Сиви МАХМУДИ: Руслан мәңгілікке жүрегімде сақталады - 6 Сентября 2010 - Қазақша ән, клип, сурет, фильм. Шет ел ән, клип Жүктеу
сәрсенбі, 30.07.2014, 19:07

Қазақ Жастары

Пікірлер
15.06.2014
Еркін Нұржанов-Аягөз (2011)
Жазған:
Пікірі:
Еркін жақсы әнші өзн... (Жауап жазу)
29.04.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
машалла))))) (Жауап жазу)
21.04.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
kuwti,olen (Жауап жазу)
26.02.2014
Тоқтар СЕРІКОВ: «КІНДІГІН АШЫП ТЫҢДАЙТЫН ҚАРЫНДАСТАРЫМ ҮШІН - ӘН ЖАЗУҒА ҰЯЛАМЫН…»
Жазған:
Пікірі:
салеметсизбе Токтар ... (Жауап жазу)
26.02.2014
Сиви МАХМУДИ: Руслан мәңгілікке жүрегімде сақталады
Жазған:
Пікірі:
салеметсизбе Сиви ме... (Жауап жазу)
19.02.2014
Бақытгүл Бабаш - Бір арман емес пе ек?
Жазған:
Пікірі:
ИА қазыргы таңда акы... (Жауап жазу)
19.02.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
Калкаман Сарйн акын ... (Жауап жазу)
27.01.2014
КЕЗДЕСТІК ҚОШТАСҚАЛЫ...
Жазған:
Пікірі:
Өлеңдеріңіз жүрегімн... (Жауап жазу)
26.01.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
сиздин олендеринизге... (Жауап жазу)
27.12.2013
Жанабай-Аяла (жана нұсқа 2011)
Жазған:
Пікірі:
Magan ander ote unad... (Жауап жазу)
Жеке бұрыш
Қош келдіңіз, Қонақ
19:07
Топ: Қонақ
Қонақ Егер тіркеле алмасан merei...90@mail.ru осы почтаға хабарлас үлкен бастық ашып береді...

Шәйхана
500
Санақ
Сайтта отырғандар: 1
қонақтар: 1
мүшелер: 0
Главная » 2010 » қыркүйек » 6 » Сиви МАХМУДИ: Руслан мәңгілікке жүрегімде сақталады
19:02
Сиви МАХМУДИ: Руслан мәңгілікке жүрегімде сақталады

 Сиви, сенің есіміне байланысты халық арасында алып-қашпа әңгімелер көп. Естуімше, өзге ұлттың өкілі көрінесің?.. 

- (Күлді). Шыны керек, осы тектес әңгімелерді өзім де жиі естимін. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Мен - қазақтың қызымын! Әкем де, шешем де қазақ. Мені өзге ұлттың өкілі деген әңгіме өзіме де ұнамайды. Есімім ерекше естілгеннен кейін көпшілігі тәжік немесе өзбек деп ойлайтын болуы керек. Бірақ қазақтың қызы екенім түрімнен де көрініп тұр емес пе?!

- «Сиви» деген сөз қандай мағына береді?

- «Сиви» деп аталуымның өзіндік сыры бар. Мен үйдің үлкенімін. Отбасында маған дейін екі бала дүниеге келген. Бірақ екеуі де жастай шетінеп кетіпті. Ата-анам балалары тұрақтамағанына қатты уайымдайды. Содан, ауылдың көнекөз қариялары қазақтың ежелгі ырымы бойынша болашақ сәбиге ешкімге ұқсамайтын ерекше есім қоюға кеңес беріпті. Осылайша, екі баладан кейін зарығып күткен мені әке-шешем «Сивиетта» деп атайды. «Сивиетта» - француз тілінен аударғанда «қуаныш» деген мағына береді. Айтылуы ұзақ әрі оңай жатталмайтын есім болғандықтан, «Сиви» деп қысқартып алдым.

- Сивиетта өнер жолына қалай келді?

- Ең алғаш сахнаға 5 жасымда үнді биімен шыққаным бар. Одан кейін біраз жылдар бимен кәсіби түрде айналыстым. Кейін әншілік өнерге қызығушылығым оянды. Шамамен он жасымнан бастап ән айтып келе жатырмын десем, артық айтпаймын.

