сәрсенбі, 21.04.2021, 22:31

Қазақ Жастары

Пікірлер
24.12.2014
Еркін Нұржанов-Аягөз (2011)
Жазған:
Пікірі:
ереке твой музыка кл (Жауап жазу)
18.10.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
Қалқаман бауырым ама (Жауап жазу)
04.10.2014
МҰҢ
Жазған:
Пікірі:
кушты. онерин устем (Жауап жазу)
04.10.2014
Жүрексіз де көрейін өмір сүріп
Жазған:
Пікірі:
керемет туындылар. ж (Жауап жазу)
18.09.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
рахмет калкаман аа с (Жауап жазу)
21.04.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
kuwti,olen (Жауап жазу)
19.02.2014
Бақытгүл Бабаш - Бір арман емес пе ек?
Жазған:
Пікірі:
ИА қазыргы таңда акы (Жауап жазу)
19.02.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
Калкаман Сарйн акын (Жауап жазу)
26.01.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
сиздин олендеринизге (Жауап жазу)
27.12.2013
Жанабай-Аяла (жана нұсқа 2011)
Жазған:
Пікірі:
Magan ander ote unad (Жауап жазу)
Жеке бұрыш
Қош келдіңіз, Қонақ
22:31
Топ: Қонақ
Қонақ Егер тіркеле алмасан merei...90@mail.ru осы почтаға хабарлас үлкен бастық ашып береді...

Шәйхана
500
Санақ
Сайтта отырғандар: 2
қонақтар: 2
мүшелер: 0
Главная » 2010 » тамыз » 11 » Жүсіп АҚШОРАЕВ: Заман түзелсе, жаман да түзелер еді
13:40
Жүсіп АҚШОРАЕВ: Заман түзелсе, жаман да түзелер еді
Жүсіп АҚШОРАЕВ: Заман түзелсе, жаман да түзелер еді


-Жүсіп аға, қай елдің топырағында дүниеге келдіңіз?


- Мен, 1960 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Киров ауданында өмірге келгенмін. Төрт жасымда отбасымызбен сол Оңтүстіктегі Отырар ауданы, Шәуілдір совхозы, Көксарай елді-мекеніне көшіп келдік. Сол жердің топырағында аунап өстім. Сырдарияның арғы бетіндегі Қызылқұм жағасында 1977 жылы орта мектепті тәмамдап, 1978 жылы Жетісай қаласындағы Мәдени-ағарту техникумының режиссура бөліміне оқуға түстім. Оқуды бітірген соң, 1981-82 жылдары Жетісай қаласындағы Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай Қазақ музыкалық драма театрында екі жылдай актер болып еңбек еттім. Одан кейін ауылыма барып, ондағы орта мектепте жасөспірімдер клубының директоры болып қызмет атқардым. Арада біраз уақыт өткен соң, Шәуілдір совхозының Көксарай ауылында клуб меңгерушісі және аудан орталығында автоклуб меңгерушісі болып қызмет атқардым. Мен осы жерде жұмыс істеп жүргенімде, Уәлибек Әбдірайымов аудан орталығының мәдениет үйінде директорлық қызмет атқарып жүрді. Сол кездері екеуіміз бірлесіп, Отырар ауданының «Тамашасында» 4-5 жылдай өнер көрсетіп жүрдік. Гастрольмен, облысқа қарасты бірнеше аудан орталықтарында концерттерімізді қойдық. Ал біздің қойылымдарымызға, халық көптеп жинала бастады. Арасында, әр жыл сайын өткізілетін облыстық әзіл-сықақшылар байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болдық. Осылайша, біз біртіндеп облыс өңіріне кеңінен таныла бастадық. Ал,1993 жылы Алматы қаласындағы Қазақстан телеарнасының ішінен «Тамаша теледидар театры» атты жаңа театр ашылды. Бұл «Тамаша» ойын-сауық отауынан мүлде бөлек театр еді. Сол «Тамаша теледидар театрына» бізді белгілі сатирик, жазушы Мұхтар Шерім деген азамат алып келді. Мұнда, біз Мұхтар Шерімнің бірнеше қойылымдарын орындадық. Бұл қойылымдар эфирден көрсетіліп, көпшіліктің көңілінен шықты.Сонымен, сол театрдың әртісі болуға келісім-шартқа отырдық. Сөйтіп, ең алғаш рет, көрермені көп үлкен сахнаға шығуымызға бізге өз септігін тигізген Мұхтар Шерім ағамызға әлі күнге дейін алғысымыз шексіз. Осылайша, ауылда жүріп, аудан емес, облыс емес, Алматыдан бір-ақ шыққанымызға төбеміз көкке жеткендей болып: «Бұл қайдан келген бақ?»- деп, қатты қуандық! Бұл театрда қызмет ету үшін, ауылдан қатынап өнер көрсететін болдық. Кейіннен, бұл театр жабылып қалды. Ал, біздің тарапымызға білдірген көпшіліктің ыстық ықылас-лебіздерін естіген соң, «Біз театр ашсақ, қалай болар екен?»- деген ойға келдік. Ойлана келе, Шымкент қаласындағы «Қазақстан-Шымкент» телеарнасынан 1995 жылы «Шаншар» атты әзіл-сықақ театрын аштық. Мінекей, содан бері, он бес жылдай уақыт өтті. Ал біз, осы жылдар ішінде «Шаншардың» ыстығы мен суығына төзіп, жақсысы мен жаманына көніп ақырындап келе жатырмыз.


