Ринат ЗАИТОВ: «Халықтың ұлттық өнерін өлтіруге ешкімнің қақысы жоқ!» - 10 Августа 2010 - Қазақша ән, клип, сурет, фильм. Шет ел ән, клип Жүктеу
жұма, 28.11.2014, 08:31

Қазақ Жастары

Пікірлер
18.10.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
Қалқаман бауырым ама... (Жауап жазу)
04.10.2014
МҰҢ
Жазған:
Пікірі:
кушты. онерин устем ... (Жауап жазу)
04.10.2014
Жүрексіз де көрейін өмір сүріп
Жазған:
Пікірі:
керемет туындылар. ж... (Жауап жазу)
18.09.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
рахмет калкаман аа с... (Жауап жазу)
15.06.2014
Еркін Нұржанов-Аягөз (2011)
Жазған:
Пікірі:
Еркін жақсы әнші өзн... (Жауап жазу)
29.04.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
машалла))))) (Жауап жазу)
21.04.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
kuwti,olen (Жауап жазу)
26.02.2014
Тоқтар СЕРІКОВ: «КІНДІГІН АШЫП ТЫҢДАЙТЫН ҚАРЫНДАСТАРЫМ ҮШІН - ӘН ЖАЗУҒА ҰЯЛАМЫН…»
Жазған:
Пікірі:
салеметсизбе Токтар ... (Жауап жазу)
26.02.2014
Сиви МАХМУДИ: Руслан мәңгілікке жүрегімде сақталады
Жазған:
Пікірі:
салеметсизбе Сиви ме... (Жауап жазу)
19.02.2014
Бақытгүл Бабаш - Бір арман емес пе ек?
Жазған:
Пікірі:
ИА қазыргы таңда акы... (Жауап жазу)
Жеке бұрыш
Қош келдіңіз, Қонақ
08:31
Топ: Қонақ
Қонақ Егер тіркеле алмасан merei...90@mail.ru осы почтаға хабарлас үлкен бастық ашып береді...

Шәйхана
500
Санақ
Сайтта отырғандар: 1
қонақтар: 1
мүшелер: 0
Главная » 2010 » тамыз » 10 » Ринат ЗАИТОВ: «Халықтың ұлттық өнерін өлтіруге ешкімнің қақысы жоқ!»
16:30
Ринат ЗАИТОВ: «Халықтың ұлттық өнерін өлтіруге ешкімнің қақысы жоқ!»
Ринат ЗАИТОВ: «Халықтың ұлттық өнерін өлтіруге ешкімнің қақысы жоқ!»

-Ринат, келіскен уақытымыздан 15 минут ерте келдіңіз. Осыған қарап, сіздің пунктуалдылығыңызды байқап отырмын. Үнемі осындайсыз ба?


-Иә, уақытты есептеп, үнемдеп жүруге тырысамын. Кейде, келісілген жерге уақытында үлгере алмай, шынымен бөгет болып қалатын кездер болады.


-Жақында наурыз мерекесіне орай, Студенттер сарайында


«…Тіл кеспек жоқ!» деген атпен ұйымдастырылған ақындар айтысы қалай өтті?


Бұл айтыс- қазақ халқының дәстүрлі өнерін сақтап қалу жолында өткен жоғары деңгейлі айтыс болды. Қатысқан барлық ақындар өте әдемі айтысты. Ал халықтың айтысқа деген ыстық ықыласы олардың зор қошеметтерінен-ақ көрініп тұрды. Мен бұл айтыста Ақмарал Леубаева, Жандарбек Бұлғақов сынды дарынды ақындармен айтыстым.


-Айтысты теледидардан көрсетуге тыйым салынды. Ал бұл өткізген айтыстарыңыз өзінің аты айтып тұрғандай, осы қысымға қарсы өткізілген шара ма?


