Пікірлер
Жеке бұрыш
14:18
Топ: Қонақ
Қонақ Егер тіркеле алмасан merei...90@mail.ru осы почтаға хабарлас үлкен бастық ашып береді...
Санақ
Сайтта отырғандар: 1 қонақтар: 1 мүшелер: 0
|
Ақындар әлемі
Главная » 2010 » қыркүйек » 6 » Алтын асық
|
Жаһанның құшағына сиясың ба, Жарық күннен жатқам жоқ түк қысылып. Ойығыма қорғасын құясың да, Асықтай иіресің бүк түсіріп.
Жалғыз асық болса да... қызық ойын, Ханталапай алаңы – тар төсегім. Сенің дағы белгілі бұзық ойың, Сақаңның салмағында бар кеселің.
Асығымды түсіріп алшысынан, Айызың бір қанар ма алақайлап, Сақаң келіп тигенде дәл тұсынан, Қағып ал да қақпайла талапайлап.
Таңдайыма тамызып тәтті сезім, Маңдайымды, құдай-ау, жарамысың. Иіргенде не бүк, не шік түсемін, Ұтқан сайын ұлғайып барамысың.
Гүлге толып көңілім, тәнге тоят, Жеңген сайын жеңімпаз жай таба ма? Алақанда аймала, нілге бояп, Алтын асық қалмасын айдалада. |
Категория: Асылзат Арыстанбек |
Просмотров: 1619 |
Добавил: Bamxana
| Теги: Алтын асық
| Рейтинг: 2.8/6 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|