Пікірлер
24.12.2014 18.10.2014 04.10.2014 04.10.2014 18.09.2014 21.04.2014 19.02.2014 19.02.2014 26.01.2014 27.12.2013
Жеке бұрыш
15:23
Топ: Қонақ
Қонақ Егер тіркеле алмасан merei...90@mail.ru осы почтаға хабарлас үлкен бастық ашып береді...
Санақ
Сайтта отырғандар: 1
қонақтар: 1
мүшелер: 0
Ақындар әлемі
Главная » 2010 » тамыз » 21 » Кешір Махаббат
Атырып алаңсыз таңдарды, Бөлісіп балауса арманды. Ұнаттық, Ұнаттық екеуміз, Бақтарға оңаша барғанды. Жымыңдап жұлдыздар аспанда, Ай туып сәулесін шашқанда. Талабын, Қалауын жүректің, Жеткіздім өзіңе астарлап. Түбінде мәуелі теректің, Өткізген сағаттар бөлек тым. Қос жүрек, Үлпілдеп дейтіндей: «Сен маған, мен саған керекпін» Жүгірдің астында жаңбырдың, Сол мүсін есімнен тандырды. Жабысып көйлегің денеңе, Махаббат алауын жандырды. Серісі мен едім ән-жырдың, Бар әнім сен едің жан құрбым. Ұқпадық, Ұқпадық екеуміз, Боларын тым қатал тағдырдың . Қызғаныш сұм сезім ызғарлы, Біздің де тағдырды бұзғанды. Көздерден, Кез-келген адамнан, Сен мені, мен сені қызғандым. Өмірдің заңына бағынбай, Жыраққа безіндім ауылдан. Бақытым, Жақұтым сен үшін, Күреспей тағдырмен жарымжан. Тіршілік емдеді жарамды, Қайтадан ауылға оралдым. Ғашығым, Асылым бірақта, Кеш ұқтым аяулы бағаңды. Тістедім бармақты ұққанда, Кеудемді өкініш жыртқандай. Өзімнен аумайтын бір сәби, Жүгіріп алдымнан шыққанда.
Категория: Айбек Қалмағанбетов |
Просмотров: 1711 |
Добавил: Bamxana
| Теги: Кешір Махаббат
| Рейтинг: 5.0 /1
Всего комментариев: 3
Порядок вывода комментариев:
По умолчанию
Сначала новые
Сначала старые
0
Өлеңің тамаша екен,әнін жазуыма бола ма?
0
магынвсы тамаша өлен. мен сиздин өлендеринизге Мукагалидың өлеңіне қалай ғашық болсам,солай ғашыкпын.Аллам сизге узак гумыр берсин,казак поэзиясын аскатататын азаматтын бирисиз го
0
Osy olen kalai jaksyma keremet... emespa?
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[
Регистрация |
Вход ]