-Президент аппаратынан барлығымыздың қолымызға қағаз тиді. Ол қағазда айтыстың ережесі туралы жазылған екен. Ол жерде тіпті, «Айтыс»-деген сөз мүлде жазылмаған. Тек «Ақындар сайысы»-деп жазып қойған. Сондай-ақ, «Айтысты мынау жауып отыр, не болмаса, айтысқа анау тосқауыл қойып отыр» -деп, бізге нақты ешкім айтпайды. Біріне барсаң, екіншісіне сілтейді, ал екіншісі басқасына сілтейді, қысқасын айтқанда, бұл -футбол ойыны болды. Ал 8-наурызда халықаралық әйелдер мерекесіне орай, Айнұр Тұрсынбаева Елбасының қабылдауында болды. Сол кездесуде Айнұр Елбасына арнайы баяндама жасады. Бұл баяндаманың жазбаша нұсқасында айтыстың қиыншылық көріп жатқандығы туралы айтылған еді. Бірақ, мұндай сөздерді президенттің маңайындағылар Елбасына жеткізбей, қысқартып алып тастапты. Демек, бұл «қысқарту» өте жоғары жақтан келіп отырған нәрсе емес. Бірақ, Аллаһқа шүкір, қазір ақпарат көзі дамыған заман ғой. Айтыстың көшірмесін дисктерге де, интернетке де шығара беруге болады. Бұған ешкім бөгет бола алмайды. Мысалы, иттің өзін күшік кезінен ұрып, теуіп, қамап қоя беретін болса, онда ол күшік адамға қарай соғұрлым қабаған болады. Айтысты өшіргеннен ешкім ештеңе таппайды. Тек ақындар ашына бастайды. Қазақтың төл өнері менің өз елімде, менің Қазақстанымда неге көрсетілмеуі керек? Неліктен біздің жас ұрпақ шетелдік тәрбиесі жоқ киноларды көріп өсу керек? Ұрпақты тәрбиелеу «Ойбай, наша шекпеңдер!» деген роликпен бітпейді! Ол айтыспен, және ұлттық өнерді дамыту жолында жасалатын оң бағдарламалармен іске асуы қажет.Ал айтысты ешкім құрта алмайды! Өйткені, халықтың пәленбай ғасыр жасап келе жатқан ұлттық өнерін өлтіруге ешкімнің қақысы жоқ. Айтыс - әрқашан жасай бермек.Тіпті, бүкіл демеушілерімізді алып тастаса да, «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ»! Ешқандай жүлдесіз айтыс өтетін болса да, ақындар оған барып, айтыс өткізе алатынына мен кепілдік беремін.


- Айтыста әділетсіздікке жол беріле ме?


- Айтыста жеңіліп қалған қай ақыннан болмасын «Айтыс қалай өтті?» деп сұрасаңыз, «Айтыс жақсы өтті, бірақ әділетсіз болды. Бірақ мен өзімді айтып отырғаным жоқ…» деп жауап береді. Ал жеңген ақынға дәл сол сауалды қойсаңыз: «Айтыс керемет, тамаша болды. Бәрі әділетті өтті!» деп, жауап береді. Сол сияқты, айтыскер ақындардың ішіндегі қарсыластарым маған: «Сен жүлде үшін айтысасың»-дейді. Сонда, мен айтысқа шығып отырып «Жоқ мен жүлдеге қызықпаймын, сен жеңе бер, сен жеңе ғой» -деп, қарсыласыма өз намысымды қолдан беріп отыра беруім керек пе?! Айтыс - сөздің сайысы. Ал, менің арым қай кезде де таза. Сайысқа түскен соң жеңу де менің міндетім. Халықтың ойын, мұңын, пікірін көпшілік алдында ортаға салу да - менің міндетім. Сол сияқты, әркім өзінің ұстанған осындай позициясын, көзқарасын сайыстың аяғына дейін қорғап шығуы керек. Бұл әркімнің де міндеті.


-Ринат, сіздің бойыңыздағы ақындық өнер кімнен дарыған? Айтысып отырған кезде арқаланып кетесіз…?


