жексенбі, 18.04.2021, 08:33

Қазақ Жастары

Пікірлер
24.12.2014
Еркін Нұржанов-Аягөз (2011)
Жазған:
Пікірі:
ереке твой музыка кл (Жауап жазу)
18.10.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
Қалқаман бауырым ама (Жауап жазу)
04.10.2014
МҰҢ
Жазған:
Пікірі:
кушты. онерин устем (Жауап жазу)
04.10.2014
Жүрексіз де көрейін өмір сүріп
Жазған:
Пікірі:
керемет туындылар. ж (Жауап жазу)
18.09.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
рахмет калкаман аа с (Жауап жазу)
21.04.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
kuwti,olen (Жауап жазу)
19.02.2014
Бақытгүл Бабаш - Бір арман емес пе ек?
Жазған:
Пікірі:
ИА қазыргы таңда акы (Жауап жазу)
19.02.2014
САҒЫНЫШ
Жазған:
Пікірі:
Калкаман Сарйн акын (Жауап жазу)
26.01.2014
ЖАЗ ЖАМАЛЫ
Жазған:
Пікірі:
сиздин олендеринизге (Жауап жазу)
27.12.2013
Жанабай-Аяла (жана нұсқа 2011)
Жазған:
Пікірі:
Magan ander ote unad (Жауап жазу)
Жеке бұрыш
Қош келдіңіз, Қонақ
08:33
Топ: Қонақ
Қонақ Егер тіркеле алмасан merei...90@mail.ru осы почтаға хабарлас үлкен бастық ашып береді...

Шәйхана
500
Санақ
Сайтта отырғандар: 1
қонақтар: 1
мүшелер: 0
Главная » 2010 » тамыз » 10 » Жас актер, Әнуар НҰРПЕЙІСОВ: «Қазақстанның атын әлемге танытқым
16:26
Жас актер, Әнуар НҰРПЕЙІСОВ: «Қазақстанның атын әлемге танытқым

Жас актер, Әнуар НҰРПЕЙІСОВ: «Қазақстанның атын әлемге танытқым



Жүрегім осыны қалайды…»




-Әнуар, сіздің «Екі жұлдыз» жобасындағы өнеріңізді тамашалап, әжептеуір әншілік дауысыңыздың бар екеніне тәнті болып жатырмыз. Соған қарағанда, өнерге біржолата келмек ойыңыз бар ғой деймін..?


-Сұрағыңызға рахмет! Негізінде, өзім бұрыннан ән айтатынмын. Әрине, үлкен сахнаға шықпасам да, қазақтың қара домбырасын, гитара, фортепьяно сияқты аспаптарда шебер ойнай аламын. Бірақ, арнайы өнер мектебін оқыған емеспін. Өйткені, менің негізгі мамандығым - инженер - жобалаушы. Дегенмен, университ қабырғасында жүріп университеттің «Көңілді тапқырлар клубы» командасының капитаны болғанмын. Соның арқасында Мәскеу, Петербург, Минск, Сочидегі өнерлі жігіттермен танысып, әлі күнге дейін хат-хабар алмасып тұрамыз. Ал енді, «Екі жұлдыз» жобасына қатысуға ұсыныс түскен кезде, мен өзімнің ән айта алатын қабілетіме сенім арттым. Жобаның бірінші түсірілімінен кейін-ақ, көшеден көрген көрермен халық «Жақсы айттыңыз, сізге дауыс бердік»-деп айтып жатыр. Соған қарағанда, Аллаһқа шүкір, әнді жаман айтпаған шығармын. Халықтың көңілінен шығып жатқан сияқтымыз.



- Әділ-қазылардың бағалауына көңіліңіз толды ма?


-Жоқ, жобадағы бағалауға өз көңілім толмады. Әділ-қазылардың бізді төмен бағалағанына ренжіп қалдым. Өйткені, Диана екеуіміз ең үздік жұптардың бірі болдық. Бірақ, Аллаһ бұйыртса, барлығы әлі алда ғой. Алдағы уақытта, талай үздік нөмірлер көрсетеміз деген ойдамын.


-Жобадағы жұбыңыздың орыстілді әнші болғанына қалай қарадыңыз?


-Жобадағы жұбым - Диана Шарапова. Диананың дауысын өздеріңіз де естіген боларсыздар, өте кәсіби деңгейдегі әнші. Мінезі де өте жайлы. Екеуіміз бір-бірімізді түсінісіп, ортақ тіл табысып, шығармашылық жұмыс дайындап жатырмыз. Жұбымның Диана болғанына өте қатты қуаныштымын.


