сейсенбі, 20.04.2021, 13:24

Қазақ Жастары

Пікірлер
24.12.2014
Еркін Нұржанов-Аягөз (2011)
Жазған:
Пікірі:
ереке твой музыка кл (Жауап жазу)
18.10.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
Қалқаман бауырым ама (Жауап жазу)
04.10.2014
МҰҢ
Жазған:
Пікірі:
кушты. онерин устем (Жауап жазу)
04.10.2014
Жүрексіз де көрейін өмір сүріп
Жазған:
Пікірі:
керемет туындылар. ж (Жауап жазу)
18.09.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
рахмет калкаман аа с (Жауап жазу)
21.04.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
kuwti,olen (Жауап жазу)
19.02.2014
Бақытгүл Бабаш - Бір арман емес пе ек?
Жазған:
Пікірі:
ИА қазыргы таңда акы (Жауап жазу)
19.02.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
Калкаман Сарйн акын (Жауап жазу)
26.01.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
сиздин олендеринизге (Жауап жазу)
27.12.2013
Жанабай-Аяла (жана нұсқа 2011)
Жазған:
Пікірі:
Magan ander ote unad (Жауап жазу)
Жеке бұрыш
Қош келдіңіз, Қонақ
13:24
Топ: Қонақ
Қонақ Егер тіркеле алмасан merei...90@mail.ru осы почтаға хабарлас үлкен бастық ашып береді...

Шәйхана
500
Санақ
Сайтта отырғандар: 1
қонақтар: 1
мүшелер: 0
Главная » 2010 » тамыз » 10 » Сырым ИСАБАЕВ: «ҚАТТЫ ҒАШЫҚ БОЛУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ…»
16:34
Сырым ИСАБАЕВ: «ҚАТТЫ ҒАШЫҚ БОЛУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ…»
Сырым ИСАБАЕВ: «ҚАТТЫ ҒАШЫҚ БОЛУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ…»

-Сырым, күні бүгінге дейін, сізді әнші Қайрат Нұртаспен бірге дуэтпен көрдік. Ал, енді өзіңіздің жеке шығармашылығыңызға етене ден қойған сияқтысыз. әлде, Қайрат Нұртаспен араларыңызда әлдеқандай бір біз білмейтін түсінбестік жағдайлар туындап қалды ма?


-Осы күнге дейін Қайрат екеуміз «Қос жүрек» дуэтінің жобасы бойынша жұмыс істеп келдік. Алғашқы еңбегіміздің тұсаукесері ретінде «Қос жүрек» бейнебаянын түсірдік. Дуэтпен орындалатын 16 әніміз бар. Өзім ол әндерімізді өте сәтті шықты деп ойлаймын. Ал қазір «Қос жүрек» дуэтінің жұмысын шамалы тоқтатып, әрқайсысымыз өзіміздің жеке шығармашылықтарымызбен айналысып жатырмыз.


-Қазіргі таңда сіздің шығармашылығыңызбен айналысатын продюсеріңіз кім ?


-Дәл қазіргі уақытта менің шығармашылығыммен айналысатын продюсерім жоқ. Ал Қайраттың анасы Гүлзира әпкеміз «Қос жүрек» дуэтіне продюсер деп айта аламын, ал жеке өзіме ешкім продюсер емес. Бірақ, демеушілерім бар.


-Ал ол демеушілеріңіз кімдер?


-Шымкент қаласында өзіміздің руымыздан көкелеріміз, сондай-ақ, өнеріме тәнті болып жатқан кісілер қолдарынан келген көмектерін аямауда. Бірақ, ол кісілердің есімдерін айта алмаймын.


-Продюсерсіз- жеке шығармашылығыңыз қандай даму алуда?


- Өзімнің жеке шығармашылығыма келер болсам, ән-альбомымды дайындап жатырмын. Иншаллаһ, осы күздің аяғына таман көрермен назарына ұсынып қалармын. Сонымен қатар, бейнеклиптер түсіріп жатырмын. Оның ішінде, жақында халыққа ұсынылған алғашқы еңбегім «Күзгі дауыл» атты әнге түсірілген бейнебаян.Бұл бейнебаянның сценарийін бастан-аяқ өзім жаздым. Кино саласында да өз бағымды сынап жатырмын. Астана қаласында түсіріліп жатқан комедиялық фильмнің басты рөлін сомдауға шақырылдым.


-Сырым, әңгіме барысында сценарий жаза алатыныңызды айтып қалдыңыз. Біз білмейтін тағы басқа қандай қырларыңыз бар? Болашаққа жоспарлаған армандарыңыз қандай?