-Кез-келген қазақтың жеті атасын түгендесең, ішінде әйтеуір бір өнерлісі шығады. Адамға 1% ғана талант беріледі, ал қалған 99%-ның барлығы тәжірибемен, еңбекпен келеді. Айтыс сахнасына мен шыққан 1998 жылдары қалыптасқан ақындар мектебі өте мықты болды. 2004 жылға дейін жақсы жұмыс істеді. Сара, Қарлығаш, Әсел сияқты айтыскер ақындардың барлығы сол мектептен өткендер. Ал, бұл мектеп құлағаннан кейін, басқа біреулер қайтадан ашуға тырысып жатыр. Бірақ, одан ешқандай нәтиже жоқ.


-Айтысқа алғаш шыққан кезіңіз есіңізде ме?


-Иә, әрине есімде. Ол уақытта ақындық мектебіне енді ғана барып жүрген кезім,13-14 жаста болатынмын.Семейде қалалық ақындар айтысы өтетін болды. Ал, мен айтыстың тактикасын меңгеріп үлгермеген едім. Бірақ, айтысқа шығарғаннан кейін, әйтеуір айтысу керек болды. Қарсыласым менен де әлсіз болды. Жұрт күлсе, «Бізге күліп жатыр, жақсы айтысып жатыр екенбіз» деп, екеуміз мәз боламыз. Қазылар алқасының мүшесінде сазгер Тұрсынғазы Рахымов деген ағам отырды. Соны тілге тиек етіп: «Мен сені бір-ақ ұрып құлатам, жюриде отыр Тұрсынғазы братан»-деп қоясың, оған ел риза. Қазір де сол алғашқы айтысым өзіме ыстық, оны ешқашан ұмытпайтын шығармын.


-Сізді айтыс өнерінің шеберлігіне баулыған ұстаздарыңыз кімдер?


- Менің өз көзіммен көрген ақын- ұстаздардың ішінде, «осы кісі шын ұстаз» деп танитын төрт ұстаз бар. Оның біреуі - Оразалы марқұмның ұстазы Қасен Саматыров. Одан кейін, Қаныбек Сарыбаев - Бекарыстың ұстазы. Ал, үшіншісі өзімнің ұстазым - Сиязбек Сүлейменов. Ол кісімен 1998 жылдан бері таныспын, әлі күнге дейін ақылдасып тұрамын. Әрқашан оң жол сілтеп отыратын білікті, сауатты жан. Және, төртінші ұстазым - Айтақын Бұлғақов. Бұл кісіден де алған тәлімім мол. Сондай-ақ, өзімнің өнер жолымда осындай ардақты кісілердің кездескеніне шын жүректен қуаныштымын.


-Үлкен айтыстарда бас жүлдеге көбінесе көлік тігіледі. Осы уақытқа дейін қанша көлік ұттыңыз?


-Шынымды айтсам, санап көрмеппін. Шамамен оннан асады.


- Айтыстағы ең мықты қарсыласым деп, қай ақынды жоғары бағалайсыз?


-Барлығын бірдей бағалаймын. Себебі, кез-келген айтыста жеңе білу - ақынның дайындығына тікелей байланысты. Ақын айтысқа қандай көңіл-күймен келсе, айтысы да сол күйде өтеді. Бекарыс Шойбеков, Балғынбек Имашев, кейінгі кездері солардың қатарына қосылған Жандарбек Бұлғақов сияқты феномен ақындар да бар. Олар сөзсіз ақындар. Олардан әр кезде қауіптенуге болады. Және олардың «айтады-ау» деген ойларын алдын-ала болжау өте қиын.


-Айтыс ақындары айтыстан тыс өмірде немен айналысады?


-Айтыс - адамның ішкі жан дүниесін, жанның қалауын сахнаға шығаратын өнер. Ал тәннің қалауын қамтамасыз ететін дүние мүлде бөлек. Сондықтан, айтыстан тыс уақытта ешкім де бостан-босқа құр жүре бермейді. Әр ақынның әр түрлі салада белгілі бір атқарып жүрген қызметтері бар. Мысалы, Айбек Қалиев - декан, Бекарыс Шойбеков - университетте мұғалім, сол сияқты басқаларының да айналысатын өз жұмыстары бар. Ал менің негізгі мамандығым актер болғандықтан, түрлі телеарналардағы бағдарламаларға қатысамын. Сондай-ақ, тойларда асабалық етумен айналысамын.