-Оқырмандарымызды өзіңіздің қысқаша өмірбаяныңызбен таныстырып өтсек?


- Жалпы айтар болсам, мен өзімді текті, мәдениетті отбасынан шыққанмын деп есептеймін. Және мұны мақтан тұтамын. Сонау, кеңес үкіметі кезінде, менің атам - Қабыкеш Жарылқасынұлы Қарағанды облысының бас дәрігері болған кісі. Ал нағашы атам Ізбасар Балтағұлов сол кездері Алматы қалалық комитетінде екінші хатшы, ал идеология жағынан бірінші хатшысы болған. Ол кісінің қазақ мәдениетіне қосқан үлкен үлесі сол - қазақтың ұлттық ежелгі дәстүрлі айтыс өнерін қайта жандандырған кісі болған. Сол уақытта ел билеген Дінмұхаммед Қонаевтың батасын алып, тіпті Мәскеуге дейін барған жайы бар. Аталарымды үнемі мақтанышпен еске аламын. Осы аталарым туралы, кейін бір естелік кітап жазсам деген де ойым бар. Ал енді, ата-анам туралы айтар болсам, әкемнің есімі - Нұрлан Қабыкешұлы, Қарағанды қаласындағы техникалық университетінде ұстаз болған кісі, қазіргі таңда жеке кәсіпкер. Өзінің өлең жазып, ән айтатын қасиеті де бар. Ал анам - Алма Сейділдақызы, өнерге өте жақын жан. Кезінде мың бұралған биші болған. Өзіме келсем, мен 1985 жылдың 11 наурызында Алматы қаласында дүниеге келгенмін. Бірақ, мен екі жасқа келген кезде, ата-анамның қызмет бабына байланысты отбасымыз Қарағанды қаласына көшкен екен. Орта білімді - Қарағанды қаласындағы дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебінде оқыдым. Одан кейін, Алматы қаласындағы Қазақ - Британ Техникалық университетіне оқуға түсіп, былтыр қолыма дипломымды алдым. Мамандығым басқа салада болса да, өзімді өнерге өте жақын сезінемін. Өнердің киелі қасиеті маған ата-бабаларымнан, нағашыларымнан қонған шығар деп ойлаймын. Өйткені, туған-туыстарымның барлығы дерлік, өнерге қатты жақын кісілер.


-Алдағы уақытта, өз мамандығыңыз бойынша қызметке тұру ойыңызда бар ма?


-. Мамандықтың әйтеуір бір қажеттілігі болады ғой. Бірақ қазір, мамандығым бойынша қызмет атқаратын болсам, өзімнің өнерге деген қызығушылық қасиетімді жоғалтып аламын ба деп қорқамын. Сондықтан, өнер саласын таңдайтын шығармын


-Ең алғаш рет, қалың қауымға «Ағайынды» фильміндегі сәтті шыққан рөліңіз арқылы жақсы танылдыңыз. Жалпы, фильм сізге не берді?


- Ең әуелі, халықтың назары бізге аударылды. Дүкенде, далада жүргенде ыстық лебіздерін білдіріп, пікірлерін айтып, бірге суретке түсіп, рахметін айтып жатады. Яғни, «Ағайынды» фильмі - кино саласындағы менің алғашқы дебютім болса да, маған кең танымалдылық әкелді. Кино алаңы маған үлкен тәжірибе берді. Тәрбиелік жағынан рухани өстім, рухани байлық алдым. Өзім сомдаған Бақыттың рөлі де өзіме сондай қатты ұнады. Оның бойындағы жақсы қасиеттерді өз бойыма сіңіре білдім. Әрине, бұл үшін алдымен халыққа, екіншіден аталмыш киноның режиссері Ақан Сатаев ағама үлкен алғысымды білдіремін. Өйткені, «Ағайынды» фильмі - көпшілік қауымның да көңілінен орын алды. Тіпті, шет елдердегі достарым, соның ішінде Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі, АҚШ, Англиядағы достарым қоңырау шалып, «Жарайсың, «Ағайынды» фильміне жақсы түсіпсің, фильмнің өзі керемет екен, қуаныштымыз, біз сендерді мақтан етеміз» - деп хабарласып, өздерінің ыстық лебіздерін , пікірлерін білдіріп жатыр. Осы арада, «олар киноны қайдан көрді» деген заңды сұрақ туындайды ғой. Мен мұны сұрадым. Сөйтсем, Араб Әмірліктерінде тұратын бүкіл қазақ жиналып, ондағы үлкен кинотеатрды жалға алып, бүкіл қазақ бірігіп, алты сағат бойы киноны тамашалаған екен. Ал басқа елдегі қандастарымыз фильмнің дискісін алып, барлығы бір үйге жиналып, киноны бастан-аяқ көріп шығып, бізге разы болыпты!


