Пікірлер
Жеке бұрыш
13:18
Топ: Қонақ
Қонақ Егер тіркеле алмасан merei...90@mail.ru осы почтаға хабарлас үлкен бастық ашып береді...
Санақ
Сайтта отырғандар: 2 қонақтар: 2 мүшелер: 0
|
Ақындар әлемі
Главная » 2010 » қыркүйек » 7 » Сені сүю
|
Сені сүю – тыныштықпен тілдесу, Сені сүю – үнсіздікпен үндесу. Сені сүю – нұр тарату жүрекке, Сені сүю – қуаныштан мұң кешу!
Сені сүю – шуақ шашу жанардан, Сені сүю – жұпар жұту самалдан. Сені сүю - өз өзіңді ұмыту, Табу бәлкім өз өзіңді жоғалған.
Сені сүю – шық боп тұну күлтеде, Сені сүю – шоқ боп тұру білтеде. Сені сүю – бар байлықтан бас тартып, Суретіңді салып жату күркеде.
Сені сүю – жан алдында ақталу, Сені сүю – жындануға шақ қалу. Сені сүю – қасіреттен бақ табу, Сені сүю – азаптардан шаттану!
Сені сүю – өз өртіңнен жалындау, Сені сүю – өзге жанды сағынбау. Сені сүю – мүсініңе бас ұрып Құдыретке ешбір табынбау!
Сені сүю – періштеге айналу, Сені сүю – елестерге байлану. Сені сүю – қауызында гүлдердің, Дір-дір етіп, көбелекше ойлану!
Сені сүю – ажалымнан құтылу, Сені сүю – ажарыңнан тұтылу. Сені сүю – қанатына құстардың, Үлбіреген қауырсын боп жұтылу!
Сені сүю – мәңгілікке ұмтылу, Сені сүю – мың жығылып, мың тұру. Сені сүю – еніп кетіп кірпікке, Батып кету көздеріңе сұп-сұлу! |
Категория: Ақберен Елгезек |
Просмотров: 2608 |
Добавил: Bamxana
| Теги: Сені сүю
| Рейтинг: 4.0/6 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи. [ Регистрация | Вход ]
|