-Сценарий де жазамын, өлең шығарамын. Бірақ, оның барлығы мен үшін тек хоббиім сияқты. Ал негізгі мамандығымның өнерге еш қатысы жоқ. Алматы қаласындағы Тұрар Рысқұлов атындағы қаржы-экономикалық үниверситетін «бухгалтерлік учет және аудитор» мамандығы бойынша бітіргенмін. Бірақ, бұл мамандығымның болашақта маған көп пайдасы болады деп білемін.Сол себепті де, кейінірек өнерімді бірқалыпты жолға орнықтырып алған соң, осы университеттен алған білімімді магистратурада шыңдау да ойымда бар дүние. Ал, өнер жолында дұрыстап орнығып алсам, Астана қаласынан бейнеклиптер түсіретін, әндер жаздыратын продюсерлік орталық ашсам ба деймін. Бірақ, бұл болшақтың еншісіндегі әңгіме. Ал әзірге өз жағдайымды дұрыстап көтеріп алсам ба деп ойлаймын. Себебі, мен ертең біреуге продюсер болсам, оған менің көмегім жан-жақты тиіп тұру керек. Оны қол астыңа алып алып, шығара алмай, көтере алмай жүрсең, ол дұрыс емес.


-Астанаға жиілеген сапарларыңыздың сыры осындай екен ғой..?


-Ия, дұрыс айтасыз. Астана болашағынан зор үміт күттіретін армандар қаласы болып өсіп келеді, десем, артық айтқандығым емес. Өте таза, сұлу қала. Мен өзім сәби күнімде Алматы қаласында дүниеге келіппін. Ал, балалық шағым Шымкент қаласында өтті. Ал енді, өзімнің алдағы болашағымды, өнерімді осы Астана қаласында жалғастырып, осы әсем астанамызбен бірге өнерімді де, өзімнің болашағымды да өсірсем деген ойым бар. Астана жүргенімнің сыры осындай…


-Сырым, сіз өзіңізді қаншалықты қалталы әншімін деп есептейсіз?


-Мен шынымды айтсам, осы күніме де Аллаһқа шүкіршілік етемін. Өйткені мен өнер жолын алғаш Шымкент қаласында бастадым. Ол жерде аймақтық халыққа ғана танылған болсам, кейін осы Алматыға қаласына келдім. Мұнда халыққа енді-енді ұнай бастаған сияқтымын. Осының өзіне де Аллаһқа шүкір. Жалпы, жоғары да емес, төмен де емес, өзімді орта капиталды әншімін деп есептеймін.


-Тойға жиі шығатын шығарсыз…? Жалпы тойға шығу үшін қанша ақы аласыз?


-Әрине, қазір бізде шоу-бизнес қатты дами қойған жоқ. Сондықтан да, тойға жиі барып тұрамын. Тойдың өте бір жақсы қасиеті бар Оны атап айтар болсам, сонау алыстардан концертімізге келе алмайтын алмайтын ата-әжелеріміз, өнерсүйер қауымның барлығы да бізді тойда көріп қуанып қалады. Тойға шақыратын да сол кісілер. Сондықтан да, әнші өзін шақырған тойға барып, өз өнерін халыққа паш етіп тұрса, бұл әнсүйер тыңдарман қауыммен жиі-жиі жүздесіп отырудың ең тиімді жолы деп білемін. Ал енді, тойдан алатын төлемақыны ашып айтар болсам, жасырмаймын, жолымды, тағы басқа жарататын шығындарымды қосқанда орта есеппен 1000 ақш долларын құрайды…


-Сүйіктіңіз бар ма?


-Бүгінгі таңда менің шын сүйіп жүрегіме махаббат отын жаққан қызым жоқ. Бірақ ондай сүйіктімді іздеп жүрмін. Аллаһ қаласа, күзде немесе келесі жылы көктемде үйлену жоспарда бар.


-Ал болашақ жарыңның қандай болғанын қалайсың?


-Болашақ жарымның ата-анамды қатты сыйлайтын, олардың алдынан қия кесіп өтпейтін тәрбиелі, және де өте иманды болғанын қалаймын…


-Алғашқы махаббат дегенді қалай түсінесің?


-Бүгінгі таңда асықпай пайымдап, алысқа зер салып қарап отырсам- адам баласына ең ыстық болатын сезімнің бірі- сол алғашқы махаббат екен. Мен өзімнің бала күнгі алғашқы махаббатымның өте тәтті болғанына қуанамын. Ол қызды шынында да сүйдім. Соның арқасында «Келші жаным», «Қос жүрек», «Қимаймын» атты әндерімді сол қызға арнап жаздым. Енді бұл әндерді халық қалай қабылдаса, мен де сол қызға махаббатымды соншалықты сыйлағаным. Ал бірақ, ол қыз бүгінде тұрмысқа шығып кетті.Осылайша, екеуіміз өмірдің екі бөлек жолдарын таңдаппыз…


-Өзіңнің отбасың, ата-анаң жайлы толығырақ әңгімелеп өтсең?