-«Шаншар» театрында әзілді көбінесе, кім жазады?


- Әзілді көбінесе, театрдың директоры Уәлибек Әбдірайымовтың өзі жазады. Ал, бұрындары әзілді Оспанхан Әубәкіров ағамыздан алатынбыз. Арасында, Көпен Әмірбек, Мұхтар Шерім сынды сықақшылардың, сол сияқты облыс көлемінде әзіл жазып жүрген басқа да азаматтардың шығармаларын алып тұрамыз. Бірақ, біз бұл алған әзілдердің негізгі айтар ойы мен идеясын аламыз да, жұртқа қызықты болу үшін, оны өзіміздің тілімізге, ойымызға байланыстырып өзгертіп, өңдеп сахнаға шығарамыз. Сондықтан шығарма бізге алғаш ұсынылған кезде бір басқа, ал өңдеуден өткеннен кейін оның сахнада оқылуы бір бөлек болып шығады. Ал енді, актер көрерменмен бетпе-бет келіп, жаңағы әзілді сахнада ойнау барысында мүлдем көп нәрсе өзгеріп кетеді.


-Өзіңіздің жаныңызға қандай рөл жақын?


-Өзіме барлық рөл жақын. Қолымнан келсе, барлық рөлді сомдай беруге тырысамын. Актер деген самолетті де, мәшинені де айдай білуі керек. Сахнада ұшқыш та бола білу керек. Қысқасы, актер деген барлық рөлді ойнай білуі қажет. Рөлдің жақсы-жаманы жоқ, ең бастысы актердың біліктілігі мықты болуы керек. Себебі ол- өз образын шебер сомдап шығуы керек.


-Отбасыңыз жайлы айта кетсеңіз..?


- Өмірлік серігімнің есімі-Қарлығаш, ол кісі отбасы -ошақ қасында. Аллаһқа шүкір, Асылжан, Ақан, Әлихан есімді үш ұлымыз және Айжан атты қызымыз бар. Екі үлкен ұлым жоғары оқу орнында білім алып жатыр. Ал Айжанмен ең кенже ұлымыз Әлихан мектеп қабырғасында оқиды.


-Балаларыңыздың ішінде сіздің жолыңызды қуып, өнер саласын таңдағандары бар ма?


-Бүгінгі таңда, ең үлкен ұлым Асылжан архитектура мамандығы бойынша жоғарғы білім алып жүр. Ал, Ақаным Шымкент қаласындағы саз колледжінің қылқобыз бөлімінде білімін жетілдіруде. Бұл екі ұлым - тікелей менің жолымды, актерлығымды таңдамаса да, мен олардың екеуін де өнер саласының адамдары деп есептеймін. Себебі, екеуінің де қалаған мамандықтарының өнерге тікелей қатысы бар деп білемін.


-Сіздің ойыңызша отбасының негізгі ұйтқысы кім?


-«Еркек үйдің егесі, әйел үйдің шегесі»-демекші, отбасындағы ер адамның тапқан табысын әйелдің ұқсатып жаратқаны дұрыс. Отбасының ұйтқысы тек қана еркек не болмаса, тек қана әйел деп кесіп айтуға болмайды. Себебі, бірін-бірі қалап, отбасын құрғаннан кейін, еркек те, әйел де отбасының ұйтқысы, берекесі болуға міндетті - деп түсінемін.


-Жүсіп аға, көпшілік көрермен қауым сізді сахнадан күліп жүргеніңізді ғана көреді. Ал өзіңіз өмірде қандай адам, отбасында қандай отағасысыз?


-Өмірде көп әңгіме айта алмаймын. Ал бірақ, отбасында мен өзімді жақсы отағасымын деп есептеймін. Әйелімнен сұрасаңыздар да мені мақтайды, мен де әйелімді мақтаймын. Өйткені, қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырда адам бірін-бірі мақтап, бірін-бірі жақсы көріп, бірін-бірі сыйлап, түсінісіп, бірін-бірі қадірлеп құрметтей білуі керек деп ойлаймын. Әйеліңе, басқа адамдарға болсын, ешқашан бір-біріне қас болмау керек, керісінше, бір-біріне адал дос, жолдас, бауыр бола білу қажет. Аллаһ Тағала мынау жарық дүниедегі әр адамның орнын ерекше етіп жаратқан. Адам - адамға қонақ болатын болса, ал адам осынау өмірге келген қонақ. Мысалы, мен өмірде бір көрген адамымды мәңгі бақи көрмей кетуім мүмкін! Тіпті бір көрген адамымды көп болса, он рет немесе, жиырма рет қана көруім мүмкін ғой! Сондықтан да, өмірде, тіршілкте бір-бірімізді сыйлап жүргенге не жетсін?!


