Бейнеклипте көпшілік қауымға философиялық ойды жеткізіп, әнді өзгеше сарында ұсынуға тырыстық десем, артық айтқаным болмас.

Қазір қатарынан екі әнге сценарий жазып қойдық, түсіру жұмыстарына сақадай-сай тұр. Қытайдағы қазақтардың еліне деген сағынышынан туған «Киелі көш» пен өзіміздің «Қос қоңыр» деген әндер. Жасыратыны жоқ, қол байлау болып отырған басты мәселе - қаражат тапшылығы. Егер осы жайт оңды шешілсе, тез арада түсіру жұмыстарын бастамақ ойымыз бар.

- «Арманның» әнбаянының халыққа насихатталуы кемшін болған сияқты. Көгілдір экраннан неге тым аз көрсетілді?

- Сөзіңнің жаны бар. Бәрі де баяғы қаржы мәселесі ғой. Бірнеше рет республикалық деңгейдегі телеарналарға ұсынып едім, қыруар ақша талап етті. Сондықтан бұл шаруа әзірге тоқтап тұр. Шыны керек, әлі де болса, өзіміздің өнер адамдарымызды дәріптеп, олардың азын-аулақ жұмыстарын көрермендерге көрсетуге телеарна басшылары құлықсыз. Мені осы бір жайт ерекше алаңдатады.

Өкініштісі, күндіз-түні шетелдік бейнесаздарды эфирден тегін жібереміз. Нәтижесінде кім ұтады?! Түсініксіз!.. Әйтсе де, жүрген жерімде клипімді ақысыз таратып, мүмкіндігінше облыстық телеарналарға да қалдырып кетуге тырысамын. Менікі, әйтеуір ұсыну, ал қалғанын телеарнадағы азаматтардың арына тапсырдым.

- Қазақстанға еңбегі сіңген әртіссіз. Әкімшілік арқылы бұл мәселені шешуге болмай ма?..

- (Ойланып - А.Т.). Жоқ. Өйткені, кезінде ол жақтағы ағаларымыз «біздің құзырымызда емес» деп, бірден кесіп айтқан болатын. Сол себепті, жасыратыны жоқ, бұл жерге келгенде олардан көмек күтпейміз. Біздің қолымыздан келетіні - ел аралап, азды-көпті тыңдармандарымызға өз өнерімізді паш ету. Одан басқа әзірге халықпен жүздесудің амалын көріп тұрғаным жоқ. Бүгінде осындай мақсатпен республиканың барлық аймақтарын шығармашылық кешіммен аралап жүрген жайым бар.

- Сіздің ойыңызша, бүгінде қазақтың әншілік өнері қандай деңгейде?

- Заман талабы шығар, қазірде эстрадалық әндер ерекше сұранысқа ие. Өскелең ұрпақты «тәрбиелеп» жатқан да сол. Жұртшылықтың көбісі аталған жанрдағы әндерді тыңдап, нәтижесінде ұлттық мұрамыз - дәстүрлі өнер соның көлеңкесінде қалып қойып жатыр. Бұл - шындық.

Әлбетте, қазақ өнеріне де ғашық тыңдарман бар. Бірақ олар шағын орта ғана, жалпы қазақ деп айта ал-маймын. Бұл кемшілік жоғары жақта отырған азаматтарға байланысты десем қателеспеспін. Сол кісілер тиісінше көңіл бөліп, қазақ өнеріне қамқорлықтарын аямаса - деңгейіміз жоғары болмаса да, аз дегенде ортаға жететін еді. Бірақ бізді еститін құлақ жоқ. Қазақ әншілеріне келгенде әлгі ағаларымыздың құлағы керең боп шығады.

- Бір сұхбатыңызда: «Әншілер фонограммамен «ән айтқанды» доғару керек» депсіз. Пікіріңізді өзгерткен жоқсыз ба?

- Әлі күнге дейін сол пікірдемін. Нағыз өнер адамы ешқандай жасандылықты қоспай, жанды дауыста ән айтуы керек! Өйткені, біздер де жаһандану заманына икемделіп, әлемдік деңгейдегі стандарттарға, яғни талап-тілектерге көшуге тиіспіз. Әрине, кейбір сахналарда «тірілей» ән салуға мүмкіндік жоқ. Залдың окустикасы, музыкалық аппаратурасы сай емес дегендей… Алайда, шырқаймын деген әншіге еш жерде қарсы келмейді. Ең бастысы әншінің тірі дауыспен айтуға деген ниеті дер едім.

- Жылдың басында «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» атты екі томдық антологияның шыққаны белгілі. Бұған байланысты пікіріңізді біле кетсек.

- Меніңше, бұл - игі бастама, өте қуантарлық жайт. Меніңше, бұл жинақтың қазақ музыкасына қосар үлесі мол. Неге десеңіз, сонау IX ғасырда өмір сүрген Қорқыттың да күйлерін қамтыған антология тарихымызды түгендеп, оны жастарға кеңінен танытуда зор ықпал етеді. Өз басым бұл жаңалықты естігенде балаша қуанғанымды жасыра алмаймын.

Ендігі бір тілегім - қазақтың әншілік өнері жайлы сыр шертетін кітап жарық көрсе екен. Себебі, көптеген әндердің шығу тарихы, орындаушылардың өмір деректері, өнерде бұрыннан қалыптасқан бірнеше әншілік мектеп туралы әлі де болса, көпшілігі бейхабар.

- Кейбір әншілер өздерінің өнер жолы жайында сыр шертетін кітап шығарып жатыр. Бұған қалай қарайсыз?..

- Алла нәсіп етсе, айтулы мерейтойларға қарай өзімнің түйгенімді, өмір мен өнерден көрген-білгенімді жинақтап, бір кітап шығармақ ойым бар. Әрине, алдағыны Алла біледі ғой, бұл өзімнің көптен бері ойлап жүрген жоспарларымның бірі ғана. Бұйырса, бұл жаңалық менің тек 55-60 жасқа толғанымда орын алуы мүмкін. Онда да өмірімде бір-ақ рет.

Жалпы, кітап дегеніңіз - киелі ұғым, асыл мұра. Сондықтан екінің бірі кітап шығарып, сөз өнеріне араласа берсе де жақсы болмайды. Әр нәрсенің өз жөні, реті бар дегендей. Қазіргі таңда кейбіреулер өзі туралы кітап шығарып, естеліктер қалдыруға құмар. Бұл дұрыс та шығар. Әйтсе де, құнарлы кітап, парасат-пайымы кең дүниеге жазғанға жетсін?!

- Сахнадағы кейбір әріптестеріңіз саясатқа араласып, депутат атанып жүр. Осы тектес әкімшілік қызметке сізді шақыра қалса, барар ма едіңіз?..

- Рас, өнердегі кейбір аға-інілерім саясаттан да хабары бар екендігін көрсетіп жүр. Бірақ мен үшін осы өмірімнің өзі қызық, қарбаласқа толы. Оның үстіне, кез келген адамға әншілік тегіннен-тегін берілмейді ғой. Әншілікті адамның басына қонған үлкен бақ деп білемін. Сондықтан алдымен дұрыстап әнімді айтып, халықтың алдында өнерімді көрсетіп алайын. Ал қалғаны кейін бола жатар.

Мақтанғаным емес, бүгінге дейін бірнеше лауазымды қызметтерге шақырды. Алайда, бәрінен де өзімнің қалауым бойынша бас тарттым. Бүгінде мен тек әншілікпен шектеліп жүргенім жоқ, ұстаздық жолды да қатар алып жүрмін. Он жылдан астам уақыт бойы Ж. Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінде сабақ беріп келемін.

- Өткен жылы жұбайыңыз Ұлту Қабаева Республика сарайында шығармашылық кешін өткізіп, халықтың алдында есеп берді. Ендігі кезек сізге келіп тұрған сыңайлы?..

- Былтыр наурыз айында келіншегім үлкен концертін беріп, көрермендермен қауыштырдық. Жаман шықпаған секілді. Шүкір, келген тыңдармандардың бәрі жақсы-жақсы тілектерін айтып жатты.

Өзіме келер болсам, осыдан бір жарым жыл бұрын төрт бөлімнен тұратын «Сәуле-ғұмыр» атты есеп беру кешімді өткізгенмін. Менің ойымша, жыл сайын халықты жинап, концерт бере берген дұрыс емес. Әнші репертуары жаңа әндермен толығып, шығармашылығы әбден пісіп-жетілген соң ғана есеп беруі керек.

- Соңғы кездері зайыбыңызды сахнадан көрмейтініміз қалай?..

- Жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылып тұратын санаулы жақсы концерттер бар. Солардан қалмауға тырысамыз. Уақытымыз табылып жатса, басқа да мән-мағынасы келіскен кештерге қатысамыз. Ал дайындығы нашар, көздегені тек қаражат болған концерттерге бармайтынымыз рас. Неге десеңіз, шақырған жерге шапқылай берсең, қадірің кетеді. Жалпы, Ұлту өнерден алыстаған жоқ. Реті келгенде концерттерге шығып, әнін айтады.

- Әншілердің арасында егде буынның қатарына қоссақ, айып етпессіз! Ата атанып, немере сүйіп үлгердіңіз бе?

- (Күлді). Аллаға шүкір, ұл-қызымыз есейіп, оң-солын танып қалды ғой. Қызым Перизат - тіл маманы, ұлым Олжас - экономика саласы бойынша білім алуда. Әзірге студент. Екеуі де әлі отбасын құра қойған жоқ. Бұйырса, бір-екі жылдықта ортамыз кеңейер деп ойлаймын.

- Жаз мезгілі ортасынан ауып барады. Биылғы жазды қалай өткермексіз? Қайда демалуды жоспарлап отырсыз?

- Жаз келді екен деп қарап жатуға болмайды ғой. Алла нәсіп етіп, қаражат табылып жатса, әлгі екі әніме бейнеклип түсіргім келеді. Өткен жылы Қытай мен Моңғолияға сапар шегіп, сондағы қандастарымызға концерт беріп қайтқан едім. Биыл да сол үрдісті жалғастырып, шетелдің бірнеше қаласын араламақ ойым бар.

Дегенмен, адамға демалыс та қажет қой. Барлығы ойдағыдай жүзеге асса, бір-екі жетіге отбасымызбен ауылда аунап-қунап қайтуды жөн көріп отырмыз.

- Әңгімеңізге рахмет!

Әңгімелескен Айбек ТАСҚАЛИ.

«Нұр Астана» газеті.
Категория: Сұхбаттар | Просмотров: 3724 | Добавил: Bamxana | Теги: Шақырған концерттерге шапқылай берс, Рамазан СТАМҒАЗИЕВ | Рейтинг: 0.0/0
(43.31 Kb, 468x60)
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]