Мектеп қабырғасында оқып жүріп-ақ «Қазақстан-Шымкент» телеарнасында «Ақ желкен» атты балаларға арналған танымдық бағдарламаны жүргіздім. Орта мектепті бітірісімен өнер саласын таңдап, әншілік немесе актерлік мамандыққа түспекші болған едім. Алайда, әкем бірден қарсылық білдірді. «Қыз бала өмір бойы ән айтып жүре алмайтынын» айтып, әупірімдеп жүріп «ақылға» келтірді. Жалпы, менің өнер саласына баруымды отбасымызда ешкім құптаған емес. Содан өзімнің жүрегіме жақын мамандықты таңдап, Алматыдағы Қазақстан-Америка университетінің журналистика факультетіне оқуға түстім. Оқу ордасын ойдағыдай тәмамдап, қазір жоғары білімді журналист атанып жүрген жайымыз бар.

- Репертуарың жөнінде бір ауыз сөз. Бүгінге дейін жазылған қанша әнің бар?

- Нақты саны қанша екенін айта алмаймын. Шамамен 30-дан астам әнім бар. Көпшілігі мәңгілік тақырып - махаббатқа арналған әндер. Қазақша, орысша әндерді айтпағанда, өзбек, түрік тілдерінде орындайтын туындыларым баршылық.

- Бейнеклиптеріңнің барлығы дерлік бақытсыз махаббатты жырлайтыны қалай?..

- Күні бүгінге дейін 15-ке жуық әнге бейнебаян түсіріппін. Соның көпшілігінің әнін де, сөзін де өзім жаздым. Себебі, басқаның емес, өзімнің әндеріме клип түсіргенді ұнатамын. Ал әндерімнің тақырыбы туралы айтар болсақ, махаббатты жырлағанды жақсы көремін. Басқа тақырыптарда ән шығарғым келсе де, махаббат туралы жазып кеткенімді өзім де байқамай қалатын сияқтымын. Дегенмен, ата-анама, туған жеріме арналған әндерім де кездеседі. Аса көп емес. Болашақта осы олқылықты түзетпек ойым бар.

- Өзіңнің махаббат майданында жолың болды ма?

- Бақытсыз махаббаттан құдай сақтасын! Мүмкін кішкентай кезімде сәтсіздіктер болған шығар. Бірақ есейгеннен кейін сезімім жауапсыз қалған емес. Бірақ, сізге шынымды айтайын, әрдайым мұңды әндерге бүйрегім бұрып тұрады.

- Белгілі тележурналист, марқұм Руслан Бөлебайға арнап түсірген клипіңді тамашалаған едік. Русланға арнап клип түсіргеніңнің астарында не жатқандығын сұрағым келіп отыр?

- Сұрағыңыздың астарын түсініп отырмын. Иә, Русланның қазасы қалың қазақ жұртына, оның ішінде маған да өте ауыр тиді. Қаралы хабарды естігенде төбемнен жай түскендей болып, көпке дейін өзіме келе алмадым. Ол - нағыз ер-азамат еді. Әріптес, жақын дос ретінде ерекше сыйлайтынмын. Русланды жақсы көргенімді де ешкімнен жасырған емеспін. Өзімнің оған деген сезімімді ешқашан ұмытпаймын. Руслан мәңгілікке менің жүрегімде сақталады! Екеуміздің болашаққа жоспарлаған арман-тілектеріміз көп еді… (ойланып…) Амал нешік, тағдырға қарсы тұра алмаймыз. Руслан енді арамызда жоқ. Сүйікті адамым жайында аз да болса естелік қалсын деген оймен, оған арнап клип түсіруді дұрыс деп шештім.

- «Тірі адам тіршілігін жасайды». Жеке өміріне байланысты құрған жоспарың бар ма?

- Шынымды айтсам, әзірге тұрмыс құрмақ ойым жоқ. Бүгінде мен үшін ең маңызды нәрсе - өнерім. Ойлағанымды жүзеге асырып, шоу-бизнес саласында тасымды өрге домалата алсам, соның өзі үлкен жетістік болар еді.