-Өзіңіздің ішкі ой-түкпіріңізде жатқан, сізді мазалайтын қандай да бір қоғамдық мәселе бар ма?


-Әркімді әр түрлі мәселе мазалайды ғой. Қоғам өмірінде бізге қазір не жетпейді? Қазір бізге ақша жетпейді. Бізге жеткен ақша қарапайым халыққа жетпейді. Мысалы, еліміздегі қарапайым халықтың орташа бір айлығы елу мың теңгені құрайды. Осы елу мың теңге ақшаны мен бір отбасына бір айға жететін сома деп ойламаймын. Қарап тұрсақ, біздің дәрігерлердің, театр актерлерінің, жалпы бюджет саласында қызмет атқаратын халықтың айлықлық жалақылары өте аз. Мұғалімнің де айлығы аз. Үйін жылытатын көмірі болмай, бала-шағасына ақша жетпей жатса, ол мұғалім мектепте балаларға қалайша рахаттанып сабақ өткізсін? Үйінде жағдайы болмағасын ол мұғалім сабақ үстінде де үйінің жағдайын ойлап отырады. Жүйкесі тозып отырады. Сонда ол балаға қалай білім үйретеді? «Ораза-намаз тоқтықта»-дегендей, алған айлығы шайлығына жетпей жатса, одан не білім күтуге болады? Мысалы, орта есеппен алсақ, еден жуушылардың алатын айлығы он алты мың теңге дейік. Ал енді осыны бір айға есептеп көрелік. Мысалы, он алты мың теңгенің он мыңы 30 күндік жолақыңа жете ме? Жетпейді. Бір айлық тамаққа жете ме? Жетпейді. Сонда есептей беріңіз айналдырған он алты мың айлық неменеге жетеді? Адам тұмауратқанда дәрі алмай ма? Оның үйіне қонақ келмей ме? Ол бала-шағасын киіндірмей ме? Баласын оқуға оқытпай ма? Ал соның бәріне сол он алты мың теңге жете ме? Сонда біздің еліміздің Үкімет басындағылар айлықты бөлгенде қалай есептеп бөлетіндерін мен түсінбеймін. Осы он алты мың теңге «бір айға жетеді» деп бөліп берді ме? Ал олардың өздері бір айға қанша жалақы алады екен? Өздері де ай сайынғы айлыққа осы он алты мың теңге ақша ала ма? Жо-оқ! Олар жүз мың теңгені бір-ақ күнде жарата салады. «Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды»-демекші, өзінің қарны тоқ, жағдайы жақсы адам- жағдайы жоқ адамды да оның жағдайы өте жақсы деп ойлайды! Себебі, олар: «Өзімізге жетіп жүр ғой, сол сияқты бәріне де жетеді» -деп есептейді. Қарапайым халықтың қарымы ауыр қара жұмысы үшін, он алты мың теңге айлық бөліп отырып, олардың бәрі ақшаны өздері сияқты жүз мыңдап жаратады деп ойлайтын шығар? Мінекей, осы мәселе мені қатты мазалайды. Заман түзелсе, жаман да түзелер еді. Барлық адамдардың ақшасы жетіп, өзімен-өзі жақсы өмір сүретін болса, бізде мәдениет те, білім де өзінен-өзі жақсаратын еді. Ал Үкімет: «Ақшаны көбейтеміз-көбейтеміз»- дейді. Бірақ, оны көбейткенмен, ел ішіндегі нарық қымбаттап сала береді. Сосын, титықтатып көбейткен аз-маз ақша тағы да ештеңеге жетпейді! Сондай-ақ, менің түсінбейтінім- біздің Үкімет бір тауықты ұрлаған адамды соттайды, ал елімізді миллиардтап, миллиондап жеп жатқандар елден қашып кетіп, бос жүреді. Өте күлкілі жағдай емес пе?! Ал менің тілегім- жоғары жақта, ел басшылығында отырған әрбір адам өзінің туған жерін ойлап, еліне-халқына шын жүректен жанашыр болса екен деймін. Аллаһ Тағала халқымызға зор денсаулық беріп, қарапайым адамдардың ақшасы көп болса екен деймін!


-«Жұлдызбен сырласу» журналына тілегіңіз қандай?


-Журнал ұжымына шығармашылық мол табыстар, жақсылық, бақыт тілеймін! Журналдарыңыз жылдан-жылға жаңарып, есейіп, үлкен-үлкен қуанышты дүниелер жаза берулеріңізге тілектеспін!


- Жүсіп аға, әрқашанда аман-есен, бақытты, бақуатты азамат болып жүре беріңіз!Өнеріңіз бүгінгі асқақ биігінен ешқашан құлдырамасын!




Әңгімелескен: Құлпынай Ниязбекова


«Жұлдызбен сырласу» журналын
Просмотров: 1595 | Добавил: Bamxana | Теги: Жүсіп АҚШОРАЕВ | Рейтинг: 0.0/0
(43.31 Kb, 468x60)
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]