-Кейіпкеріңіз Бақыттың рөлі сіздің оң жамбасыңызға дөп түскен рөл болды. Онымен ішкі үндестіктеріңіз де бар сияқты?


-Дұрыс айтасыз, кинодағы Бақыт пен мен бір-бірімізге қатты ұқсаймыз. Мысалы, мен де шындықты ұнатамын, еңбек еткенді жақсы көремін. Отанымды, ата-анамды сүйемін. Ал енді Бақыт екеуіміздің айырмашылығымыз - мен Бақыт сияқты ауылда қалып қойғым келмейді. Мен қала өміріне араласып, Қазақстанның атын әлемге танытқым келеді. Қазақстанның түкпір-түкпірін, ауылдарды, кішкентай қалашықтарды, аудандардың хал-ахуалын көтеру, қазақ елінің мәдениетін, рухани деңгейін көтерсем деген үлкен мақсатымды жүзеге асырғым келеді. Жүрегім осыны қалайды.


-«Ағайынды» фильмінен кейін, басқа киноларға түсуге шақыртулар түсті ме?


-Иә, ұсыныстар болды. «Ағайынды» фильмінен соң, «Сказка о розовым зайце» фильмінде Ерлан атты басты кейіпкерді сомдаймын. Аллаһ бұйыртса, мамыр айында фильмнің тұсаукесері болады. Одан кейін, «Атажұрт» атты үшінші кинокартинаға түстім.


-Кинодағы ағайындарыңыздың рөлін сомдаған актерлермен шынайы өмірде де араласып тұрасыздар ма?


-Фильмдегі ағаларымның рөлін сомдаған әріптестерім Берік пен Нұрлан үшеуіміздің арамызда бауырмалдық сезім қалыптасып қалды. Сол себепті, шынайы өмірде де біз өте жақсы араласып тұрамыз. Өйткені, аталмыш кино бізді қатты біріктірді. Ал кино түсірілімі кезінде Берік пен Нұрланның өз рөлдеріне шынайы беріліп ойнаған актерлық шеберліктері соншалықты, мен шын мәнісінде өзімнің екі үлкен ағаларым бар деп сеніп, оларға қатты бауыр басып қалдым. Олардан үлкен өнер сабағын алдым. Әсіресе, актер Айдос Бектеміровтің (Бақыттың әкесінің рөлін сомдаған актер ред.) өзімен сөйлесудің өзі бір ғанибет.


-Ал,Салтанаттың рөлін сомдаған Әлияны сіз шынында да жақсы көріп қалған сияқтысыз ғой?


-Әлиямен жақсы араласамыз. Телефонмен хабарласып, смс-хаттар жазысып тұрамыз. Әлия -кинода нағыз қазақ әйелінің рөлін сомдап, қазақ келініне тән іс-қимылы арқылы халықтың көңілінен шықты. Өмірде де атына заты сай, ажарлы қыз. Ал енді, жүректегі сезімге байланысты ойымды ашық айтар болсам, мен үшін Әлия қалыңдыққа ең жақсы үміткерлердің бірі (күліп).


-Отбасын құру ойыңызда жоқ па?


-Үйлену жайлы ойлау маған әлі ертерек. Себебі, ер жігіт ең алдымен, жанұясын асырай алатын дәрежеге жету керек. Сосын, барып отбасын құру жайлы ойлану керек шығар деп ойлаймын.


-Сізді ғаламтордан қалай табуға болады?


-Менің өзімнің жеке әлемім бар. «Менің әлемімнен» «Әнуар Нұрпейісов» деп іздеу салса, таба алады.


-Әңгімеңізге көп рахмет!


Айнұр ҚАНАТБЕКҚЫЗЫ


«Жұлдызбен сырласу» журналынан

Категория: Сұхбаттар | Просмотров: 1879 | Добавил: Bamxana | Теги: Әнуар НҰРПЕЙІСОВ | Рейтинг: 4.5/2
(43.31 Kb, 468x60)
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]