- Анамның есімі Роза. Мамандығы бас аспаз. Ал, әкемнің есімі Әділхан. Өзінің жеке кәсіпкерлік фирмасы бар. Сол жерде жұмыс істейді. Өзімнен үлкен ағам Нұркен үйленген, отбасылы. Інім Еркебұлан екеуінің арасында менмін. Ендігі, отбасымызға келін әкелу кезегінде мен тұрмын.


-Ақын-композиторлардан әнді орта бағада қаншаға сатып аласыз?


- Қазір әннің өзінің бағасы емес, керісінше әнді жаздыру, өңдеу, оны орындап шығу, қаражат сол жағына кетеді. Ал негізінен әндер қатты қымбат емес. Жақсы әндерді жақсы бағада алуға болады. Енді бағасына тоқталсам, орта бағада бес жүз бен мың доллардың арасы. Негізінен, мені көбінесе жақсы әндерімен қамтамасыз ететін Бауыржан Есебаев, өзінің көңілді әндерімен баурайтын Жарылқасын Дәулет, сосын қазақылыққа, сахнадағы ұстамдылыққа баулып жатқан Тоқтар Серіков ағаларымызға алғысым зор!


-Көпшілік сырт көз тыңдармандырыңыздың айтуынша, сіз көкіректеу мінезді жігіт сияқтысыз. Ал, өзіңіз мінезіңізді қалай сипаттар едіңіз?


-Мінезім бірқалыпты. Өзімді көкірекпін деп есептемеймін. Ешқашан жүрген жерімде көкірек көтерген емеспін. Сахна болсын, жоқ жай күндері болсын барлық жерде бірдей Сырыммын. Ашушаң жан емеспін. Әрдәйім бірқалыпты, сабырлы, ұстамды болуға тырысамын. Бірақ, бір көтерілсем, қатты ұрысып беретін әдетім бар. Соған көбісі ренжіп қалып жатады.


-Оның ішінде үздіксіз мазалайтындары да бар шығар?


-Иә, мазалайтындар болады. Ол көбінесе мектеп жасындағы, 9-11 сынып аралығындағы қыздар. Біз жаңа ғана алғашқы махаббат туралы айтып өттік. Сол сияқты, мені бейнеклиптен көреді, ғашық болдым деп есептейді. Ал негізінде, қатты ғашық болудың керегі жоқ деп те ойлаймын. Әрине, өнерге келіп, біреуді өзіңе ғашық қылып, оның жүрегін ауырта беру, бізге де жақсы емес. Сондықтан, ешкімнің де махаббатын оятпай, дос болып сыйласқан дұрыс.


-Сырым, ер адамның барлығы дерлік- көлікке өте құмар келеді. Ал, сіз автокөлікке қаншалықты әуессіз? Қазірге дейін қанша көлік ауыстырып үлгердіңіз?


-Иә, жас болғандығым да себеп шығар, автокөліктерге деген қызығушылығымыды жасыра алмаймын. Ал, жалпы, мен көлік жүргізуді 18 жасымнан бастадым. Биыл, міне 5 жыл уақыт болыпты. Осы уақыт аралығында өз басым 20 шақты көлік ауыстырыппын.


-Өнерде де, өмірде де жақсы араласатын достарыңыз көп шығар…?


-Достарым өте көп. Өнерде жүрген жастардың барлығымен де жақсы араласымын. Соның ішінде атап айтар болсам, Еркін Нұржанов, Қайрат Нұртас, Нұржан Халжанды жақсы сыйлас достарым деп білемін. Ал Тоқтар Серіков, Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Бесбаевтарды өзімнің өнердегі ағаларым ретінде қатты сыйлаймын. Сондай-ақ, Ардақ, Біржан, Жандос, Асқар, Бауыржан сияқты тізіп айта берсем өте көп, өмірдегі жиі араласатын достарым бар. Қай уақытта да сырыңды, жырыңды бөлісетін, әңгімесі жарасқан осындай достарымның бары мен үшін зор мақтаныш.




-Асханада қандайсыз?


-Аллаһқа шүкір, анамның арқасында тамақ жасауды білемін. Қазір қай жерде жүрсем де, тағам жасау жағынан еш қиналмаймын. Ал, атап айтар болсам, палауды өте жақсы әзірлеймін.