-Дәл қазіргі таңда, еліміздегі ұлттық идеологияның дамуы өте баяу жылжуда. Теледидарларымыз екі тілде сөйлемесе ауырады, ал кино туралы тіпті айтпай-ақ қояйық. Сіздің ойыңызша, ұлттық идеологияны қайтсек күшейтуге болады?


-Ұлттық идеологияны жастардың санасына сіңіру үшін, ең әуелі ана тілімізді дұрыстап құрметтеп үйренуіміз қажет. Әр бала әр нәрседен қазақтың иісін сезінуі қажет. Әйтпесе, ана тілін білмейтін жастарға ұлттық идеологияны қайтіп сіңіресіз? Сондай-ақ, ұлттық идеологияны жастардың санасына сіңірудің ең үлкен жолы - еліміздің түкпір-түкпіріндегі ауылға зор қамкорлық көрсету керек. Өйткені, қазақтың қамын ойлап жүрген, қазаққа жаны ашитын нағыз азаматтардың барлығы дерлік ауылдан шыққан. Өйткені, олар ауылдың таза қазақы тәрбиесін бойына сіңіре білгендер. Ал қалада қайдағы қазақылық? Көшедегі ілулі тұрған жарнамаларға дейін орысша жазылған. Ал бірен-саран қазақша жазылғандары болса, оның қатесі алыстан көзге ұрып тұрады. Мұндайды «бір жолға түсіріп дұрыстайық» деп жатқан қандай қалалық азаматты танисыз, айтыңызшы? Мысалы, мен балаларымды қолымнан келгенше қазақы тәрбие беруге тырысамын. Ал бірақ, балама ойыншық алайын десем, қазақша сөйлейтін бір ойыншық таппаймын. Барлығы орысша, ағылшынша сөйлейді. Әйтеуір қазір сондай ойыншықтармен ойнап жүрген балаларымның орысша білмейтіндеріне қуанамын. Бірақ, келешекте олар міндетті түрде орысша сөйлеп кететіндерін мен білемін. Өйткені, балаға небәрі ойыншық та орыс тілін үйретеді, ертең қоғамдық ортаның да оған орыс тілін үйрететіні сөзсіз. Тіпті, дұрыс жазылған қазақы аудармаларды көшеден көзіңіз шала ма? Жоқ! Ал енді біздің ұлттық телеарналар ең болмаса қазақ тілінде бір мультфильм түсіріп, оны балалар көретін уақыттарда көгілдір экраннан айналдырып отырса ғой, шіркін! Кешке дейін қайдағы бір Шрек, Бэтман, Диего дей ма, қазақ санасына аты түгіл заты да жат дүниені айналдыра бермей! Қазір қазақ тілінде ертегі кітаптар жазатын жазушылар да өте аз. Мектеп оқулықтарының өзінде де аудармалардан өріп жүрген қателерден кетік болып отырған қазақ тілін көресіз. Сонда біз ұлттық идеологияны қайдан табамыз? Тіпті, қазіргі жастар бастарына бөрік, үстіне шапан киген екі адамды көрсе, ол XVIII-XVII ғасырдың көрінісі деп ойлайды. Мысалы, мен өз көлігімде рэп тыңдап отырсам, маған кейбір замандастарым: «Сен мынандай өлеңді неге тыңдайсың? Сен ақынсың ғой!»-дейді. Олардың ойынша, мен ақын болсам, демек XVIII ғасырға арналған адаммын. Тіпті сол рэп оқудың арғы атасы осы айтыстан шыққанын солар біле ме екен десеңізші! Демек, біз бүгінгі таңда өз өнерімізді дұрыс дамытып, оны заманауи үлгіде халыққа жеткізе алмай келеміз.


- Бұдан шығатын жолдың бір үлгісі қандай?