- Әншіліктен бөлек актерлік өнеріңнің бар екенін білеміз. Қанша киноға түсіп үлгердің?

- Мен кино өнеріне аяқастынан келгенім жоқ. Атақты киноактриса атану - бала кезімнен келе жатқан үлкен армандарымның бірі. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының актерлік мамандығының магистратура бөлімін бітіргенімді айта кетсем деймін.

Әзірге бар-жоғы бес фильмде ғана бағымды сынап көрдім. Барлығында басты рөлдерді сомдадым. Реті келгенде айта кеткенім жөн, алдағы қыркүйек айында «Тағдыр сабақтары» атты жаңа фильмнің тұсауы кесіледі. Аталған туындыда да басты кейіпкерді сомдау маған бұйырды. Болашақта жоспарлап отырған бірнеше киноларым бар. Алла сәтін салса, өзімнің студиямда солардың түсіру жұмыстарын бастамақпын.

- Біз білмейтін тағы қандай өнерің бар?

- Мақтанғаным емес, әншілік, актерлік, журналистік және бишілік өнерлерімнен бөлек, тележүргізушілік қабілетім де бар. Бұған дейін «Хабар» арнасындағы «Дудар-ай» бағдарламасында аз-кем жұмыс жасағанмын. Қазір «Дудар-айға» қатысып жүрген жоқпын. Жаңа телевизиялық маусымнан бастап өзімнің авторлық бағдарламамды ашқым келеді.

Одан бөлек менің модельер-дизайнер екенімді көпшілігі біледі деген ойдамын. Қазір «Stell of Sivi» деген атаумен өзімнің киім үлгілерімді халыққа кеңінен таныстырып жатырмын. Бірнеше айдан бері «Stars.KZ» және «Sivi magazine» деп аталатын екі бірдей журналдың бас редакторы қызметіндемін. Шүкір, жұмысымыз бір ыңғайға түсіп, үйренісіп жатырмыз. Сонымен қатар жас әншілер Шэр Әли мен Саялыға және «Аяла» тобына продюсер екенімді айта кеткім келеді.

- Осы жұмыстардың бәріне қалай үлгересің?

- Қазақ «Қалауын тапса қар жанады» дейді ғой, егер барлық іске шын ниетіңмен берілсең, еш қиындығы жоқ екен. Тек қызығушылығыңды жоғалтып алмасаң болғаны…

Мәселен, менің Түркиядан оралғаныма бірнеше күн ғана болды. Қанша шаршап тұрсам да, бар шаруамды ысырып қойып, Астанада өткен жас журналистер форумына ұшақпен алып-ұшып келдім. Себебі, журналистика - мен үшін ерекше қызық сала. Осы форумға келгенімнің арқасында сізге сұхбат берудің де сәті түсті.

- Сұхбат соңында, алға қойған жоспарларыңмен бөлісе отырсаң?..

- Жоғарыда айтқанымдай, алдағы айда жаңа киномның таныстырылымы өтпекші. Күзге салым «Мен сені сүйемін» деген қазақ және орыс тілдерінде жазылған жаңа әніме Алматыда бейнеклип түсіреміз. Сондай-ақ таяу бірнеше айдың ішінде өзімнің киім үлгілерім қойылатын дүкенімді ашуды жоспарлап отырмын. Әзірге, жоспарда бар жұмыстарым осы ғана. Басқа жаңалықтарым болып жатса, «Нұр Астана» газетімен бөлісуге әзірмін.

- Әңгімеңе рахмет! Өнер жолында тасың өрге домалай берсін!

Әңгімелескен Айбек ТАСҚАЛИ
Категория: Сұхбаттар | Просмотров: 5235 | Добавил: Bamxana | Теги: Руслан мәңгілікке жүрегімде сақтала, Сиви Махмуди | Рейтинг: 3.0/2
(43.31 Kb, 468x60)
Всего комментариев: 1
1 арай ораловна   (26.02.2014 15:35)
салеметсизбе Сиви мен карагнды облысынанмын менде 3 баланн анасымын бирак улкен улым ауырады ДЦП диагнозы сизден отинерим каржылаи комек берсениз сотка номери 87754533521

Аты *:
Email:
Код *: