Пікірлер
24.12.2014 18.10.2014 04.10.2014 04.10.2014 18.09.2014 21.04.2014 19.02.2014 19.02.2014 26.01.2014 27.12.2013
Жеке бұрыш
14:09
Топ: Қонақ
Қонақ Егер тіркеле алмасан merei...90@mail.ru осы почтаға хабарлас үлкен бастық ашып береді...
Санақ
Сайтта отырғандар: 1
қонақтар: 1
мүшелер: 0
Ақындар әлемі
Главная » 2010 » қыркүйек » 6 » КЕЗДЕСТІК ҚОШТАСҚАЛЫ...
20:45
КЕЗДЕСТІК ҚОШТАСҚАЛЫ...
Көлдей тұнық көзіңмен қызықтырдың, Жүрді сонда жазықсыз жүзіп бір мұң. ...Қоштасар сәт келгенде қимай мені, Мөп-мөлдір мұңнан моншақ үзіп тұрдың. Жүрекке жұп бола алмай сендегі адал, Таусылды тағат, төзім, мендегі амал. Жасыңды жел кептіріп қоңыр кеште, Қоңыр күз қолыңа әкеп берді орамал. Таза едің таңғы шықтай, пәк мінезің, Әп – сәтте кермек татып тәтті кезің... Сенен емес, жаным-ау, сенен емес, Сезімімнен салқындық таптым өзім. Ұмыттым. Бәрі, бәрі ұмытылды, Жаныма махаббаттың мұңы тұнды. Қураған жапырақтай жалған сезім, Алсам да алақанға... үгітілді. Кездестік қоштасқалы... Күз. Кешкілік, Мұңлы әуен тұрды алыстан бізге естіліп... ...Шақырып кездесуге сонда сені, Кеттім – ау, жалғыздықпен жүздестіріп.
Категория: Қалқаман Сарин Айымғазыұлы |
Просмотров: 4343 |
Добавил: Bamxana
| Теги: КЕЗДЕСТІК ҚОШТАСҚАЛЫ...
| Рейтинг: 4.0 /35
Всего комментариев: 14
Порядок вывода комментариев:
По умолчанию
Сначала новые
Сначала старые
0
калкаман ага олендерініз оте керемет
0
машАллах!!!оте керемет!!!енбегинизге табыс тилеймин...каламыныздан касиетти кара соз жазыла берсин!!!
0
Өлеңіңіз тамаша! Тек, мұңды екен! Сізге шығармашылық табыс тілеймин!
0
KALKAMAN AGA OLENDERINIZ OTE KEREMET ALLA JAR BOLSIN
0
Қалқаман ага!!! Өлеңдеріңіз өте керемет! Алла шабытыңызды шыңдап, өмір жасыңызды ұзақ қылғай!!!
0
Қалқаман аға өленіңіз қте кермет,тек шыңнан көрінеберіңіз.
0
Сен жоксын Түз меңіреу,күзім күрең Коктемнен күзгі бақтың ізін көрем Ілініп жалғыз ғана жапырақ тұр Сол мүмкін сонгы үміт үзілмеген...............
0
Қалқаман аға олеңдеріңізге сөз жоқ. Қаламыңыз ұштала берсін.Аспанңыз ашық болсын,дұшпаныңыз қашық болсын,сүйгеніңіз бір өзіңізге ғашық болсын. Ақтау қаласы,РАЙХАН
0
Сіздің өлеңдеріңіз маған қатты унайды. Шығармашылығыңыз шыңдала берсін.
0
Аға олеңдеріңіздің иірімдері керемет! Сізге алғысымды білдіремін!
0
Қалқаман аға, өлеңдеріңіз жүректен шығып жүрекке жетерліктей әдемі, керемет. Қашанда ұшқыр ойларыңызды ұштастырып, асыл сөздің маржандарын теріп жүре беріңіз, қаламыңыз мұқалмасын.
0
Қалқаман аға өлеңдеріңіз өте керемет,қаламыңыз ойыңызбен ұштаса отырып,өмірге талай-талай өлеңдер әкелуіңізге тілектеспін
0
Өлендеріңіз тамаша Алланың нұры жаусын
0
тамаша! Қаламыңыз мұқалмасын.
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[
Регистрация |
Вход ]