- Қазір, біздің ойымызда тамаша бір іс бар. Атап айтар болсам, жақында «На-Ми» тобындағы Болат Нұрғазин деген жігіт маған өте жақсы ұсыныс айтты. Сол ұсыныс бойынша, біз Аллаһ қаласа, «Нұр-Отан» жастар қанатына жақында хабарласпақшымыз. Егер, олар біздің ойымызға құлақ асып, 25 мамыр күні Орталық Стадионды бізге алып, музыкалық аппараттарын қойып берсе, басқа ештеңенің керегі жоқ. Ал, біз бүкіл оқушыларды жинап, барлық қазақ эстрадасының жұлдыздарын шақырып, қазақша би кешін өткізбекпіз. Әйтеуір қазақ жастарының құлағына қазақша ән құйып, қазақша да көңілді кеш ұйымдастыруға болатынын дәлелдемекпіз. Және, осы қазақша би кешінде есіткен әндерін жастар ертеңгі күні де ыстық қабылдап, жақсы тыңдайтын болады. Одан кейін де, жаңа шыққан қазақша әндерге құлақ түріп жүретін болады, деп ойлаймын.


-Бір айтыста сіздің тегіңізге қатысты талас туғанын білемін. Сізден жеңіліп бара жатқан соң, қарсыласыңыз сіздің қаныңызда аралас қан бар деп айтып салды. Сол рас па?


- Біз Әли деген қазақты көрсек, таңқалмаймыз ғой. Сол сияқты, атамның да есімі арабша есім - Заит. Әкемнің шешесі ұйғырдың қызы, қазір Қытайда тұрады. Ал әкемнің аты-жөні Дүйсекенов Рефхат. Бірақ, әкем партияның адамы, мінезі қатал жан. Өмір бойы мұғалім болып қызмет етіп келеді. Кеңес үкіметі кезінде, барлығының және барлығымыздың да аты-жөндерімізді толығымен атайтын. Мүмкін, мені бастық болады деп ойлаған шығар…(жымиып). Ал анамның есімі- Роза Қалиасқарқызы. Мен жетінші сынып оқып жүрген кезімде, әке-шешем ажырасып кетті. Бүгінде, әкемнің бөлек отбасы, Сәуле есімді қызы бар. Ал анам Семей қаласында, үлкен ағамның қолында тұрады. Отбасында төрт ағайындымыз. Мен -үйдің кенжесімін. Өзімнен үлкен Айдос, Алмас есімді ағаларым бар, Бұлбұл деген әпкем бар. Ал менің орныма қыз туылады деп күткен екен. Бірақ Аллаһтың бұйрығымен 1983 жылдың 14 қарашасында мен туылыппын. Ұлтым - қазақ. Есімімнің дұрыс аталуы Ренат емес, Ринат. Егер Ренат болатын болса, онда ол таза татарша болатын еді. Ал, Ринат - ескі латынша «жұмбақ» деген мағынаны білдіреді. Өзім үйленгенмін. Өмірлік серігімнің есімі Зүльфия. Айша, Ақжүніс есімді қыздарымыз бар.


- Қанша дегенмен, халық алдында көп жүретін адамсыз ғой. Өз отбасыңызға тиісті көңіл бөле аласыз ба?


- Өкінішке орай, қыздарыма уақытымды аз бөлетін әкемін(күліп). Мысалы, үлкен қызым алғаш жүре бастағанда мен оның қасында болған жоқпын. Ең алғаш тілі шығып, сөйлегенде де оның жанында бола алмадым. Бірақ, бәрібір «қыз бала әкесіне жақын болады» дейді ғой. Мен үйге келгенде қыздарым маған еркелеп, асыр салып кетеді. Анасына айтар «мама» деген сөзді ұмытып, әңгімені «Зүлфия» деп бастайды (күліп). Мен оларды қаншалықты жақсы көретінімді білдіре алмасам да, олар оны сезетін сияқты…


-Қыздарыңыз қайсысыңызға көбірек ұқсайды?


-Қыздарымның мінездері тура өзімдікіндей. Үлкен қызымның түр-келбеті анасынан аумай қалған. Ал кішкентайым өзіме тартқан (жымиып).


-Болашақта әнші болып кетпейсіз бе?


-Мен өнерді өте жоғары құрметтейтін адаммын. Ән айтуға жарамайтын даусыммен өнерді былғағым келмейді. Оған ұятым жібермейді.