-«Жұлдызбен сырласу» журналына тілегіңіз?


-Сіздерге шығармашылық табыстар тілеймін! Жаңадан шығып келе жатқан, енді-енді өсіп келе жатқан өнер иелеріне сіздердің берер көмектеріңіз зор! Әрдайым жақсы жаңалықтармен бөлісе берейік!


-Әңгімеңізге көп рахмет!




Әңгімелескен: Салтанат Құмабекова


«Жұлдызбен сырласу» журналы
Категория: Сұхбаттар | Просмотров: 10412 | Добавил: Bamxana | Теги: Сырым Исабаев | Рейтинг: 2.6/13
(43.31 Kb, 468x60)
Всего комментариев: 20
0  
1 Даулет Танатаров   (31.08.2010 15:57) [Материал]
Бир-биринизбен кашан,калай жане кай жерде танысып бирге ан айтуга бел будыныздар???

0  
2 Ажар   (30.12.2010 14:00) [Материал]
Сырым аға сіздің өлең шығаратын өнеріңізді естіп,мен бір өтініш айтқым келіп отыр. Менінде сондай өнерім бар еді. Соны жарыққа шығарғым келеді. Көмектесе аласызба? Ажар. azhar.90@mail.u осы адреске хабарласыңыз

0  
3 Сабит   (15.06.2011 12:08) [Материал]
Сырым ага меним ан айтатын касиетим жане дауысым бар сизди продюсерлікпен айналысып жатыр деп естидим маган продюсер бола аласыз ба

0  
4 Сабит   (15.06.2011 12:12) [Материал]
егер макул корсениз Suan_92@bk.ru осы адерске хабарласуынызды отинем

0  
5 Зухра   (19.06.2011 14:39) [Материал]
...

0  
6 Досжан   (24.10.2011 13:55) [Материал]
жан даусыннан айналайын

0  
7 mаkpal   (08.02.2012 10:29) [Материал]
салеметсизбе СЫРЫМ АГА ОСЫЛАЙ КАРАПАЙЫМ БОЛЫП ЖУРЕ БЕРИНИЗ

0  
8 mаkpal   (08.02.2012 10:34) [Материал]
ЖАЛПЫ ӨМІРДЕ ҚАНДАЙ АДАМСЫЗ

0  
9 mаkpal   (08.02.2012 10:35) [Материал]
бакыт,байлық дегенди калай тусинесиз

0  
10 mongol   (10.03.2012 16:00) [Материал]
ayauli syrym men seni alp kashu kinosnan korgeli sagan gashkpn
seni bar juregmmen unatam
tfu tfu tl kozm taska

0  
11 азамат   (27.03.2012 12:59) [Материал]
дауысын оте керемет

0  
12 Сезім   (03.04.2012 08:55) [Материал]
Сізге Аллах жар болсын.........

0  
13 Janimai   (14.04.2012 19:32) [Материал]
Сырым ага сиздин даусыныз керемет соз жок менде сиздин барлык андериниз бар осы омирде коптеген жетистиктерге жете бериниз сизге бир АЛЛАнын ози жар болсын

0  
14 fari   (09.05.2012 07:24) [Материал]
сырым ага Темиртауга кашан келесіз???

0  
15 Жанар   (05.06.2012 12:42) [Материал]
Салем Сырым.Калайсыз?Жагдайыныз калай, денсаулык ше? Сиздин даусыныз оте жаксы.Анди керемет айтасыз.Концертинизге баргым кеп жур.Шымкентке кашан келесиз?

0  
16 Umit   (25.06.2012 16:10) [Материал]
Сырым калайсыз?Сиздин андериниз де озинизде маган катты унайды.Сизге Алла жар болсын!!!

0  
17 жаннур   (30.06.2012 22:59) [Материал]
сырым оте катты унайсын тек кайратпен ан айтпашы ол жаман гойййййййййй

0  
18 Сейтказы Ажар   (19.07.2012 11:44) [Материал]
Сырым ага мен сиздин ауендеринизди коп тындаймын. биз отбасымызбен сизди аркашан колдаймыз!

0  
19 Карина   (27.07.2012 23:22) [Материал]
Сырым,тек алга карай умтылып,онердiн биiк шынынан корiн,жаным. Омiрде бакытты болганынды шын журектен тiлеймiн. Сенiн дауысын оте керемет... Жан тербетер андерiн ушiн улкен рахмет!

0  
20 Райгуль   (08.08.2012 14:07) [Материал]
Сырым менің ең сүйікті тыңдайтын әншілерімнің бірі.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]