Пікірлер
Жеке бұрыш
09:36
Топ: Қонақ
Қонақ Егер тіркеле алмасан merei...90@mail.ru осы почтаға хабарлас үлкен бастық ашып береді...
Санақ
Сайтта отырғандар: 1 қонақтар: 1 мүшелер: 0
|
Ақындар әлемі
Главная » 2010 » қыркүйек » 6 » Сен жайлы
|
Жанымның жабыңқы әлемі, Көңілдің күбірлі кемсеңі. Сен жайлы емес бұл өлеңім, Ұмытып үлгіргем мен сені.
Сен жайлы ой емес, Дегенмен, Сол бейнең көз алды, бұрыңғы. Мен сенсіз көруді үйренгем, Болғанмен болашақ бұлынғыр.
Шарапты, өзіңе ұнаған, Мен бүгін ішемін бокалсыз. Сен жайлы сезімдер қураған, Күздегі гүлдердей жұпарсыз.
Сен жайлы естелік емес бұл, Бұл өлең ғайыптан сезілген. Сөздердің ішінде елес жүр, Сен жайлы сезімнен безінген...
Сен жайлы емес бұл өлеңім, Ұмытып үлгіргем мен сені. Жанымның жабыңқы әлемі, Көңілдің күбірлі кемсеңі...
|
Категория: Ақберен Елгезек |
Просмотров: 1347 |
Добавил: Bamxana
| Теги: Сен жайлы
| Рейтинг: 2.5/4 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|