-Сырттан қарағанда ашушаң сияқтысыз. Жалпы мінезіңіз қандай?


-Жоқ, мен адам баласына ашуланбаймын. Бірақ, аса сабырлымын деп те айта алмаймын. Болмашы нәрсеге немқұрайлы қарап, мән бермеуге тырысамын.


-Саясатқа шақырса барар ма едіңіз?


-Менің саясаткер болғым келмейді. Саясаткер болу қолымнан келмейді де. Өнер адамынан саясаткер шығады деген пікірге мүлде қосылмаймын. Бірде өте өткір оппозициялық көзқарастағы бір азаматтан (есімін атамай-ақ қояйын) «Сіз президент болсаңыз, елді басқара аласыз ба?»-деп сұраған едім, сонда ол:«Жоқ!»-деп жауап берді. Саясаттағы адамдармен кездескен кезімде де: «Көкейдегіні айтпайсыңдар ма?» десем, «Айтқызбайды ғой!»-дейді. Мен соны көріп отырып, саясатқа араласып, біреулердің


қуыршағы болғым келмейді. Елге жексұрын болғанша, өнерде жүре бергенім жақсы. Себебі, саясаткер- халықты ойлайтын адам емес, ол саясатты ғана ойлайды. Сондықтан, осы күнге дейін ешқандай партияға кірмегенмін, кірмеймін де.


-Сонда халықты кім ойлайды?


-Халық өз пікірін өзі қорғауы керек, тіпті ұлт болып қорғауы керек.


-Қазіргі таңда, елімізде сан қилы кинолар түсіріліп жатыр. Солардың ішінде сізге ұнамды болған туынды бар ма?


- Бар. Маған «Рэкетир», «Сіз кімсіз Ка мырза?», «Лавэ» ұнады. Ал, «Ағайынды» фильмінде өтірік көп. Мүмкін, ол сценарийстерден кеткен қате шығар. Жарайды, біз шалақазақтанып бара жатқан шығармыз. Бірақ кешіріңіз, «Айналайын балам, ты сегодня приедешь?» деген ауылда тұратын апаны ешқашан көрген емеспін. Өткенде «Келін» дегенді де көрдім. Ол кино емес! Кино деп те қабылдаған жоқпын, тек соны түсірген операторға жаным ашыды. Бұл киноның болашағы жоқ, себебі оны ешкім де көрмейді. Біз өзіміз шулап жүріп, оған жарнама жасап жібердік. Мысалы мен оны сол даудан кейін барып қана көрдім. Әйтпесе, сол кино түсірілді ма, жоқ па, оны ешкім біліп те жатқан жоқ. Ал режиссері шетелдіктерге өз елін мазақ қылып келгеніне мәз. Бірақ, Қазақстанда «мұндай киноларды түсіртпейміз» десек, онда бүкіл шет елдік киноларға да сол талапты қойып, қатал сүзгіден өткізуіміз керек. Әйтпесе, Қазақстанда мұндай кино түсірілсе, барлығы жабылып «ойбай, не деген ұятысыздық!» деп бас салады. Ал кинотеатрларда күніне қаншама шет елдік кинолар көрсетіліп жастарымыздың санасын улап жатыр. Ал біздің режиссерлар соларға еліктеп мәз. Бұған мән беретін кім бар?


-Ринат, сіздің негізгі мамандығыңыз - актер. Актер ретінде қандай рөлді сомдағыңыз келеді?


-Жоқ, белгілі бір рөлді сомдағым келеді деп, ешқандай рөлді айта алмаймын. Өйткені менің жанрым басқа. Менің монолог оқығым келеді. Ал қазір біздің қазақ сахнасында Уәлибек Әбдірайымовтан басқа монолог оқитын адам жоқ.


-Өзіңіз монолог жазасыз ба?


