0
Елбасыға арнау... Нағыз қазақ, нағыз ерлік, міне, осы, Елдің басы бола білген һәм досы, Талай биік беселстерге бағынбай, Тәуелсіздік ұран еткен елбасы... Ұлтын ұран ете білген ежелден, Дәл осындай тұлға барын кім білген, Сан мәрте рет қайға көрген қазақты, Танып жатыр міне бүгін өзіңнен... Рухы биік, аты асқақ нар нар тұлға, Өзің- көшсің, халқың сенің артыңда, Шөл даланы көлді қылған бұл ұлдың, Бүкіл әлем, құрметтейді атын да... Сарыарқаның сонау жалаң төсіне, Демеу беріп «қазақ» деген еліне, Бір қазақты бар әлемге танытқан, Бас иемін, батыр ата, өзіңе! Ұлдың жасы, баба қаны жоқ бүгін, Алды қалам бәрі тастап мылтығын, Баяуды да жүйрік елбасым – Ол да сенің батыр ата ерлігің! Лайым елдің тыныштығын ойлады, Бәлкім, сенің бәрінен де мол қайғың, Мәртебесі мәрелі елдің мәрт ұлы, Батыр ата алғыс сізге айтамын... Тарихқа да тағылымың аз емес, Кеше батыр – бүгін сізбен кейіптес, Дәл осындай ұлан ұлы бар елге, Ешкім дағы қорыққаннан тиіспес! Анаң риза, бабаң дағы, ұлың да, Бүкіл қазақ бір өзіңнің қолыңда, Мен қолыма қара қалам алдым да, Жыр арнадым ұлы елдің ұлына... Неткен бақыт, бейбіт өмір, мәнді де, Күлкі ойнап тұр жас сәбиде, бәрінде, Асқақ елдің абыройын көтерген, Нұр ағамыз жасай бергей мәңгіге!
Аян Қалмұрат 27.01.2012ж
|