-Жазуға тырысып жүрмін. Біз қазір өзіміздің бағытымызды өзгертіп, Абылай Науаиов екеуміз әзіл шумақтар дуэтін құрдық. Ол біздің қазақ эстрадасындаа жоқ нәрсе. Оның үстіне, халық мені ақын ретінде көріп үйреніп қалған соң, қасыңда біреу тұрса жұмыс істеу жеңілірек. Ал Абылай Науаиов өте талантты адам, онымен жұмыс істеген қиындық тудырмайды. Қазір мұны «Дудар-ай» бағдарламасында жайлап бастап жатырмыз. Бірақ болашақта, мұның концерттік түрін, халыққа жеңіл жеткізу жолын да ұйымдастырмақшымыз.


- Кейінгі кездері өзіңізді Алматыдағы студиялардан көп байқап қалып жүрміз. Өнер ордасы Алматыға біржолата көшіп келдіңіз бе, әлде Семей қаласынан қатынап келіп-кетіп жүрсіз бе?


-Дұрыс айтасыз. Мен жақында отбасыммен Алматыға біржола көшіп келдім. Қанша дегенмен, Алматы өнердің нағыз шоғырланған ордасы ғой. Жоғарыда өзіңізге айтып отырған көп идеяларымды, тірліктерімді жаңа бастамаларымды осы жақта дамытсам деймін.


-Жаңа бір сөзіңізде, тойларда асаба ретінде шығатыныңызды айтып қалдыңыз. Халық сіздің асабалығыңызды қалай бағалап жатыр?


- Негізінде, асабалық деген мамандық емес. Бірақ, «Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан жас артық» дейді. Әйтеуір еңбектеніп, қолға алған тірлікті дұрыс атқаруға тырысамын. Бірақ, оның ұнауы-ұнамауы ол тойдағы адамдарға байланысты. Өйткені, олардың өздерінің стереотипі бар. Тойдың иесі өзінің қаламайтын дүниелерін айтады, ал ол жердегі публика бұрын өздері болған тойлармен салыстырады.


-Арманыңыз қандай?


-Менің бір-ақ арманым бар - жұмаққа бару. Бұл тіпті кез келген адамның арманы да шығар. Мен де соны армандаймын.


-Сіздердің орысша айтыстарыңызды да көрдік. Өте сәтті шығыпты. Бұл кімнің идеясы?


-Сіздердің есіткендеріңіз- сәл ғана дайындығы аз айтыс еді. Ал жалпы, айтыскер ақындар Асхат Ізтілеуов, Балғынбек және мен өзіміздің арамызда ұялы телефонмен смс-хаттар арқылы орысша айтысып жүрдік. Сосын оны Жүрсін ағаға көрсетіп, «айтыста осындай орысша айтыс көрсетсек қалай болады?» деп ұсыныс жасап едік, ол кісі біздің бұл ойымызды құптады. Сосын, халық алдында орысша айтысып көрдік. Тақырыбы да «Меценаттар» деп, аяқ астынан болды. Халық өте жақсы қабылдады. Аллаһ қаласа, болашақта Балғынбек екеуіміз осы орысша айтысқа дұрыстап дайындалып, электронды нұсқасын жазып, ғаламторға таратсақ» деген ойымыз бар.


-Суырып салма ақындықты үйренудің арнайы бір тәсілі бар ма?


-Бұл да бір Аллаһ Тағаладан келетін бұйрық қой. Мысалы мен бірінші өлеңімді 6-7 жасымда жаздым. Сөйтіп-сөйтіп жаза бастадым. «Адамға ақын болу үшін мынаны істеу керек, немесе білуі керек» деп ештеңені де айтып түсіндіре алмаймын. Тіпті кейбіреулер: «Сендер осы сахнада отырып өлеңді қалай шығара бересіңдер?» деп сұрайды. Оны өзім де түсіндіре алмаймын. Тіпті, сол айтыстың үстінде екі ауыз сөздің басын құрай алмай қалатын сәттеріміз, ұйқасын ұмытып қалатын кездеріміз де болады.


-Ондай кездері мұндай жағдайдан қалай шығасыздар?


-Ешқалай да. Мойындауға тырысамын. Себебі болмайтын нәрсе болмайды.


-Сізге өмірлік жол сілтеген қандай да бір кітабыңыз бар ма?


-Менің сүйікті кітаптарым көп. Бірақ, соның ішінде маған шынайы достықтың мағынасын түсіндіріп, патриоттық сезімімді оятқан - Саттар Ерубаевтың «Менің құрдастарым» атты кітабы.


-Әзілді қалай қабылдайсыз?


-Әзілді өте жақсы қабылдаймын. Себебі, әзілдесе білетін адамдар үнемі көңілді жүреді, көп ренжімейді.


- Әзіл жазасыз ба?


- Әзілді де ептен жазатыным бар. Кез келген тақырыпқа жаза беремін. Не нәрсе болсын өмірден алынады ғой. Сосын маған ұзыннан ұзаққа созылатын әзілдер емес, қысқа әрі нұсқа, астарлы ойы бар әзілдер бар. Біздің ақындардың ішінде Ораз марқұмның, Ермек Жұматаевтың, Балғынбектің әзілдері өзіме қатты ұнайды.


-Ринат, есіміңіз «жұмбақ» деген мағынаны білдіреді екен. Өзіңіз жұмбақ жасырғанды ұнатасыз ба?


- Өз басым жұмбақ жасырып, «мынаны айта алмаймын, бұл да құпия болсын» дегендерді жақтырмаймын. Адам өзінің басымен істеген ісін - мойнымен көтеру керек. Аузынан шыққан сөзіне, сол ауызбен қайта жауап беру керек.


-Демеушілеріңіз бар ма?


-Демеушілерім бар. Ең басты демеушім - Өмірзақ Сәрсенов. Одан кейін жерлестеріміз, ағайындарымыз бар. Аллаһқа шүкір, керек кезінде қол үшін беретін адамдар бар.


-Оқырмандарға айтарыңыз?


Ал жалпы қазақ халқына айтарым - «мен қазақ үшін не істей аламын?» деген ой ешкімде болмасын, біздің қазақ болып туылғанымыздың өзі қазақ үшін еткен еңбегіміз. Сол еңбекті ары қарай дамыту керек. Әрбір қазақ өзінің жүрегімен қазақ болуы керек. Өзінің отбасын таза қазақы қылсын. Соның өзі жетеді. Өйткені, оның отбасының мүшелері біздің мемлекетіміздің құраушысы. Барлығына амандық тілеймін!


-«Жұлдызбен сырласу» журналына тілегіңіз?


- Артық айтсақ ешқашан қылмас айып,


Көрерменге қадамды мың жасайық!


Білгісі келгендері болса егер де


Жиі-жиі жұлдызбен сырласайық!-дей отырып, еңбектеріңізге береке тілеймін.


Сіздердің журналдарыңыздың әрбір айдары бір-бір бағдарлама іспетті екен. Халыққа айтар тамаша ойларыңыз да көп. Жұмыстарыңыз үнемі жемісті болсын!-деймін.




Әңгімелескен: Салтанат Құмабекова


«Жұлдызбен сырласу» журналынан
Категория: Сұхбаттар | Просмотров: 10019 | Добавил: Bamxana | Теги: Ринат ЗАИТОВ | Рейтинг: 4.6/5
(43.31 Kb, 468x60)
Всего комментариев: 1
1 қызылордалық   (08.12.2012 21:55)
қазір 3 бала 4 бала бас қосып топ құра салады клип түсіре салады, ешкандай өзгешілік не жаңалық жоқ тек бір сарын махаббат жайында өлеңдер, топ болып шаққан соң Қоңыр тобы сиақты, Ұлытау МузАрт, Жігіттер Каспий секілді өзіндік ерекшелігі бар топ болып шығып жатса құба құп бірак қазіргі топтар олай емес тек аяқ астынан тойда 3 столдан 3анші бала кездесе қалып сол тойда бір әнді айта салған сиақты жамырап айта салады, ешқандай кәсіби деңгей жоқ бәрінде, осындай топтарды неге сахнаға алып шығады екен ? ыбырсыған топтар тойға ән салып кете берсін бірақ сахнада ән салуға ұялсында, Ақылбек Жеменейдіңде өзінің ерекше дауысы бар ешкімге ұқсамайды, міне осындай әнші болсаң ғана халыққа көрініп Қазақтың өнерін алға суйрей бер

Аты *:
Email:
Код *: